Олап тап және құрастыр. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 4.05.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Олап тап және құрастыр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау

1.3.3.1 қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы қарапайым пікірлер айту

 Сабақ мақсаттары

  • қарапайым тілмен, қимыл және музыкалық көрсетілімдерді пайдаланып, өз сезімдері мен әсерін түсінідіре алу;
  • қажет жағдайда өз жұмысы туралы пікірін білдіру.

 Жетістік критерийлері

  • репетиция ұғымымен таныстыру;
  • көрсетілімдеріне шығармашылық тұрғыда қарауға үйрету;
  • әртістік қабілеттерін дамыту;
  • ұжыммен жұмыс жасау дағдысынат әрбиелеу.

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

Репетиция – дайындық – therehearsal

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Пәнаралық байланыс

Өнер. Қойылым үшін қандай сахналық безендір укеректігін есіңізге түсіріңіз.

Математика. Әр топтың және жалпы дайындықтың уақытын санаңыз.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен таныстыру барысында АКТ-ны қолдану

Бастапқы білім

Жұмыстарды аяқтау және дайындықты бастау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Оқушылармен амандасу, көңіл- күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Сабақтың ортасы

33 минут

Сабаққа қатысты деректі материалдар (3 минут)

Репетиция – режиссёрдің жетекшілігімен қойылым және концерттің негізгі дайындық формасы. Көрермендердің алдындағы көрсетілімге жақсы дайындалу, кәсіби біліктілікті арттыру үшін репетиция жүргізіледі.

Сабақты би залында жүргізіңіз, ондағы көп айналар сізге қажет болады.

Ол үшін мектеп әкімшілігіне, би мұғаліміне алдынала ескертіп, дайындық - сабаққа қажетті заттарды әкеліп қою керектігін ұмытпаңыз.

 Сабаққа байланысты ескертпелер (5 минут)

Сабақты музыкалық сәлемдесумен бастаңыз. Оқушыларға сабақтың дайындық үшін үлкен орын (кеңістікті), қажетті айналары бар би залында өтетінін ескертіңіз. Оларға ән салу, би билеу, спектакль немесе театрлық қойылымда ойнау ұнайтындығын, қызықтап ден қойыңыз. Олардан сахнада жақсы өнер көрсету үшін не істеу керектігін сұраңыз.

Оқушылардың мүмкін жауабы: дайындалу.

 Сабақты түсіндіру. (10 минут) Оларға репетицияның- жаттау, белгілі бір кейіпкердің бейнесін сомдау үшін қайталау екенін түсіндіріңіз. Оқушыларға жақсы көрсетілім көрсету, дұрыс ұйымдастырылған немесе өткізілген дайындыққа байланысты екенін айтыңыз. Репитиция өзінің мазмұнына байланысты әртүрлі болады, мысалы: бірінші репитиция – мәтінді оқу, бұл кезеңде әртістер өз рөлдерімен алғаш рет танысады. Екінші кезеңде барлық қатысушылар спектакльдің барысымен танысады. Бұл кезеңде қатысушылар спектакльдің жеке бөлімдерімен жұмыс жасайды. Үшінші кезең маңызды рөл атқарады. Онда жеке дайындалған эпизодтарды бірге қосып, спектакльге қатысушылар сахналық киім үлгілерін киіп, толық рөлге енеді. Соңғы кезеңі «басты» дайындық деп аталып, көрермендер шақырылып, жасалған жұмыстардың нәтижесі бағаланады.

Жыл бойы оқушылар ән айтып, музыкалық- шулы аспаптарда ойнап, әнге би қимылдарын құрастырды. Осы жұмыс түрлерінің барлығы аудио/ бейне-жазбаға жазылып алынды. Оқушыларға осы жазбаларды көрсетіп, өздеріне ұнаған көрсетілімді таңдауларын өтініңіз. Олардан қандай кейіпкердің бейнесін таңдап алғандарын сұраңыз. Әр топпен жеке жұмыс жасап, оларға көрсетілім кезінде қажет жағдайда күліп, рөлге еніп, нағыз әртіс, музыкант, биші болу керектігін ескертіңіз.

Практикалық жұмыс. (15 минут) Оқушыларға сабақта өз көрсетілімдерін дайындауларын ескертіңіз. Бірақ, олар нақты алгоритм үшін, яғни жақсы ән айту үшін әннің мәтінін, әуенін жатқа білу, әнге би қимылдарын құрастыру және т.б.с.с. сияқты жұмыстарды дайындау керектігін ескертіңіз. Театрлық қойылымды көрсету үшін, қатысушылар ертегіні жатқа, өздерінің сахнада кіру және сөздерін білу қажеттігін айтыңыз.

Егер топтар ертегіні таңдаса, онда олар рөлдерді бөліп, сөздерін таратып, дайындықты бастауы қажет, ал сіз барлығын тексеріп, рөлдерді бөлуге, сөздерді таратуға көмектесуіңіз керек. Топтар жұмыс жасай бастаған кезде, олардың әрқайсысына бірінші айнаның алдында дайындалып, кейін топпен жұмыс жасау керектігін ескертіңіз. Әр топты бейнетаспаға жазып, оларға көрсетіп қателіктер болса түзетуге ұсыныс беріңіз.

Оларға хормен ән айтқанда бірін-бірі тыңдау керектігін ескертіңіз. Сабақтың соңында оқушыларға жақсы көрсетілім қою үшін үйде айнаның алдында дайындалу керектігін тапсырыңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қарапайым сөздерді қолдана отырып, өз қойылымдарын үш тілде көрсетуін сұраңыз.

Ресурстар

Оқушылардың жыл бойы жасағанжұмыстарының аудио/ бейне-жазбалары; ән, бидің фонограммалары

Презентация-дағы суреттерді көрсету.

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау

Бағалау үшін бейнекамераны қолданып, балалардың дайындығын түсіріп, өз көрсетілімдерін қалай бағалайтындарын сұрауға болады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушыларға мұғалімге көмек ретінде топтарға қажеттілігінше қолдау көрсетулерін ұсыну.

Бағалау

Бағалау үшін бейнекамераны қолданып, балалардың дайындығын түсіріп, өз көрсетілімдерін қалай бағалайтындарын сұраңыз.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтап отырулары керектігін ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу