Мен және менің мектебім. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 А-бөлім: Менің мектебім

Көкшетау қаласындағы

физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен және менің мектебім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

1.1.1.1

қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерімен,таныс бейнелері мен формаларын анықтай бастау

1.4 Идеялар мен сезімдерді көрсету

1.1.4.1

зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, модельдеу, сурет салуды үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсына және жеткізе бастау

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

1.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

1.3 Идеяларды талқылау, бақылау және дамыту

1.1.3.1

идеяларды талқылау және сұрақтар қою

3.2 Өнердегі әдіс-тәсілдерді талдау

1.3.2.1

көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау

3.1 Презентация

1.3.1.1

идеяларды қарапайым тілмен жеткізу

 Сабақ мақсаттары

  • Оқушыларды өздерін қоршаған ортамен таныстыра отырып, өздеріне таныс сызықтар мен пішіндерді белгілету;
  • Мектеп ішіндегі нысандарды фотоға түсіруді үйрету;

 Жетістік критерийлері

- Мектептегі таныс бейненің ерекшеліктерін анықтай және идеясын қарапайым тілмен жеткізе алады;

- Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя біледі және талқылауға қатысады;

- Камерамен жұмыс істеу дағдыларын біледі;

- Бағалы затпен ұқыпты жұмыс істей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Өзінің мектебі жайында әңгімелегенде мектебінің бейнесін сипаттай алады.

Талқылауға салынатын сұрақтар:

  • Біздің мектептің түсі қандай?
  • Мектепте қандай заттар бар?
  • Мектепте мен қандай іс-әрекеттермен айналысамын?

Түйінді сөздер: Мектеп-школа-school

Фотокамера-фотосамера-camera

Фотосурет-фотография- photo

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету- оқушылар бір-біріне жұмыс барысында мүмкіндіктерінше көмек көрсетеді;

Бір-бірлерінің ойларын тыңдай алады;

Еңбек және шығармашылық- оқушылар мектеп ішін суретке түсіру барысында шығармашылық жұмыс жасайды.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану-фотоға түсіру туралы ақпарат

Музыка-мектепте естілетін дыбыстар туралы әңгіме.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар фотокамераға немесе ұялы телефонға суреттер түсіреді.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақтарда өткен сызықтар мен пішіндер жайында алған білімдерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру

  • Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою.

 Сабақтың басында әр түрлі сыныптың немесе мектеп ғимаратының фотосуреттер көрсетіп, оқушыларға жұмбақ жасыру:

Білімнен мол сый-асы,

Балалардың ұясы. (мектеп)

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

/Презнтацияның 2 ,3,4 слайдтары пайдаланылады/

  Сіздердің ойларыңызша сабақтың тақырыбы қандай болады? -деген сұрақ қою.

 Басында оқушылар фотосурет, дала, ғимарат деп өз ойларын айта бастаулары мүмкін. Бірақ соңында оқушыларға оқушы және мектептің суреті салынған сурет көрсетіледі.

Осы сурет арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Осы сәтте мұғалім:

-Дұрыс, сабақтың тақырыбы мектепке арналады!

Мектеп туралы оқушыларға сұрақ қою:

-Мектеп деп нені атаймыз, соны анықтайық? Оқушылардың жауаптарын естіп, осы сөзге келесідей анықтама берейік:

-Мектеп (грек тілінен аударғанда, schole)- жалпы білім беретін оқу орны деген мағынаны береді деп анықтап айту.

Сабақтың ортасы

 Оқушыларға фотосурет жайында ақпарат беру:

 Оқушыларға фотосурет және суретке қалай түсіру қажет екендігі жайында ақпарат беру. "Камераны бұрын кім қолданып көрді?» деген сияқты сұрақ қою.

 Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

 Фотосурет– фотоаппараттың көмегімен алынған бейне. Фотосуреттің дұрыс және айқын шығуына әсер ететін бірқатар визуалды нысандар бар. Бұлар: композиция, формат, ракурс, фотоға түсіру сәті, көрініс, жарық, түс.

 Жас фотосуретшіге кеңес:

 Презентация көрсету.

 5-ші слайд: камераны көз деңгейінде ұстаңыз (түсіретін нысанның). Төменнен жоғары қарай, немесе өз бойыңыздан төмен қарай фотоға түсірмеңіз. Фотоға ерекше әсер бергіңіз келсе, сонда ғана осылай түсіруге болады. Балаларды түсіретін болсаңыз, олардың көзінің деңгейіне дейін төмен түсіңіз, әйтпесе пропорциялар қате шығады.

 6-ші слайд: фотоға түсіргенде фотосуреттің форматына басты назар аудару керек. Егер түсіретін нысан биік, тік болса, онда фотосурет форматы тік болу керек. (фотоаппаратты тік ұстау керек). Егер кеңістік түсірілетін болса, фотосурет форматы көлденең болуы керек.

 7-слайд: фотоға түсіру сәті– бір сәтті, қимылды түсіріп алу.

 8-слайд: Оқушыларға бірнеше фотосуреттер көрсетіледі. Осы суреттердің ішінен дұрыс түсірілген фотосуретті тауып алуы қажет. Оқушылар жауаптарын дәлелдеп береді.

 Тарату материалдарымен жұмыс жасау:

 Суретші- фотографтардың түсірген суреттерінен үлгілер көрсету. Берілген тарату парағын оқушыларға таратып, жауаптарын алу.

/Оқушылар жұмыс істеп жатқанда 9-10 слайдтарды ашып қою/

 Шығармашылық жұмыс:

 Оқушылар алдын ала сабаққа фотокамера немесе ұялы телефон әкелген болатын.

Мектепке саяхат жасау үшін оқушыларды жұптап бөлу.

 Оқушыларды жұпқа бөлу. Жұпқа бөлу үшін тақтаға тізіп оқушылардың туған күндерін жазып шығу. Тізбектелген сандары басынан бастап екі- екіден бөліп шығу.

 Әр жұпта бір фотоаппарат болу қажет. Оларға сандық фотоаппаратпен қызықты нысандарды, ұнаған орындарды және мектептің басқа да бөліктерін фотоға түсіру үшін бірге жұмыс істейтіндерін түсіндіру. Мұғалім алдын ала қозғалыс маршрутын сызып алып, сол маршрут арқылы қозғалулары тиіс.

 Оқушылар сыныптан шықпас бұрын оларға фотоаппаратты күтіп ұстау қажет екендігін және сынғыш, қымбат заттарды ұқыпты ұстауға дайын болуы керек екендігін ескеру.

 Оқушыларға мектептің қызықты нысандарын, ұнаған орындарын фотоға түсіруді тапсыру. Нысанды фотоға түсірмес бұрын, оны қай жағынан түсірген дұрыс болатынын ойлап алу керек. Фотоаппаратты көз деңгейінде қозғалтпай ұстау, жарықтың арттан түсіп тұру керек екенін естеріне салу. Оқушылар өздерінің идеяларымен таныстырып, неліктен сол орынды таңдап алғандарын және фотосуретте қандай сызықтар мен пішіндер кездесетінін түсіндіріп берулері керек.

Фотосуретке түсіру әдістері көрсетілген презентация

Фотоаппарат, камерасы бар ұялы телефон

Сабақтың соңы

Бағалау:

  Оқушыларға алдын ала сары және жасыл түсті стикерлер таратылады. Тақтаға оқушылар өздерінің стикерлерін жапсыратын фотосурет жиектемесін салып қою қажет. Оқушылардан фотоға түсіру ұнаған, ұнамағанын, фотоға түсіргенде қандай қиындықтар болғанын сұрастыру. Егер фотоға түсіру ұнаса, бірақ қиын болса, онда сары стикер жапсырады. Егер фотоға түсіру ұнаса және жеңіл болса, жасыл стикер жапсырады. Оқушыларды атқарған жұмыстары үшін қошеметтеп, алғыс айту қажет.

  Сабақтың соңында оқушыларға келесі сабақта түсірген фотосуреттерінің ішінен ең жақсы деген үш суретті шығарып әкелуін тапсыру. Бұл суреттер артынан фотосуреттер көрмесін ұйымдастыру үшін қажет болады.

Рефлексия:

 Оқушыларға сабаққа қатысты көңіл-күйлерін білдіру үшін, смайликтер таратылады. Көңіл-күйіне сай келіп тұрған смайликті белгілейді.

Саралау – оқушыарға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды жұпқа бөлген кезде оқушылардың алғырлығы мен шапшаңдығын ескеріп, баяу оқушылармен жұптастыру.

Сабақтың соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін және фотоға түсіру жұмысының ұнағаны, ұнамағаны және қиын болған, болмағандығын стикерді жабыстыру арқылы бағалайды.

Оқушылар мектептің ішінде суретке түсіріп жүрген кезде техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу