Жұмыс таныстырылымы (презентация). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


2 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жұмыс таныстырылымы (презентация)

Оқу мақсаты:

8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

Сабақ мақсаты:

Оқушылар көрмеге арналған өз жұмыстарын дайындауға алдын-ала дайындық жасайды. Өз жұмысын көрсетіп, оның жасалу кезеңдеріне тоқталады. Өзінің және сыныптастарының жобалық бұйымының шығармашылық идеясын талдап, түсініктеме береді.

  • Ұйымдастыру кезеңі:

Бұл екінші тоқсанның сегізінші сабағы. Мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне бейімдеуі және оқу үдерісіне ынталандыру үшін жағдай жасауы қажет. Бұл үшін «Көлеңке» ойынын қолдануға болады.

«Көлеңке» ойыны

Бұл үшін мұғалім алдын ала әр оқушыға таза ақ А4 форматтағы парақ дайындайды. Ойын тәртібі: берілген қағазды умаждап, қарама қарсы қабырғаға оның көлеңкесі түсетіндей етіп, табиғи немесе жасанды жарық көзіне қарсы орналастырады. Оқушылар бұл көлеңке сұлабасының неге ұқсайтынын сипаттауы қажет. Оқушылар бірдей қағаз парағынан жасалған көлеңке фигурасын сипаттайды. Өзінің умаждалған парағынан көлеңкені кім қызықты етіп көрсетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Ойын нәтижесі жемісті болуы үшін мұғалім алдын ала, сабақ басталмас бұрын табиғи және жасанды қандай дерек көздерінің барын ойлануы қажет.

Қорытындылау кезінде мұғалім оқушылардың барлығында қағаздың бірдей болғанын, ал көлеңке сұлбасының барлығында бірдей емес, әрқайсысында өзіндік ерекшелігі болғанын атап көрсетуі қажет. Келесі таныстырылымда да берілетін уақыт, жұмыс барысы, құрал-жабдықтар, материал бәрінде бірдей болады, ал жұмыс әр оқушының ерекшелігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бұл екінші тоқсанның қорытынды сабағы болғандықтан, оқушылар еш қиындықсыз сабақ тақырыбы мен мақсатын айта алады. Бұл ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.

  • Шығармашылық жұмыс.

Бұл тапсырма оқушыларды керекті ақпаратты іздеуге бағыттайды. Оқушылар бұрынғы құрамдағы топта жұмыс істеуіне болады. Мұғалім алдын ала әр топқа флипчарт немесе үлкен қағаз парағын дайындайды. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыс таныстырылымын ұйымдастыру бойынша өз идеяларымен бөліседі, ойланады. Оған қандай ақпараттық дереккөздерді қолдануға болатынын талқылайды: мысалы, онлайн платформа немесе әлеуметтік желі (1 қосымша). Жұмыс барысында оқушылар ақпаратты іздеу түріне байланысты өзге топтармен немесе жұптасып бірігуіне болады (бірнеше рет). Немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай, зерттеу материалдарын көрші топтарға бере алады. Жұмыс жасау барысында мұғалім кабинет ішін аралап, оқушылардың жұмысына бақылау жасайды, қажет болған жағдайда көмектеседі.

«Қазақ ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі» бейне ақпаратты көру

Мұғалім оқушылардың әртүрлі бас киім мен кеудеше түрлерімен танысуы үшін, алдын ала бейнеақпарат дайындауы қажет. Оқушылар бейнеақпаратты көріп, мұндай көрсетілімдерді қайдан көргені туралы айтады.

  • Бірлескен әңгіме.

Бұл әңгіме шығармашылық жұмысты көрмеге қалай дұрыс дайындауға болатыны туралы, оқушылардың бағалау критерийлерін талқылауына арналған, сонымен қатар келесілерді ескере отырып:

  • жобаның тақырыпқа сай болуы;
  • сәндік безендіру түстерінің тақырыпқа сай болуы;
  • жұмыстың ұқыптылығы;
  • шығармашылық бұйымның функционалдығы.

Оқушылар сонымен қатар келесілерді ескере отырып, таныстырылым жасаудың дескрипторын талқылайды:

  • өз жұмысына қажетті ақпараттар мен иллюстрацияларды пайдаланады;
  • жобаны қорғайды;
  • жұмысты шығармашылық көрмеге дайындайды.

Мұғалім тақтаға оқушылардың айтқан нұсқаларын, олардың басымдығын анықтай отырып, жазады. Оқушылар өз тобында бірнеше нұсқаны талқылайды, сонан соң ең қажеттісі мен маңыздысын ұсынады.

  • Шығармашылық жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

Бірінші бөлімде оқушылар топтар бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерінің суреттері мен сипаттамасы берілген бірнеше ақпараттық слайдтарымен таныстырылым жасайды және бұйымды қандай техникада жасағанын, оны жасау үшін қандай материал қолданғанын түсіндіреді. Оқушылар сән көрсетілімін көрген соң, олар мүмкін дайын бұйымды қосымша суретке түсіріп, оны таныстырылымға қосатын болар. Бұл жұмыс өте қызықты, бірақ ауқымды, сондықтан топтағы оқушылардың әрқайсысы бір бөлігін орындайтындай, белгілі бір бөліктен бөліп алуды ұсынуға болады.

Екінші бөлімде оқушылар шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу шараларына көңіл бөледі немесе бас киімдер мен кеудешелердің сәндік көрсетілімін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырады.

Үшінші кезең алдын ала дайындалған бағалау критерийлеріне сәйкес өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысында қолданылған шығармашылық идея, әдіс-тәсілдер және жобалық жұмысқа түсініктеме беруге бағытталған.

  • Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылардың жұмысының таныстырылым жүргізуіне жалпы баға береді. Мұғалім оқушылардың назарын келесі жолы үшінші немесе төртінші тоқсанда нені қолдануға болатынына, мысалы, жұмыстың дұрыс орналасуы немесе оның сәндік әшекейленуіне аудара отырып, өткізілген іс-шараның жақсы жақтарын атап өтуі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу