Ертегі қамалын жасау. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Сәулет

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ертегі қамалын жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Ғимарат макетін белгілі бір техникада орындау;
  • Ғимарат макетінің бөлшектерін орындау, безендіру;
  • Ғимарат макетін аяқау және таныстыру.

 Бағалау критерийлері

  • Жұмыс орның дұрыс ұйымдастырады;
  • Әртүрлі материалдар мен техникаларды колданып көлемді ғимарат макетін жасайды;
  • Ғимарат макетін безендіру кезінде түстерді үйлесімді қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Сулетті ғимараттардың ерекшеліктерін сипаттайды,

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің идеяңыз қандай?
  • Бұл нысандар саған нені елестетеді?

Неліктенайта аласың ба?

  • …бұл түс осы нысанға сәйкес келеді ме?

… заманауи ландшафт ежелгіден ерекшеленеді ме?

 Құндылықтарды

 дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану

 АКТ қолдану

 дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Ғимарат туралы және ғимарат бөлшектері (есік, шатыр, терезе) туралы ақпаратпен таныс. Геометрилық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сыныпта, бірегей ғимараттардың және қабеттері ерекше, ашық түстермен безендірілген қамалдардың суреттерін тақтаға іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
  • Суреттерде не бейнеленген?

Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Олар дайындалған материалдар мен жаңа әкелінген материалдарды қолдана отырып «Ертегі қамалы» 3D моделіндегі ғимараттың құрылысын аяқтайды.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Сұрақ:

- Ғимарат қасбеті дегеніміз не?

- Ғимарат қандай бөліктерден тұрады?

- Ғимарат қасбетін қалай безендіруге болады?

Қасбет – архитектуралық (сәулеттік) элемент. Сәулет әнерінде ғимараттың не құрылыстың маңдай беті. Оның түрі, жасалу ерекшелігі ғимараттың атқаратын роліне, конструкциялық ерекшелігіне және маңайындағы ансамбль ішінде алатын орнына қарай жасалады.

Тапсырма№1:

Ғимараттар мен құрылыстарды талдаңыздар

Оқушыларға алдыңғы сабақта жасаған қамал макетін қарастырып, қай бөлігін жақсарту керектігін анықтауды ұсыныңыз.

Оқушылар алдынғы сабақтағы топтарымен жұмыс жасайды. Оқушыларға қасбеттері ерекше безендірілген ғимараттардын суреттерің қарастыруды ұсыныңыз.

Оқушыларға осы ғимараттардың бөлшектерін және оларды безендіру үшін қандай техникалар мен материалдарды пайдалануға болатындығын анықтауды ұсыныңыз.

Сұрақтар:

  • Бұл ғимараттын шатыры мен қабырғасы қалай жасалған, оны макетте қандай материалдан орындауға болады?
  • Ғимараттардың түстік шешіміне назар аударындар?

Оқушылар ғимараттардың пішінін, бөлшектерін, қасбетін талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Макетте сол бөлшектерді орындау үшін қажетті материалдарды анықтайды, өз ұсыныстарын айтады.

Тапсырма№2:

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға «Ертегі қамалы» тақырыбында жасаған 3D макетін безендіреді, түстік шешімін орындайды, бөлшектерін жасайды. Материалдарды тиімді қолдану үшін мұғалім оқушыларға қабырға, терезе мен есіктерді безендірудің түрлері мен тәсілдерін талқылап шығуды ұсынуы керек, мысалы:

балмұздақтың таяқшалары қабырғалардағы сайдинг материалының эффектін береді;

қабырғалар мен қоршауларды безендіруге арналған түрлі ұзындықтағы шпажкалар;

қабырғаларға арналған құм;

черепица шатырының эффектін беру үшін жемістердің сүйектері.

Оқушылармен бірге материалдарды қолдану мен жұмыстың орындалу реттілігі туралы талқылаңыз.

Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын материалдар мен құралдармен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіңіз.

Оқушылар өткен сабақта бастаған шығармашылық жұмыстарын жалғасытырады. Олар «Ертегі қамалы» ғимаратының көлемді моделін құрастыруды аяқтайды және таңдаған материалдарын қолдана отырып, оны түрлі элементтермен безендіреді.

Оқушылар шығармашылық жұмысын аяқтаған соң өздерінің қамал макеттерін көрсетеді. Оқушыларға аяқталған жұмыстардың көрсету көрмесін ұйымдастыруға көмектесіңіз.

Геометрия:

https://www.youtube.com/watch?v=xifjFZmANZM

Астаны: ғимараттары

http://www.zakon.kz/4567688-narodnye-nazvanija-zdanijj-astany.html

Геометриялық формадағы ғимараттар:

http://www.proshkolu.ru/user/olgafil38/blog/259685/&translate=yes

Қораптардан жасалған қамалдар:

https://www.iz-bumagi-svoimi-rukami.ru/kak-sdelat-zamok-iz-korobki-igrushki-svoimi-rukami-iz-podruchnyh-materialov/

http://www.liveinternet.ru/users/sovenok1703/post220933500/

Қатырма қағаздан жасалған қамалдар, безендірілудің түстік үйлесімділігі

Қажетті материалдар:

әртүрлі заттардан босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды целиндр т.б. Түрлі түсті ермексаз, қағаз, картон, желім, қайшы, маркерлер мен қарандаштар.

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.

Бір-бірін бағалау.

Жетістік критерийлер бойынша бағалау.

Мұғалімнің байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу