Дене сұлбасы (Силуэті). Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні:

1 «А», «В» 27.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Дене сұлбасы (Силуэті)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.6.1

өзіндік және жинақталған тәжірибелер негізінде, қарапайым тәсілдер арқылы шығармашылық идеяларын шығару және дамыту

1.2.2.1

қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар, процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін

1.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • көлеңке-силуэтінің не екенін түсінеді;
  • қатырма қағаздан силуэт қиюды үйренеді;

 Жетістік критерийлері

  • оқушылар силуэттер туралы біледі;
  • көлеңкелер театрымен танысады;
  • оқушы силуэттермен көрініс қоюды үйренеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

көлеңке – тень – shade

силуэт –силуэт – silhouette

кесу – вырезание – excision

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету-жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсетеді;

Еңбек және шығармашылық-шығармашылық жұмыс барысында еңбектенуге дағдыланады;

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар тоқыма және баспа түрлерімен танысты. Оларды ашекейлеуді үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Даярлығын тексеру.

Сабақтың ортасы

35 миннут

 Неліктен көлеңкелердің бейнесі «силуэт» деп аталатынын түсіндіріңіз.

 Сабаққа қажетті мәлімет (5 минут): Тарихи мәлімет: Эжен де Силуэт Францияның қаржы министрі болған. Ақшаны қалай жұмсау керек екенін басқарған. Ол өте бай адам болған және оны көп адамдар жақсы көрмеген. Бір күні суретші оның бейнесін көлеңке ретінде қырынан салып газетке шығарған. Ол өзі мұрны ұзын адам екен, ал суретші одан да ұзын етіп салыпты. Газетті сатып алған адамдар бірден суретті танып, оған күле бастапты. Содан бері силуэт салу сәнге айналған екен.

 Суретшіге тапсырыс бойынша портрет салғызу қымбат болғандықтын, көп адамдар осындай арзан суреттерге тапсырыс беретін болған. Мұндай суреттермен заттарды, бөлмелерді және әшекейлерді безендірген.

 Осы бейнелер силуэт деп атала бастаған. Бұл шамамен 200 жыл бұрын болған.

 Раймонд Кроуд (Raymond Crowe) – көлеңкелі өнердің шебері. Ол – өзінің Отанында, Австралияда, өте белгілі адам. Раймонд Кроудт Луи Армстронның «Бұл ғажайып әлем» композициясының сүйемелдеуімен қайталанбас көрініс қойды. Раймонд балалардың қарапайым ойынынан тамаша көрініс қоя білді. 3 минуттық көріністе прожектордың көмегімен, әр түрлі кейіпкерлерді сомдады. Көз алдыңда көлеңкелерге жан бітіп, өмір сүре бастағандай болады.

 Ізденіс жұмысы(2 минут): Сабақты «шамға қарсы тұрғанда біз өзіміздің қасымыздан не көреміз?» - деген сұрақтан бастаңыз.

 Оқушылардың мүмкін жауаптары: Көлеңке пайда болады.

 Осыдан кейін оқушыларға осы көлеңкелерден сурет өнерінің ерекше бір түрі дамығанын түсіндіріңіз. Бір түспен боялған кескіндеме силуэт деп аталатынын түсіндіріңіз. Силуэт анық және айқын болуы керек. Силуэттерден картина жасауға болады.

 Суретпен жұмыс(3 минут). Содан соң оқушылардың назарын суретке (презентациядағы) аударыңыз. Суретті қарастырып отырып, оқушыларға денеміз осындай әдемі болу үшін спортпен немесе бимен айналысу керек екенін айтыңыз.

 Осы суреттердің қандай ерекшелігі бар? - деп оқушыларға сұрақ қойыңыз.

 Оқушылардың мүмкін жауаптары: Бұл суреттердің ерекшелігі; барлық сурет қара түспен боялған және қағаздан қиып жасаған сияқты.

 Оқушылардың жауабынан кейін, силуэттердің көлеңкелер театрында қолданылатынын айтып сабақты қорытындылаңыз.

 Көлеңкелер театры – өнердің ғажайып түрі. Силуэттер – көлеңкелер театрының негізгі кейіпкерлері.

 Сен білесің бе? Көлеңкелер театры ең алғаш рет Азияда пайда болған.

 Зерттеу жұмысы (5 минут):бұл тапсырма оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Олар көлеңкелер театрын дайындау жолдарын қарастырады. Ол үшін керек заттарды біледі. Көлеңкелі бейнелерді қолмен қалай істеуге болатынын ойланады. Кейінірек көлеңкелер театры туралы айтып беріңіз.

 Көлеңкелер театры – бұл көркем өнердің ғажайып түрі. Жұмыс істеу әдістеріне қарай олар бірнеше топқа бөлінеді: қолғапты – қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді, сымды – сым адам қолының қимылымен қозғалады, жіптің көмегімен жүреді.

 Практикалық жұмыс (20 минут). Бұл тапсырма ертегі кейіпкерлерін дайындауға бағытталған. «Жануарлардың жыл басына таласуы» ертегісіне силуэт жасау керек.

 Міндетті түрде оқушыларға жұмыс тәртібін түсіндіріңіз:

 • кейіпкер таңдап ал, оның ерекше қасиеттерін атап бер;

 • қара қатырма қағазда кейіпкердің силуэтін сал. Суреттің сұлбасында қимыл-қозғалысының ерекшелігін көрсет.

 • көлеңкелі бейнелерді қайшымен қиып ал;

 • оны скотчпен таяқтарға жапсырып қой.

 Пәнаралық байланыс. Осы ертегіге қандай музыка сәйкес келетінін сұраңыз.

 Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру.

 Қабырғаға А4 форматты қағаз, қайшы және көлеңкесі түсіп тұрған суретті алдын ала іліп қойыңыз. Оқушыларға түйінді сөздерді үш тілде жазып, суретердің астына сәйкестендіріп ілуді тапсырыңыз.

Ресурстар

Қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, желім, оқулық, дайын үлгілер.

Интернет-ресурстар:

http://www.youtube. raymond crow on Spicks and Specks

Сабақтың соңы

3 минут

Бағалау.

 Жұмысты жұпта бағалау ұсынылады. Бағалау критерийі: силуэттің жануарға ұқсастығы, сұлбасы бойынша қию.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлеп оқыту – оқушыларға дайын шаблон беріледі.

Бағалау.

 Жұмысты жұпта бағалау ұсынылады. Бағалау критерийі: силуэттің жануарға ұқсастығы, сұлбасы бойынша қию.

Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар қойшымен, желіммен, әр түрлі бояулармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу