Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Бөлшектерді біріктіру. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№4 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Бөлшектерді біріктіру

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

 8.2.5.3 өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау;8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

  Сабақ мақсаттары

Интерьерге арналған сәндік бұйымдардың бөлшектерін біріктіру. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Жетістік критерийлері

- Біріктіру тәсілін таңдайды;

- сәндік бұйым бөлшектерін біріктіреді;

- өз жұмысын жетілдіруге тәсіл ұсынады;

- басқалардың жұмысын жақсарту бойынша тәсіл ұсынады;

- бұйым жасау үшін материалдар мен құралдарды қолданады;

- қауіпсіздік техникасын сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Сәндік бұйым бөлшектерін біріктіру тәсілдерін түсіндіреді, жұмысты жетілдіру бойынша ұсынысын дәлелдейді.

Пәнге тән лексика және терминология:

Желіммен біріктіру, жіппен біріктіру, термоерігіш желім, степлер, негіз, скотч, желімдік өрмек, қыстыру арқылы біріктіру, қауіпсіздік техникасы ережелері.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Бөлшектерді біріктіру үшін ... қолданылды.

Қолдану барысында ... келесі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Біріктірудің мұндай тәсілі ... ерекшеленеді.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, құрметтеу, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыстар

-

Бастапқы білім

 

Интерьердің сәндік элементтерін жасауға арналған материалдар, жасау техникасы, интерьер стильдері.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы 1 минут

1-2 минут

4-3 минут

 Ұйымдастыру кезеңі:

 Сәлемдесу, назар аударту.

 

  Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Тірек білімдерін белсенділендіру

Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Бұйым бөлшегі/элементі қандай тәсілдермен біріктіріледі?
  • Біріктіру тәсілін таңдау неге байланысты?
  • Бөлшектерді біріктірудің қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

Сабақтың ортасы

10 минут

5-7 минут

14-12 минут

Интерьердегі сәндік бұйым бөлшектерін біріктіру тәсілдерін көрсету

 Оқушыларға біріктіру немесе құрастырудың бұйым дайындаудағы жауапты кезең екендігін түсіндіріңіз. Олармен бірге жіппен, желіммен т.б. тәсілдермен біріктірудің ерекшеліктерін қарастырыңыз.

 Презентация/суреттерді көрсете отырып, оқушылармен бірге қауіпсіз жұмыс жасау үшін, қауіпсіздік техникасы ережелерінің қандай аспектілеріне назар аудару керектігін талқылаңыз. Оқушылармен бірге өз бұйымының бөлшектерін біріктірудің әртүрлі нұқсаларын талқылаңыз.

 

Тәжірибелік жұмыс. Бөлшектерді біріктіру тәсілдерінің сипаттамасы.

Біріктіру тәсілдері бойынша оқушыларға топтарға бірігуді, жұмыс дәптеріне бөлшектерді біріктіру тәсілдерін және сонымен бірге қолданылатын материалдар мен құралдарды жазуды ұсыныңыз. Сапалы көрсеткішке жетуді, ақаудың болмауын қарастырыңыз. Мысалы, бөлшектерді желіммен біріктіру кезінде артық желім бұйымның сыртқы көрінісін бұзуы, ал желімнің жеткіліксіз болуы бөлшектерді біріктірудің сапасыз болуына, бөлшектердің істен шығуына әкелуі мүмкін.

 

Тәжірибелік жұмыс. Бөлшектерді біріктіру.

 Оқушылар жұмыс орнын дайындайды, онда материалдар мен бұйым бөлшектерін орналастырады.

 Желіммен біріктіруді орындау үшін, желімдеуге арналған бетті дайындап, шаң мен кірден тазартады. Бетке желімді жаққан соң жақсы жабысу үшін бөлшектерді бірнеше минут басып тұрады.

Алдын ала жоспарланған кезеңдерге сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сәндік бұйым бөлшектері мен элементтерін біріктіруді орындайды.

 Мұғалім жұмыс орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, бөлшектерді біріктіру тәсілі мен сапасын тексеру үшін мақсатты аралау, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізеді. Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

Тапсырма дескрипторлары:

  • бөлшектер немесе бұйым элементтері таңдалған тәсіл бойынша біріктірілген;
  • біріктіруінде кемшіліктер жоқ;
  • қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

Бөлшектерді/элементтерді біріктіру тәсілдерінің презентация/суреттері

Жұмыс дәптері және альбомдар.

Интерьердегі сәндік бұйымдарды жасауға арналған материалдар мен құралдар

Сабақтың соңы

3 минут

2 минут

Жұмысты талқылау

Оқушылар дайындалған жұмыстарын қарастырады, жұмысты жетілдіру тәсілдерін ұсынады.

 

 Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

 Оқушыларға сабақтағы жұмысқа өз көзқарасын білдіріп, баспалдаққа белгі қоюды тапсырыңыз.

 

Үйренудемін!, Жасаймын!, Жетілудемін!, Қалаймын!, Жасай аламын!

 

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау шығармашылық жұмысқа материал таңдау кезінде көрінеді.

Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Кабинетте жалпы ережені сақтау. Кесетін-тесетін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу