«Ертегі қамалын» өз қолымен жасау. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 -бөлім: Сәулет

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Ертегі қамалын» өз қолымен жасау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру;

3.3.1.1 өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияны пайдаланып, таныстыру

 Сабақ мақсаттары

  • Түрлі тәсілдермен және материалдармен көлемді пішіндер жасау;
  • Бөлшектерді өлшеу, белгілеп қою және бөлшектер кесу, оларға пішін беру, бөлшектерді құрастыру және жалғау, макетті жасау кезінде нақтылыққа қол жеткізе отырып, түрлі материалдар мен құрамдастарды біріктіру.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Ертегі қамалының 3D үлгісін жасауды аяқтаңыз;
  • Табиғи және жасанды материалдарды пайдалана отырып, безендіріңіз;
  • Шығармашылық жұмыстарды аяқтаңыз және ұсыныңыз.

 Тілдік мақсаттар

 

Сәулет нысандары, ғимарат стилі, ғимарат элементтерінің ерекшеліктерін сипаттап береді

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің идеяңыз қандай?
  • Бұл нысандар саған нені елестетеді?

Неліктенайта аласың ба?

  • …бұл түс осы нысанға сәйкес келеді ме?

… заманауи ландшафт ежелгіден ерекшеленеді ме?

 Құндылықтарды

 дарыту

Әлем мәдениетінің әртүрлілігіне құрметпен қарау және ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту үшін жағдай жасау.

Бір-бірін тыңдай білу қабілеті. Бір-біріне құрметпен қарау.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану

 АКТ қолдану

 дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Оқушыларды сабақтың тақырыбен және мақсаттарымен таныстыру:

Тапсырма№1: Оқыту әдісі көрнекілік, жұмыстың нысаны - фронтальды, қабылдау - жаңа ақпаратты меңгеру. жұмыс түрі - топтық.

Картоннан тұратын қамалдарды, түстік шешімдегі фасадын дайындауға арналған видео немесе суреттерді көрсетіңіз.

Олар дайындалған материалдар мен жаңа әкелінген материалдарды қолдана отырып «Ертегі қамалы» 3D моделіндегі ғимараттың құрылысын аяқтайды.

Әр түрлі материалдардан жасалған ландшафты дизайнның видеосын/иллюстрациясын көрсетіңіз.

- Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Ағаштарды не нәрседен жасайсыз?

- Дизайныңызға қандай элементтерді қосасыз, мүсін, су бұрқақтары?

- Қандай материалдардан оларды жасайсыз, мысалы ермексаздан ба немесе басқа да көмекші заттардан ба?

- Қамалыңыз бен ландшафт дизайнының бөлшектерін құлыптау үшін ландшафттың -ірге тасын неден жасайсыз?

- Жұмыстың жасау жүйелілігін анықтаңыз?

- Ландшафтың дизайны негізін бірінші салуға бола ма, не нәрседен болады?

- Іргетасты дизайнның әр түрлі элементтерін анықтай отырып сала аласыз ба?

https://www.youtube.com/watch?v=7gjkMi13cfc

Ауланың ландшафт дизайны

http://www.liveinternet.ru/users/sovenok1703/post220933500/

(картонннан жасалған қамалдар көрінісі)

Сабақтың ортасы

30 минут

3 минут

2минут

Тапсырма №2.

Тәжірибелік жұмыс

Егі қамалы тақырыбына арналған ғимарат макетің жасауды жалғастырады. Жұмысқа кіріспес бұрын алдынғы сабақта жасалған жұмысты саралап алыныздар.

Сұрақ:

Ғимараттың негізгі бөліктері мықты байланысқан ба? Тексер. Ғимараттарды әдемі етіп жасау үшін сәулетшілер мен құрылысшылар нені ескеруі тиіс деп ойлайсың? Олар нені қолдануы мүмкін? Өз идеяларыңды жазып қой.

Ойлан.

Сіз жасаған макетті қалай безендіруге болады? Табиғи және жасанды материалдың суреттерін қарастыр. Олардан қандай қабырға жасауға болатынын елесте.

Орындап көр.

Макетіңді табиғи және жасанды материалдар көмегімен безендір. Ол үшін не қолданасың? Қандай құралдар мен материалдарды пайдалана аласың? Ойлан. Жұмысыңды қабырға безендіруден баста.

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.

Желіммен жұмыс істегенде ұқыпты бол. Қайшы мен кеңсе пышағын абай бол. Киіміңді былғап алма.

Оқушылар шығармашылық жұмысты аяқтар алдында қолданылған геометриялық формалардың әр түрлілігін көрсете отырып, сондай ақ түстік шешімін сипаттай отырып өз жұмыстарын сыныпқа көрсетеді. Жұмыс барысын талқылайды.

Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін көрме ұйымдастырады. Оқушылар әртүрлі пішінде орындалған ғимараттарын бір жерге жинайды, барлық қамалдарды біріктіріп, ғажайып қала көрінісін жасайды.

Жұмысыңызды таныстырыныз.

Оқушылар макеттеріні әр қырынан көрсете отырып таныстырады. Оны қалай жасағаныңды, безендіруде қандай материалдар мен тәсілдерді қолданғаныңды айтып бер. Басқа қандай материалдармен және тәсілдермен мұндай ғимараттың макетін жасауға долады? Макетті басқаша қалай безендіруге болады? Оқушылар жұмыстарын таныстырған кезде терминдерді қолданады.

Бастырма критерийлеріне бағалау.

- боялған қағаз бояумен немесе бояумен жасалған желім қорапшалары;

- жекелеген бөліктерді қайшылармен кесіп тастайды;

- қауіпсіздік шараларын сақтайды.

Дайындап алып келген ресурстарды сабақта пайдаланыңыз:

Аяқ киімнен босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды целиндр т.б. Түрлі түсті ермексаз, қағаз, картон, желім, қайшы.

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

- тапсырманы қалай орындадыныз?

- оны орындау қаншалықты қиын / женіл ба? Неліктен?

Рефлексия:

Мен білдім ...

Маған ұнады……..

Менің көңіл-күйім ......

Жұмыс орнын жинау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.

Бір-бірін бағалау.

Жетістік критерийлер бойынша бағалау.

Мұғалімнің байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу