Ертегі қамалын жасау. Көркем еңбек, 3 сынып, презентация.


4 бөлім: Сәулет

Сабақ тақырыбы: Ертегі қамалын жасау

Оқу мақсаты

Ғимарат макетін белгілі бір техникада орындау;

Ғимарат макетінің бөлшектерін орындау, безендіру;

Ғимарат макетін аяқау және таныстыру.

3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау

Сабақ мақсаты

Тапсырма№1:

Ғимараттар мен құрылыстарды талдаңыздар

Ертегі қамалының қасбетін, қабырғасын безендіру үшін қандай материалдар мен техниканы қолдануға болады?

Қамал қабырғаларын түрлі-түсті жасауға болады. Макеттегі қабырғаларды түрлі-түсті қағазбен қаптауға болады, немесе гуашь бояуларымен бояуға.

Берілген суретте қамал макетті қосымша сәндік элементтермен безендірілген: жүрекшелер, пайеткалар, гүлдер.

Қабырғаны ақ қағазбен қаптап, терезелерді түрлі-түсті жасауға болады, бұл жерде шатыр түсі терезе түсімен бірдей болса жақсы үйлесімді көрінеді.

Қатты картоннан жасалған қамал макетінің қабырғаларын тастан жасалғанда етіп бояуға болады, ол үшін акрил мен гуашь бояуларын қолдануға болады.

Бояу арқылы сонемен қатар қақпа, есік, жалау сияқты басқада бөлшектерді жасауға болады.

Ғимарат макеттерінің қабырғаларын табиғи материалдармен де безендіруге болады. Ол үшін қабырғаға желім жағады да бетіне құм себеді.

Қамалдардың қабырғасын безендіру және бөлшектерін жасау үшін ермексазды пайдалануға болады.

Тапсырма2

«Ертегі қамалы» тақырыбында жасаған 3D макетін безендіріп, түстік шешімін орындаңыздар, бөлшектерін жасаңыздар.

Безендіру үшін көркем материалдарды, ермексазды, табиғи материалдарды қолдануларына болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу