Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


1Қосымша

Финляндия мектептерінің құпиясы қандай? Баланы неге дайындаймыз? Өмірге ме, емтиханға ма?

PISA халықаралық ұйымының зерттеулеріне сәйкес, финдік білім жүйесі әлемнің ең үздігі танылған. Финляндия балалары дүниежүзінің «оқымысты балалары» атанып қана қоймай, жаратылыстану пәндерінен 2-орын, математика бойынша 5-орынды иеленген. Алайда педагогтар қауымдастығын таңқалдырған бұл жайт емес, осындай үздік нәтижелерге ие бола тұра, фин балаларының білім алуға мейлінше аз уақыт бөлетіндігі және әлдеқайда аз қаржы жұмсайтыны. Қош, сонымен Финляндия мектептерінің құпиясы қандай? Үздік танылуының сыры неде?

Мұнда мектептер 2 сатыдан тұрады: төменгі (alakoulu) 1-6 сыныптаржәне жоғарғы (yläkoulu) 7-9 сыныптар. Қосымша ретінде 10 сынып бар, онда оқушылар өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Одан кейін балалар кәсіби колледжге не оқуды жалғастырғысы келгендері лицейге (lukio) түсіп, 11-12 сыныпты тәмәмдайды.

Фин мектептерін өзгелерден ерекшеленген 7 принципі бар:

1. Теңдік. Мұнда элиталық немесе «әлсіз» мектеп деген атау мүлде жоқ. Барлық оқу орындағы құрал- жабдықтар және қаржылдандыруы бойынша бірдей мүмкіндікке ие. Бір пән өзге пәннің есебінен тереңдетіліп оқытылмайды. Математика пәні еңбек сабағынан немесе ағылшын тілі дене шынықтыру сабағынан артық болып саналмайды. Оқытушыларға баланың ата-анасының жұмыс орны жөнінде сұрақ қоюға тыйым салынған. Ұстаз оқушыларды мүмкіндіктеріне, қабілетіне қарай сыныптарға топтастыруға құқы жоқ. Себебі «жаман» не «жақсы» оқушы деген түсінік жоқ. Дарынды балалар да, ақыл есі төмен немесе мүгедек балалар да бір сыныпта білім ала береді. Ұстаз үшін «ерекше» бала жоқ. Барлық оқушыны қоғамға бірдей қосуы тиіс.

2. Тегін. Білім беруден бөлек оқушылар үшін: түскі ас, экскурсия, мұражайға бару, мектеп автокөлігі, барлық кітаптар, оқу құралдары, қағаз- қалам, калькулятор, ноутбук-планшеттердің барлығы оқушыға тегінберіледі Қандай да бір мақсатта ата-анадан ақша жинауға тыйым салынған.

3. Даралық. Яғни әр балаға жеке дара азамат ретінде қарау. Бір сыныптағы балалар бір мезетте түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап отырады. Ұстаз оқушының жеке қабілетіне орай тапсырмаларды ұйымдастырады. Егер тапсырманы «үздік» орындаса, жоғары деңгейдегі жұмыс береді. Ал орындай алмай қиналса, қайтадан бұрынғы деңгейдегі тапсырмалар легі беріледі. Ол үшін баланы ешкім жазғырмайды. Егер оқу үлгерімі мүлде нашар болса, ата-ана баласын түрлі курстарға сүйреп, жеке репетитор жалдамайды. Ол ұстаздың міндеті. Сабақ арасында, сабақтан тыс кезде оқытушы сол балаға жеке көңіл бөліп, тапсырмаларды барынша түсіндіруге тырысады. Біздегідей оқымаған баланың күнделігіне тарсылдатып, «2»-ні қоя бермейді.

4. Тиімділік. Мектепте оқушының өміріне қажет дүниелер ғана оқытылады. Логорифм немесе домен пешінің құрылымы балаға қажет деп саналмаса, оқытылмайды. Оның орнына балалар кішкентайынан бастап портфолионың, келісім-шарттың, банк картасының не екенін біліп өседі. Бала күнінен мұраға қалған дүние мен болашақта табатын табысынан салықтық пайызын есептей біледі. Интернеттегі визитка-сайтты жасауды үйреніп, бірнеше рет арзандатылып қойылған тауардың соңғы құнын шығара алады.

5. Сенімділік. Ұстаздарды, мектеп қызметкерлерін тексеру, жұмыстарын қадағалау деген мүлде жоқ. Елде білім беру бағдарламасы бірыңғай жүйеге түскен. Алайда ол ұсыныс күйінде беріледі. Қандай әдіспен оқытуды ұстаз өзі таңдайды.

6. Еріктілік. Кім оқығысы келсе, сол оқиды. Мұғалімдер баланың назарын аулауға, сабаққа қызықтыруға тырысады. Егер баланың қызығушылығы мүлде болмаса, онда ыңғайына қарай аса қиын емес мамандыққа бейімдейді. Төмен бағаларды үздіксіз қойып, баланың сағын сындырмайды. Бәрінің бірдей ұшақ құрастыруы міндет емес, бізге автобус жүргізушілері де қажет деп есептейді. Алайда бұл «мектеп біліміне қол сілтеп қарау» дегенді білдірмейді. Бала қатыспаған, келмеген сабақтарын міндетті түрде сабақ арасында өзге сыныптарда өтеді. Бірақ тапсырманы орындамаған балаға жекіп-ұрсып, ата-анасын шақырып, кемсітпейді. Тек келесі сыныпқа өткізбейді.

7. Дербестік. Яғни тұлға ретінде өз-өзіне ерте қалыптастыруы. Финдердің пайымдауынша, мектепте бала ең басты нәрсені үйренуі керек: өзінің жарқын болашағын қалыптастыра алуды. Дербес ойлануға, өзіне, өміріне қажет білімді өз еңбегімен жиюға үйретеді. Тағы бір ескеретіні: 1-3 сыныптарда баланың сабақ үлгеріміне ешқандай баға қойылмайды. Мейлі жақсы оқысын, мейлі жаман оқысын. Сабақ кезінде оқушылар партада отыруға міндетті емес. Жерде (Фин мектептерінде жерге кілемдер төселген), диванда, креслода немесе өзі қалаған орында отыруға құқы бар. Бірыңғай мектеп формасы жоқ. Әркім қалаған киімін киеді. Тек мектептің ішінде сыртқы аяқ киімін ауыстыруы тиіс. Төменгі сыныптың оқушылары көбіне жалаң аяқ жүгіріп жүреді. Күн райы жылы кезде барлық сабақтар таза ауада, табиғат аясында өтеді. Ал сабақ сыныпта өткізілгенде, күн салқын болса да, ұстаздар үзіліс кезінде балаларды сыртқа шығаруға міндетті. Оқушыға үй тапсырмасы берілмейді. Финдердің түсінігінше, балалар демалуы тиіс. Үйде сабақ қарағаннан гөрі, баланың әке-шешісімен бірге мұражайға, бассейнге немесе бірге табиғат аясында серуендеуі – әлдеқайда пайдалы деп санайды. Балалар сабақ айту үшін «тақтаға» шығарылмайды. Ұстаз балаларға ортақ тапсырма беріп, оның орындалуына көмектесіп, сыныпты аралап, қарап жүреді. Ұстаздың көмекшісі де сөйтеді (Фин мектептерінде сыныпта екі мұғалім өткізеді, бірі көмекшісі ретінде).

2 Қосымша

Ұлыбританияда білім беру қалай ұйымдастырылған

Британ мектептеріндегі білім беру – Еуропадағы ең көп қатпарлы және беделділердің бірі. Балаларға (және ата-аналарға) көптеген түрлері ұсынылады: жеке мектептер, мемлекеттік мектептер, жеке оқыту, бірге оқыту, пәндерді таңдау, мамандықты таңдау. Primary school, Secondary school, College, University. Түсініп көрейік.

Бастауыш мектеп: барлығымыз біреу үшін

Бастауыш мектеп 5 жастан басталады және екі сатыға бөлінеді. Екі жылдық pre-preparatory school-да балалар әлі оқымайды, дұрысы, кіші сыныптарға – primary school (ол preparatory school немесе elementary school) дайындалады. Келесі сатыдағы оқыту – бұл негізгі пәндер: тілдер, қарапайым математика, тарих, жаратылыстану, дене шынықтыру, музыка. Төменгі сыныптарда жобалық жұмыстар өте кең таралған – оқушылар топқа бірігіп, ортақ тапсырмамен бірлесе жұмыс істейді. Жалпы, «бірге» қағидасы ағылшын мектептерінде өте жақсы дамыған, егер үйретіледі деп айтпағанда. Мұғалімдер көпшілік жағдайда барлық балалардың аттарын (және көпшілік ата-аналарды) біледі және балалардың бір-бірімен дос болып кетуіне көмектеседі, үлкендердің кішілерге қатысты ұсыныстарын қолдайды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа үлкен көңіл бөлінеді: агрессия өте қатаң жазаланады, тіпті мектептен шығаруға дейін барады.

Орта мектеп: білім беру, тәрбие, әдет-ғұрып

11-12 жастан бастап екінші саты басталады – Secondary school, орта мектеп. Ол жалпы білім беретін, гимназия, іріктемелі мектеп немесе шіркеу мектебі болуы мүмкін. Шіркеулік –приходтарда құрылған мектептер, іріктемелі мектептерде, мектепке түсер алдында жақсы тапсырған тестке, яғни негізгі пәндер бойынша жоғары бағаға көбірек көңіл бөлінеді, гимназиялар математикаға басымдылық береді.

Дегенмен, жеке мектептер оқушыларға көбірек көңіл бөледі және білім берудің барынша жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді деп саналады. Тәуелсіз мектепте оқудың тағы бір себебі – тарихтың бір бөлігі болу және ағылшындар үшін әрқашанда маңызды болып табылатын, дәстүрді сақтап қалу. Көптеген ағылшын отбасы бір ғана мектепте оқуды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді және де дәстүрді сақтап қалу үшін ғана басқа мектеп қарастыру туралы мүлде ойламайды да.

Ал ұлдар мен қыздарды жеке оқыту – дәстүрге құрмет көрсету ғана емес, дәлелді кең таралған тәжірибе. Мұндай дәстүрді жақтаушылар да қарсылық білдірушілер де бүгінде Ұлыбританияда теңдей деңгейде, сондықтан ондай мектептер бұрынғысынша танымал. Жеке оқытуды жақтаушылардың сарыны мүлде екіжүзді емес. Керісінше, олар балаларды түрлі корпустарға (мектептерге) бөліп тастау керек деп санайды, бөлу кезінде мына себептерге назар аудару керек:

- Қыздар ұлдарға қарағанда зияткерлік жағынан тезірек дамиды – бір сыныпта озық оқушылар мен артта қалушыларды араластырудың қажеті жоқ.

- Ұлдар мен қыздарда жетістікке жетудің өлшемдері әр түрлі – оларды өзара түйістірудің қажеті жоқ.

- «Ерлер» мен «әйелдердің» міндеттері бір сарынға түсіріледі –қыздар да, ұлдар да өз ұжымында «қыздардікі емес» және «ұлдардікі емес» жұмыстарды орындауды үйренеді, барынша өз бетінше және ұйымдасқан бола алады.

Өте көп мектептер, тіпті мемлекеттік мектептер де – бұл пансиондар. Яғни балалар ол жерде сабаққа ғана қатысып қоймайды, сол жерде тұрады, сондықтан барлық пансиондардың қоршалған үлкен аумағы (шын мәнінде, кішігірім кампус) болады, ол жерге оқу, тұрғын ғимараттары мен міндетті түрде спорт орталығы салынады.

Бұл сатыда көптеген оқушылар мемлекеттік мектептерден жеке мектептерге ауысады, Ұлыбританияда жеке бастауыш мектептер, әрине бар. Британ жеке мектептері – монархия, театр өнері және рок-музыка тәрізді елдің визит карточкасы. Бүгінгі күні Ұлыбританияда төрт мыңдай жеке мектеп бар, ал олардың алғашқылары бұл жерде монастырлар кезінде көптеген ғасырлар бұрын пайда болған. Шындығында, қазір олардың монастырьға тікелей қатынасы жоқ. Тәуелсіз мектеп – мемлекеттік қаржыландырудан және мемлекеттік білім беру бағдарламасына тәуелсіз екендіктерін білдіріп, оларды осылай да атайды. Алайда жүйелердің оқыту базасы бірдей. Айтпақшы, спорт туралы. Дене бітімініңдамуы, британдықтардың ойынша – үйлесімді тұлға болудың бір кепілі, сондықтан мұнда, Еуропаның барлық жеріндегідей, спортқа өте үлкен көңіл бөлінеді. Жеке мектептер өзінің оқушыларына ондаған секция түрлерін таңдауға ұсынады: теннис пен крикеттен бастап суға жүзу мен командамен ескек есуге дейін. Турасын айтқанда, Ұлыбританияда спорт, мектептер мен университеттерде ғана, бұлшық етті шыныққан дене өсіру тәсілі ретінде ғана емес, жақсы тәрбие беру мен қоғамда біріктірудің элементі ретінде қабылданады. Жоғарыда айтылған крикет (немесе, мысалы, крокет – шет елдіктер үнемі бұлардың әр түрлі ойындар екенін ұмытып кетеді), атқа міну, гольф – таңдау көп және бұлардың барлығы тек спорттық үйірмелер ғана емес, сонымен қатар болашаққа дайындама. Спорттық шаралардың көпшілігі іс жүзінде шынайы болып келеді, сондықтан бұл жерде дене шынықтыру сабағынан қалмайды.

Егер де бастауыш мектеп жалпылыққа, ортақтыққа көбірек көңіл бөлсе, орта мектеп білім мен тәрбие беруге көбірек ден қояды, және де «білім беру» түсінігіне оқыту ғана кірмейді, сонымен қатар риторика дағдылары, мәтімен және ақпаратпен жұмыс істеу, көпшілік алдында өнер көрсету, және классикалық та, замануи да өнерді түсіну кіреді. Ағылшын джентльменін немесе жас ханшайымын тәрбиелеу – ең таңдаулы мектептердің құзыреті, ал қоғамда өзінді ұстай білуді мектепте жай ғана қадағалайды. Қызық, осы қағидалардың барлығы шындықпен қалай үндеседі: ағылшын жасөспірімдері Еуропадағы ең бір сотқар және бұзық болып саналатындығы құпия емес. Сол мезетте олардың барлығы да жақсы әдетке үйренген және қажетті сәтте өз білімдерін өте тез «іске қосады». Орта мектептегі оқудың өзі пәндер бойынша тест тапсырудан басталады, ол оқушыларға одан әрі айналысатын ісінің түрін анықтауға көмектеседі. Тест нәтижесі бойынша оқушылар оқитын пәндерін өздері таңдайды. Бұл саты білік емтиханымен аяқталады, оның екі түрі болады: академиялық және кәсіби. Кәсіби емтихан тапсырған бітіруші еңбек жолын бастауға құқылы, академиялық біліктілік әрі қарай оқуды жалғастыруды керек етеді.

Жоғары мектеп: жоғары оқу орнына дайындау

A-Level сертификат немесе оның халықаралық IB (International Baccalaureate) аналогі – бұл әлі орта мектеп, бірақ университетке түсуге тікелей дайындық. Ол тағы да екі жылға созылады. Осы сатыда оқушылар тағы да өздеріне пән таңдайды, ол оқушыларға жоғары оқу орнына түсетін кезде қажет болады. Ұлыбританияда бағалау жүйесі 100 баллдық:

A бағасы — 100-70 балл

В бағасы — 60-69 балл

С бағасы — 50-59 балл

D бағасы — 40-49 балл

E бағасы — 39 баллжәне одан да төмен

Бағалардың өте нақты өлшемдері бар, сондықтан финалдық баға алу үшін емтиханда қанша балл алу қажет екендігін алдын-ала санап алуға болады: ол барлық емтихандық баллдардан құралады, сонымен бірге әрбір пәннен жылына ең аз дегенде бір емтихан тапсырасың. Оқу кезінде емтихандарды, тек ең соңғысынан басқасын, әрқашан да қайта тапсыруға болады. Барлық оқу орындары дерлік A-level және IB бағаларын қабылдайды және әңгімелесу жүргізеді – бұл сертификаттармен жекелеген оқуға түсу емтихандарын тапсыру қажет емес.

https://bilim-all.kz/article/4298-Ulybritaniyada-bilim-beru-qalai-uiymdastyrylgan

3 Қосымша

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.

Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.

Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:

  • -саты — жалпы бастауыш білім беру ( 1–4-сыныптар — бастауыш мектеп). Оқуды бастау жасы — 6 жас.

Оқу мерзімі — 4 жыл.

Негізгі міндеті — баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы жəне оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.

  • -саты — негізгі орта білім беру (5–10-сыныптар — негізгі мектеп). Оқу мерзімі — 6 жыл.

Негізгі міндетіадамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.

  • -саты — жалпы орта білім беру (11–12-сыныптар — жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы — 2 жыл. Негізгі міндет — бейінді оқыту

Бейінді оқыту — жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жаса

4 Қосымша

Сингапурлық оқушылар қалай білім алады?

Білім алу барлық елге ортақ. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайларына байланысты оқу жүйесі, заңдылықтары әртүрлі болары анық. Мысалы, сингапурлық оқушылар қаңтар айынан бастап оқиды. Осындай ерекшеліктері бар Сингапурдың білім беру жүйесімен таныс болыңыздар.

Мектепке дейін Мектепке дейінгі мекемелер 3 жастан бастап қабылдайды, балалар бұл мекемеде 3 жыл дайындалады: балдырған, бірінші жыл және екінші жыл (K1 және K2) деген сатылармен мектепке дайындалады. Бір қызығы, Сингапурда мемлекеттік балабақшалар мүлдем жоқ. Демек, ата-аналар балаларын жекеменшік балабақшаларға беруге мүмкіндігі мол. Санауға, сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға бейімделеді. Ана тілінен басқа (қытай, малай, тамиль) ағылшын тіліне де жатық болып тәрбиеленеді. Мектеп сатысы Сингапурда балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. 1-4 сынып аралығын негізгі сынып деп санаса, 5-6 сыныпты бағыт-бағдар беретін саты ретінде қарайды. Сабақ қаңтар айының 2 жұлдызынан басталады, оқу жылы 4 тоқсаннан тұрады, әр тоқсан 10 аптадан тұрады. Тоқсан арасында 10 күндік каникул беріледі. Барлық мемлекеттік мектепте білім алу тегін болғанымен, әр оқушы жыл сайын мектеп шараларына 13 сингапур долларынан жинап береді. 3-сыныптан бастап жаратылыстану пәндері оқытылады. Бастауыш сыныпты аяқтаған соң, орта буынға көшу үшін емтихан тапсырады. Емтихан қорытындысы бойынша оқушылар арнайы, экспресс, академиялық және стандартты деген бағыттарға бөлінеді. Оқушылар мектеп бітіргенде аталған бағыттар бойынша аттестат алады. Арнайы және экспрес бағытын тамамдағандар O-дәрежесіндегі аттестат берілсе, академиялық және стандартты бағытты бітірген оқушыларға N-дәрежесіндегі аттестат беріледі. Алдыңғы дәрежемен бітірген оқушылар біздің жүйемен «Үздік аттестат», ал соңғысы жай аттестат болып есептеледі. Оқушылар тек сабақ оқып қана қоймай, өздерін актерлік және спорттық қырынан таныта алады. Сингапурдың бастауыш білім беру жүйесі 4 жылдық бастапқы дайындық және 2 жылдық арнайы дайындық сатыларынан тұрады. Бастапқы дайындық сыныбында ағылшын тілі, ана тілі, математика, этика, көркемөнер, музыка және дене шынықтыру сабақтарын оқиды. Ал арнайы дайындық сыныбында оқушыларды тіл таңдауына байланысты сыныптарға бөлінеді. Оқушылар өз ыңғайларына қарай тапсыратын емтихандарын таңдап алады, ауызша не жазбаша, тест сынақтары, т.с.с. Тілді білу дәрежесіне қарай арнайы сабақтар да өткізіліп тұрады. Бағалау жүйесі Сингапур оқушылары 9 баллдық жүйемен бағаланады. А1/А2 өте жақсы, B3/B4 жақсы, C5/C6 қанағаттанарлық, D7 нашар, E8/F9 өте нашар деген бағалармен бағаланады.

https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/34024/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу