![]() |
|
![]() |
Жұмыс таныстырылымы (презентация). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.
№8 Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||
Күні:: | Мұғалімнің аты-жөні:: | |||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жұмыс таныстырылымы (презентация) | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде) | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - көрмеге арналған өз жұмыстарын дайындауға алдын-ала дайындық жасайды; - жасалу кезеңдерін түсіндіре отырып, өз жұмысын көрсетеді; - өзінің және сыныптастарының жобалық бұйымының шығармашылық идеясын талдап, түсініктеме береді. | |||||||||||
Бағалау критерийлері: | - мектеп қауымдастығы үшін көрменің маңыздылығын сезінеді; - өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін талдайды; - сыныптастарының жұмысын талқылауға қатысады; - алғашқы идеямен бұйымның сәйкестігі туралы ойлана отырып, өз жұмысын ұсынады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар сабақ тақырыбына сәйкес арнайы терминологияны қолдана алады. Оқушылар алған мәліметті талдап, қажетті қорытынды жасайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - ұлттық киім, пішім, этностиль; - түрлі халықтың ұлттық костюмінің ерекшеліктері туралы пәндік терминологияны қолдана отырып … Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Сәндік-қолданбалы өнерде суреттеу құралдарына … жатады. Қазақ ұлттық костюмі түрлерінің өзгелерден айырмашылығы … Оның ерекшелігін … анықтауға болады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Орыс тілі Информатика | |||||||||||
Бастапқы білім | Бұл екінші тоқсанның сегізінші қорытынды сабағы. Оқушылар өздерінің жобалық жұмыстарын дайындады және өз жұмыстарын көрсетуге дайындайды. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басталуы 5 мин. 0,5 мин. 5 мин. 1-2 мин. 2-3 мин. |
«Көлеңке» ойыны Әр оқушыға таза ақ А4 форматтағы парақ беріледі. Ойын тәртібі: берілген қағазды умаждап, қарама қарсы қабырғаға оның көлеңкесі түсетіндей етіп, табиғи немесе жасанды жарық көзіне қарсы орналастыру қажет. Көлеңке сұлабасының неге ұқсайтынын сипаттау қажет. Оқушылар бірдей қағаз парағынан жасалған көлеңке фигурасын көрсетеді. Өзінің умаждалған парағынан көлеңкені кім қызықты етіп көрсетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Қорытындылау кезінде мұғалім оқушылардың барлығында қағаздың бірдей болғанын, ал көлеңке сұлбасының барлығында бірдей емес, әрқайсысында өзіндік ерекшелігі болғанын атап көрсетуі қажет. Келесі таныстырылымда да берілетін уақыт, жұмыс барысы, құрал-жабдықтар, материал бәрінде бірдей болады, ал жұмыс әр оқушының ерекшелігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Оқушылар өздігімен сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады. Бұл ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.
Оқушылар бұрынғы құрамдағы топта жұмыс жасауына болады. Әр топқа флипчарт немесе үлкен қағаз парағы беріледі. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыс таныстырылымын ұйымдастыру бойынша өз идеяларымен бөліседі, ойланады. Оған қандай ақпараттық дереккөздерді қолдануға болатынын талқылайды: мысалы, онлайн платформа немесе әлеуметтік желі (1 қосымша). Жұмыс барысында оқушылар ақпаратты іздеу түріне байланысты өзге топтармен немесе жұптасып бірігуіне болады (бірнеше рет). Немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай, зерттеу материалдарын көрші топтарға беруіне болады.
Оқушылар мұғалім ұсынған бейнеақпаратты көріп, әртүрлі бас киім мен кеудеше түрлерімен танысады, мысал келтіре отырып, мұндай көрсетілімдерді қайдан көргені туралы айтады.
Оқушылар бейне ақпаратты көрген соң топта талқылап, сыныптастарына ұсыну:
| А-4 форматтағы ақ түсті қағаз парағы Оқушылардың альбомдары, жұмыс дәптері Флипчарттар немесе үлкен қағаз парақтары, маркерлер, қаламдар, фломастерлер, қарындаштар Презентация | ||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин. 1-2 мин. |
1 кезең. Оқушылар топтар бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерінің суреттері мен сипаттамасы берілген бірнеше ақпараттық слайдтарымен таныстырылым жасайды және бұйымды қандай техникада жасағанын, оны жасау үшін қандай материал қолданғанын түсіндіреді. Оқушылар сән көрсетілімін көрген соң, олар мүмкін дайын бұйымды қосымша суретке түсіріп, оны таныстырылымға қосатын болар. 2 кезең. Шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу немесе бас киімдер мен кеудешелердің сәндік көрсетілімін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырады. 3 кезең. Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысында қолданылған шығармашылық идея, әдіс-тәсілдер және жобалық жұмысқа түсініктеме беру.
Мұғалім оқушылардың жұмысының таныстырылым жүргізуіне жалпы баға береді. | Оқушылардың электронды презентация жасауы үшін – компьютерлер, ноутбук, планшет, смартфондар | ||||||||||
Сабақтың соңы 1мин. | Рефлексия: Сыныптастар онлайн платформада жазбаша кері байланыс қалдырып, пікір алысады. Оқушылар сабақ соңында рефлексия жүргізеді: - не білдім, нені үйрендім; - не түсініксіз болды; - нені жетілдіру қажет. | |||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралау электронды презентация жасау кезінде слайд көлемін таңдауда көрінеді, сонымен қатар – оқушыларға өз жұмысын ұсынуда таңдау беріледі. | Өз бұйымын презентациялауды (таныстыру) орындау. Онлайн платформаға презентациясын жүктеу | Комьютермен жұмыс жасау кезінде еңсе қалпын бақылау және компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023