Қазақ халқының қолданбалы өнері (ши току, киіз басу). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Қазақ халқының қолданбалы өнері (ши току, киіз басу)» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сабақты оқушыларға сұрақ қою арқылы бастаңыз. Яғни олардың алдыңғы білімдерін тексеру және сабаққа назарларын аудару мақсатында. Сұрақ жауап әдісі арқылы сабағыңыздың тақырыбын анықтап алыңыз. Оқушылар осы сабақта қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін кеңінен пайдаланатын болады. Бұл сабақтарда оқушылар тек суретін салып қана қоймай, жасалу ерекшеліктері мен айырмашылықтарын толығымен зерттейді. Бұл тақырыпты меңгергенде оқушылар:

  • Қазақ халқының өнер туындылары мен қолөнерін айқындайды;
  • Сабақ үстіндегі іс-әрекетттерде белсенділік танытады;
  • Топтық жұмыстарда зерттеу тапсырмаларын орындайды;
  • Зерттеу нәтижелерін скейчбукке немесе альбомға түсіреді;
  • Алған білімдерін шығармашылық жұмыс барысында тиімді қолданады.

«Қазақ халқының қолданбалы өнері (ши току, киіз басу)» тақырыбына арналған сабақта: 8.1.2.1. өнер, қолөнер және дизайн, әр түрлі тарихи және мәдени шығу түсіну ерекшеліктерін корсету. 8.1.3.1. шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында оқушылар зерттеу жұмыстарын топта орындайтын болады.

Сабақ барысы

Оқушыларға қазақ халқының ұлттық ою- өрнектері туралы ақпараттарды көрсетіңіз (презентация). Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында киіз басу тарихы туралы шағын бейнетаспа көрсету ұсынылады. жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыарға сұрақ- жауап (диалогтік оқыту әдісі) арқылы өткізу ұсынылады.

Тәжірбиелік жұмыс.

Оқушыларды арнайы суреттер (киізден жасалған бұйымдар және қазақтың ою- өрнектері) бейнеленген карточкалар тарату арқылы 2 топқа бөліп алыңыз. Бірінші топ киізден жасалған бұйымдар түрлерін зерттесе, екінші топ қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін зерттейді. Зерттеу жұмыстарын орынамас бұрын екі топқа арнайы дайындалған таратпа материалдарын (дискриптор) таратып беріңіз.

 Бағалау. Кері байланыс.

 Оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелеріне стикерлер көмегімен кері байланыс алыңыз. Зерттеу жұмысы нәтижесінде туындаған қиыншылықтар туралы қысқаша мәлімет береді. Осы қиыншылықтардың шешу жолдарында қарастыру ұсынылады.

 Қосымша ақпарат

 Интер белсенді тақта болмаған жағдайда сізге Қазақ халқының ұлттық бұйымдарының фото суреттері мен қолда бар көрнекі бұйымдарын алдын ала дайындап алу ұсынылады. Бұл сіздің сабағыңыздың өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу