алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ халқының қолданбалы өнері (ши току, киіз басу). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, презентация.


1- бөлім: Сәндік қолданбалы өнер

Тақырып: Казақ қол өнері (ши току, киіз басу)

Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлерін білу;

Қазақ халқының қолданбалы өнер шығармаларының ерекшеліктері ажырату;

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнек түрлерінің айырмашылықтарын айқындау;

Алған білімдерін шығармашылық идеяларын іскк асыруда тиімді пайдалану.

Сабақтың мақсаттары:

Бағалау критерийлері:

Қазақ халқының өнер туындылары мен қолөнерін айқындайды;

Сабақ үстіндегі іс-әрекетттерде белсенділік танытады;

Топтық жұмыстарда зерттеу тапсырмаларын орындайды;

Зерттеу нәтижелерін скейчбукке немесе альбомға түсіреді;

Алған білімдерін шығармашылық жұмыс барысында тиімді қолданады.

Теріні өндеу өнері

Зергерлік өнер

Суйек өндеу өнері.

Тасты өңдеу қолөнері

Ағаш өңдеу.

Кілем тоқу, ши току және киіз бұйымдарын жасау - киіз басу.

Өнер түрлерін анықтаңыз

Қымызға арналған ыдыс– торсық

Ер-тоқым

Ши тоқу

Киіз басу

Киіз басу пайда болу тарихы - киіз жасау

Ал қазір, біз киіз басу тарихы жөнінде мультфильм көреміз .....

https://youtu.be/D1qoET0oQI0

Киіз басу және өндіру, бірнеше кезеңдерден тұрады:

* жүн дайындау;

* оны жаю;

* ыстық су шашу;

* дайын киіз жасау.

Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұрмысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған

Киіз үй - юрта (видеофильм)

Сән тенденциялары

Қазіргі заманғы дизайнерлер киізден бұйым жасауда ата-бабаларымыздың барлық тәсілдерін пайдаланады. Сонымен қатар, жаңа тәсілдерді де пайдаланады. Киіз ойыншықтар мен картиналар, киім-кешек және аксессуарлар, әшекейлер және әр түрлі интерьер заттары сәнге айналды. Киіз басу технологиясы дамып жатыр және осы қолөнер құралдары мен материалдары қол жетімді.

Киіз бұйымдары сәнге айналды

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Өзіндік жұмыс кезеңі. Тапсырма.

* Бірінші командаға киізден жасалған бұйымдардын атауларын анықтау қажет.

* Екінші команда қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін зерттейді.

1ші топқа арналған дескрипторлар:

Киіз басу өнерін зерттейді;

Киізден орындалатын бұйымдардын атауларын анықтайды;

Киіздің емдік қасиеттерін анықтайды

Бұйымдардын атаулары мен суреттерін скетчбукке түсіреді;

Өзіңің зерттеу жұмысы туралы баяндайды;

Атқарылған жұмыстар туралы қорытындылар жасайды.

2ші топқа арналған дескрипторлар:

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерін зерттейді (космогониялық, зооморфтық, өсімдік,

геометриялық);

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнек түрлері мен айырмашылықтарын анықтайды;

Ою атаулары мен суреттерін скетчбукке түсіреді;;

Өзіңің зерттеу жұмысы туралы баяндайды;

Атқарылған жұмыстар туралы қорытындылар жасайды.

Қазақ ұлттык ою-өрнектер

Киіз бұйымдарының емдік қасиеттері

Буын, ревматологиялық және бұлшық еттердің ауыруын кетіреді. Құрғақ жылу қой жүні жараның жазылуына және сынықты тез жазады.

Қой жүнінен жасалған байпак сауығу үрдісіне көмектеседі.

Кері байланыс:

Тақтаға жапыстыру арқылы стикер (жапсырма) қағазы көмегімен оқушылардың кері байланысы.

Нені білдім, нені үйрендім?

- Не түсініксіз?

- Немен жұмыс істеу қажет?

-Келесі практикалық жұмыста мен қандай қабілеттерімді жетілдіруім қажет?

-Тағы қандай көңілді және тартымды жұмыс істегініз келеді?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы