Шығармашылық жұмысты орындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді бөлім жоспары:

1 бөлім. Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің АЖТ:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Практикалық сабақ

Шығармашылық жұмысты орындау

Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемелер)

8.2.1.1 - Күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді жеткізу үшін айқындаушы құралдарды таңдау және пайдалану;

8.2.3.3- Шығармашылық жұмыс жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдалану;

8.2.6.1-Материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау, оның маңыздылығын түсіну;

 Сабақ мақсаттары

  • Қазақ халқының және басқа елдердің суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылық таныту
  • Дайындалған нобай мен технологиялық құжатына сәйкес тәжірбиелік жұмысты орындау
  • Жұмысты көрмеге шығару және өзара бағалау жүргізу

 Бағалау критерийлері

Білу

  • Осы әдістермен жұмыс істейтін заманауи шеберлердің жұмыстарын біледі
  • Практикалық жұмыстың орындалу кезеңдерін біледі

Түсіну

  • Суретшілердің шығармаларындағы ұлттық контекстті түсінеді

Қолдану

  • Практикалық жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімдерді қолданады

Анализ

  • Сыныптастар жұмысының арасындағы өзара айырмашылықты анықтайды

Бағалау

  • Көрме жұмысының кезінде басқалардың практикалық жұмысын талдап орындайды.

 Тілдік мақсаттары

 

Оқушылар терминологияны қолдана алады. Оқушылар өз жұмысын толықтыруға және басқа оқушылардың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс бере алады.

Оқушылар талдау жасайды және қорытынды шығара алады.

Пәнге қатысты сөздік және терминология:

Жүнді илеу – құрғақ, дымқыл илеу, ши тоқу әдісі

Диалогтар мен жазба жұмысы үшін пайдалы тіркестер:

  • Дымқыл илеу әдісі қолданылуы ................................. мүмкін
  • Тоқыма, илеуге……………………………….. ыңғайлы
  • Мен өз шығармашылық жұмысым үшін қазақ мәдениетінің элементтерін .................................................... қолдандым

 Құндылықтарды дамыту

 

 

  • Оқыту:

Анықталған шеберлердің жұмысындағы ұлттық көркемдік дәстүрлердің өзара байланысын зерттеу.

  • Құрмет:

Әр түрлі елдердің мәдениетіне толеранттылық таныту және ұлттық мәдениетке құрметпен қарау.

  • Ынтымақтастық:

Жұпта және топта жұмыс істеу кезінде өзара сыйластықты қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Сабақта түрлі елдердің мәдениетін және Әлемдік тарих пен Қазақстан тарихының байланысын қарастыру.

 Қолдану дағдылары

 АКТ

 

Тақырыпқа қатысты жұмыстың орындалу кезеңдерін көрсететін бейнебаян қарау.

Алдын ала істеуі

Жұмыстың нобайын жасау.

Материалдар мен құралдарды дайындау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин.

Топқа бөлу

2 мин.

Практикалық жұмысты орындау

23 минут

Мұғалім: Сабақтың басында оқушылардың назарын аударту

- сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайтын және жобалық жұмыстарды бағалау критерийлерін ұсыну.

Қазақстан модельері Айя Бапанидің бейнебаян көрсетілімі

- осы әдіспен жұмыс жасайтын суретшілердің жұмыстарымен танысу

- оқушылар: өз альбомдарына суретшілердің есімдерін жазады

-құрғақ илеу тәсілімен танысу

-дымқыл илеу тәсілімен танысу

-шимен жұмыс істеу тәсілі және понно орындау әдісі

Миға шабуыл:

1. Жауап беріңіз, неге жүндер түсіп қалады?

2. Сіз қандай жүн түрлерін білесіз?

3. Сіздің щйыңызша альпаканың жүнін, түйенің, лама, сондай-ақ кашемир, ангора және т.б. пайдалануға болама?

4. Жүннен жасалған қандай бұйымдарды жасауға болады?

5. Сіз жүнді илеу тәсілімен бұрын жұмыс жасадыңыз ба?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Келесі дескрипторлармен таныстырамыз:

  • жұмыс орнын дайындайды
  • жүнді нобайға сәйкес таңдайды
  • тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді қолданады
  • тәжірибелік жұмысты орындау барысында кезең – кезеңмен тәжірибелік бөлімнен өту.

- тұсаукесерде құрғақ және дымқыл жүн илеу тәсілі мен ши орындау әдісінің кезеңдері баяндалады.

Толығырақ дымқыл илеу тәсіліне тоқталамыз, себебі біздің жасайтын бұйымымыз осы тәсілмен орындалады.

1 кезең

Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.

2 кезең

Соңғы қабатта бетіне сурет салу үшін, жүннен жасалған жіпті, жүн қалдықтарын және т.б. қолдануға болады. Сабын ерітіндісін дайындау. Мұны істеу үшін сабынды жылы сумен ерітіп (қолдың терісіне зиян келтірмейтін, ылғалды илеуге арналған арнайы сабын ерітіндісі болады, басқа да ерітінділерді қолдану, балаларға арналған, сұйық сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш затты қолдануға болады) — қолда бар сабын ерітіндісін қолданамыз. Жасаған дайындамамызды дымқылдап, бетіне тор немесе көпіршікті жабынмен жабамыз. Дайындаманы жабынмен бірге бамбук майлыққа салып, тығыздап ораймыз. Артық суды шығару үшін ораманың сыртынан сүлгімен қаптаймыз. Жүз рет әрлі-берлі илейміз. Кейін ашып, 90 градусқа айналдырып, орама жасаймыз. Дайын өнімді жылы сумен жуып, құрғатамыз. Сықпаңыз, суды шығару үшін тек жеңіл ғана қысыңыз. Жұмыс жұппен немесе топпен орындалады.

Алдымен жұмыс орының дайындап алу қажет және шарф, палантин немесе панноның көлемін анықтау керек.

Мұғалім сыныпты топқа бөледі.

Тренинг көмегімен сыныпты жұптарға немесе шағын топтарға бөлу – мозаика әдісі

Мозаика тренингі.

Оқушыларға кескін бөліктері беріледі және олар осы кескіннің басқа бөліктерін оқушылардан табуы керек. Бұл сабақта жүн илеу немесе ши тоқу техникасында жұмыс істейтін шеберлердің суреттерін пайдалана аласыз, ал кері жағында бұл жұмысты орынған суретшінің атын жаза аласыз. Мозаиканы қажет болғанда бірнеше бөлікке бөлуге болады, оған қанша оқушыны топтарға жинағыңыз келетініне байланысты.

Дымқыл илеу әдісі үшін, сізге қажет:

түтілмеген жүн, көпіршікті жабын, бамбук майлық, сабын, жылы су.

Дымқыл илеу әдісімен жұмыс істеуде, оқушылар шарфқа арналған нобай бойынша жүнді жабынға салып илеуге дайындайды.

Ши тәсілінде жұмыс істеуде, оқушылар панно өлшеміне сай нобай дайындап, жүн немесе жүнді жіппен белгілейді.

Мұғалім оқушыларды қолдайды және процесті бақылайды.

Тұсаукесер

Бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=2tNhAhdp7Zo

Сабақтың соңы

5 мин.

Жұмыстарды 2 кезеңін аяқтағаннан кейін жұмысты мольбертке орналастырамыз, талқылап және жұмыстың осы кезеңіне өзара бағалау жасаймыз.

Сабақтың соңында оқушыларға рефлексия:

- сізге осы техникамен жұмыс істеген ұнады ма?

- нені үйрендім, нені білдім

- не түсініксіз қалды

- немен жұмыс істеу керек

Сабақты қорытындылау.

Сіздер сабақ барысында тәжірибелік жұмыстың негізгі бөлігін аяқтадыңыз, тек келесі сабақта жұмыстың егжей-тегжей аяқтап безендіреміз.

Дифференция - Сізге қандай қолдау көрсетуді қалайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

1. А тобы тобының оқушылары күрделі композицияларды, көптеген түстер мен бөлшектерді таңдап, жұмыстарды сәтті аяқтайды

2. B тобының оқушылары орташа деңгейдегі композицияны орындайды

3. С тобының оқушылары композицияның жеңіл нұсқаларын орындайды.

Көрмеге қою және топтық жұмыстарды талқылау, критерий бойынша бағалау

Бағалауды мұғалімдермен бірге кейін топтық жұмысты талқылау критерийяға сәйкес болу.

  • Қызықты композиция
  • Дұрыс орналастыру
  • Кескіндемелік орындау, киіз және түрлі түсті жіптерді пайдаланады
  • Колоритті сақтай отырып таңдап алынған түстер

Нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақты талдау үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанға жауап беріңіз.

.

Жалпы баға

Сабақтың қай екі бөлігі жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Мен нені анықтадым: Сабақ барысында сынып туралы немесе жетістіктер / кейбір оқушылармен қиындықтарды, кейінгі сабақтарда көңіл аударуға?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу