Ертегі қамалын жасау. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Ертегі қамалын жасау» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру аясында оқушылар көркемдік және әртүрлі материалдарды пайдаланып көлемді пішінді шығармашылық жұмыстарды жасау техникаларымен танысады және тәжірибелік дағдыларын дамытады (мысалы, ермексаздан, ескі картон қораптардан, қолда бар материалдардан).
Қажетті материалдар
Ғимарат макетін жасауға қажетті материалдар: ескі картон қораптар, қағаз, қатты қағаз, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.
Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Макет. Макеттеу.
Макет [фр.maguette. бір нәрсенің моделі] – макет – бұрын салынған немесе жобаланған ғимараттың, бөлменің т. б. Кішіритілген моделі.
Сәулеттік жобалаудың көлемдік – жазықтықтық көп бейнелі формаларының проблемаларын тек қана графика тәсілімен шешу жеткіліксіз. Жобалау нысандарының күрделі жазықтық және көлемдерін қарапайым графика тәсілімен орындау методы нақтылы көрнекті нәтиже бермейді. Сондықтан, графикамен қатар, оған көмек ретінде, әрбір тарихтың өткен кезеңдерінде сәулетшілер көлемді макет үлгісіндегі формаларды қолданды.
Қазіргі кездегі практикада жобада макеттің келесі түрлері қолданылады: кіші масштабты жобалар үшін (М 1:200 – детальды жоспарлау үшін, М 1:1000 немесе 1:500 – тұрғын ауданды орналастыру жобасы үшін); нысанның ішкі сәулеттік көлем жазықтығының шешімі (М 1:200, 1:100 және басқ.); архитектуралық – конструкциялық шешімдері (конструкцияның ішкі және сыртқы бір-бірімен байланыстары); ішкі кеңістіктің (интерьердің); конструкция мен детальдардың фрагменттері.
(Толық ақпаратты келесі оқу құралынан ала аласыз авторы Каирбеков У. И. Сәулеттік графика және макеттеу: сәулет мамандықтарына арналған оқу құралы / У. И. Каирбеков. – Павлодар : Кереку, 2009. – 114 б.)
Қасбет - архитектуралық элемент. Сәулет өнерінде ғимараттың не құрылыстың маңдай беті. Оның түрі, жасалу ерекшелігі ғимараттың атқаратын роліне, конструкциялық ерекшелігіне және маңайындағы ансамбль ішінде алатын орнына қарай жасалады.
Сабақ барысы
Сыныпта, бірегей ғимараттардың және қабеттері ерекше, ашық түстермен безендірілген қамалдардың суреттерін тақтаға іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:
•Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
•Суреттерде не бейнеленген?
Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Олар дайындалған материалдар мен жаңа әкелінген материалдарды қолдана отырып «Ертегі қамалы» 3D моделіндегі ғимараттың құрылысын аяқтайды.
Тапсырма №1
Ғимараттар мен құрылыстарды талдаңыздар
Оқушыларға алдыңғы сабақта жасаған қамал макетін қарастырып, қай бөлігін жақсарту керектігін анықтауды ұсыныңыз.
Оқушылар алдынғы сабақтағы топтарымен жұмыс жасайды. Оқушыларға қасбеттері ерекше безендірілген ғимараттардын суреттерің қарастыруды ұсыныңыз.
Оқушыларға осы ғимараттардың бөлшектерін және оларды безендіру үшін қандай техникалар мен материалдарды пайдалануға болатындығын анықтауды ұсыныңыз.
Оқушылар ғимараттардың пішінін, бөлшектерін, қасбетін талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Макетте сол бөлшектерді орындау үшін қажетті материалдарды анықтайды, өз ұсыныстарын айтады.
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға «Ертегі қамалы» тақырыбында жасаған 3D макетін безендіреді, түстік шешімін орындайды, бөлшектерін жасайды. Материалдарды тиімді қолдану үшін мұғалім оқушыларға қабырға, терезе мен есіктерді безендірудің түрлері мен тәсілдерін талқылап шығуды ұсынуы керек, мысалы:
•балмұздақтың таяқшалары қабырғалардағы сайдинг материалының эффектін береді;
•қабырғалар мен қоршауларды безендіруге арналған түрлі ұзындықтағы шпажкалар;
•қабырғаларға арналған құм;
•черепица шатырының эффектін беру үшін жемістердің сүйектері.
Оқушылармен бірге материалдарды қолдану мен жұмыстың орындалу реттілігі туралы талқылаңыз.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру