![]() |
|
![]() |
Жұмыстың таныстырылымы. Көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Сәндеу. Безендіру.» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің соңғы тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өз шығармашылық жұмыстарының соңғы кезеңдерін орындайтын болады. Ол үшін өткен сабақта орындаған бұйымдарын көрмеге дайындайтын болады.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру түрлерімен таныстырыңыз.
Сабақ барысы.
Оқушылармен бірге өз бұйымдарын безендіріп болғаннан кейін көрме ұйымдастыру туралы әңгімелесіңіз.
Тапсырма .Тәжірбиелік жұмыс.
Оқушылар өз бұйымдарын арнайы критерийлерге сәйкес көрме жұмыстарын ұйымдастыратын болады. Оқушылар өз бұйымдарына аннотация жазып, тақырып қойып, қандай материалдан, өлшемдерін және т.б. толықтай сиппаттайтын болады. Заттаңба (этикетка) дайындауларына болады.
Бағалау. Кері байланыс.
Өз бұйымдарын көрмеге қойып, өзара топ жұмыстарына талдау жасайды. Осы жоба жұмыстарын орындау барысында кездескен қиыншылықтары мен оңай тұстарын талқылай отырып, болашақта қай жерде қандай мақсатта қолдануға болатындары туралы пікір алмаады. Толықтырулар мен өзгертулер қажет болған жағдайда еңгізуге болады.
Қосымша ақпарат.
Көрме жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті орындарды алдын - ала дайындап алу керек. Қосымша (көрменің өткізу деңгейіне байланысты) құрал- жабдықтар мен материалдар қажет болған жағдайда дайындау керек.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.
Жұмысты орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Инемен жұмыс жасау кезінде –
- инені дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023