Ойлан және құрастыр. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Көкшетау қаласы, физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып: 1

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойлан және құрастыр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.2

Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішіндерді жасау

1.2.4.1

Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • айқындалған материалдармен қарапайым пішіндерді жасайды;
  • оқушылардың техника қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейту.

 Бағалау критерийлері

  • таңдалған материалдарынан қарапайым пішіндерді жасай алады;
  • техника қауіпсіздігін сақтайтын болады;

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

Паспарту- паспарту- passepartout

декорация – декорация – settings

сахналық костюм – сценический костюм – onstage dress

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету:

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Еңбек және шығармашылық:

Шығармашылық жұмыс барысында еңбектену дағдыларын қалыптастырады;

 Пәнаралық байланыстар

Өнер. Декорация, сахналық костюмдер, бутафория туралы мәліметтер.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация мен видео жазбаны көрсету үшін, АКТ қолданылады

Бастапқы білім

Дене сұлбасын- силуэтін жасап үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

Сабақтың ортасы

36 минут

Сабаққа қатысты деректі материалдар

  • Практикалық жұмыс. (34 минут)

 Бұл тапсырма оқушылардың практикалық және өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Оқушыларға көрмеге қоятын жұмыстарын дайындауды тапсыру. Көрмеге қоятын жұмысты безендіруді, яғни паспарту, жасауды рет-ретімен көрсетіп түсіндіру. Оқушыларға мұқият қарап, тыңдап отыруларын ескерту. Ең алдымен суреттің бұрыштарын қарап шығу керек, сурет бұрыштарының тік болу керек екенін айту. Егер тіктеу керек болса, сызғышпен сызып алып, қайшымен қию керек екендігін айту қажет.

 Саралау- Кейбір оқушыларға нұсқаулық беруге болады, ал кейбіріне мұғалім көмектеседі.

Қауіпсіздік ережесі:

Оқушылар жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

 Оқушыларға қатты қағаз немесе қатырма қағаз дайындап алуды тапсыру. Оқушылардың назарын қағаздың ашық солғын түсіне аудару. Одан кейін суретті қағаз бетіне орналастырып, белгілеп алуларын сұрау. Суреттің артқы жағынан, бұрыштарына желім жағып қағазға желімдеу қажет. (сонымен қатар, жұмыс барысында нұсқаулықты немесе презентацияда көрсетілген реттілікті сақтай отырып жұмыстарын безендіру қажеттігін ескерту қажет.)

Кері байланыс.

Паспарту дегеніміз не?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Паспарту – суретті шет-шетінен бірдей жиек қалдыра отырып безендіру.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру (2 минут)

Топтық жұмыс «Сөздер мен суреттерді жина». Кабинетке үш тілде түйін сөздерді, декорациялардың және сахналық костюмдердің әр түрлі бейнелерін іліп қойыңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Оларға белгілі бір уақыт беріңіз. Оқушыларға суреттерді сәйкес келетін үш тілдегі түйінді сөздерімен бірге жинап алу керек екенін түсіндіріңіз. Кім жылдам жинап алады?

Ресурстар

А4, А3 форматтағы қағаз, қатырма қағаз, қайшы, скотч, әмбебап желім, ПВА желімі.

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау.

Мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады.

Жұмыс орындарын жинастыру.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушыларға нұсқаулық беруге болады, ал кейбіріне мұғалім көмектеседі.

Бағалау.

Мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады.

Өткір, үшкір заттармен жұмыс істеу барысында әрдайым техника қауіпсіздік ережесі туралы ескеріп отыру қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? ,

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу