Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. Өзгеріс пен сабақтастық. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.


1 Қосымша

Алғашқы деректерге сүйенсек, ең алғаш Ежелгі Шығыста пайда болған. Шумерлер. Ертеректе жоғалып кеткен бұл тайпалар жайында тек ХІХ ғасырда ғана айтыла бастады. Шумерлер Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында өмір сүріп, тұрған жерлерінде мәдени орта қалыптастырған. Олар жер өңдеп, тігін тігу, киім тоқу, медий мен қоладан қару-жарақтар және саз балшықтан бұйымдар жасаған. Б.з.д. 3000 жылдың өзінде жазу үлгісін қалыптастырып, алгебра ережелерін меңгеріп, кез келген саннан түбір шығара алатындай дәрежеге жеткен. «Тақтайшалар үйі» атты мектептері болған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтайшаларға жазатындықтан, мектептер дәл осылай аталған. Мектеп мүдірін «уммиа» деп атаған. Оған «аға мырзалар» көмектескен. Яғни, тәртіп пен білімге жауап беретін ұстаздар. Бүгінгі таңда шумерлік балалардың жазып қалдырған тақтайшалары табылып отыр. Осындай тақтайшалардың бірінде оқушы жазған шығармасында ұстазына алғыс айтқан. Осылайша жер бетіндегі ең алғашқы мектептер пайда болған.Мектептерде жазу, есептеу, сызу, сурет сабақтарын жүргiзетiн арнайы мұғалiм қызмет атқарған. Мектептердегi пәндердi оқыту, тәртiп сақтау мәселелерiмен арнайы адамдар айналысқан.

Мектепте оқыту ақылы болған. Ата-аналар балаларының хат тануына ерекше көңiл аударып, мұғалiмнiң тәрбие бергенiне қосымша төлемақы берiп тұрған.

Мектептегi оқу оқушыларға қарапайым бiлiм берiп, хатшылыққа немесе шағын шаруашылық қарекеттерiне дайындаған. Мектеп ағарту және мәдениет орталығы болған. Ол мектептердiң жанынан кiтапханалар (мысалы, Ниппур кiтапханасы б.з.д. 2-мыңжылдық) ашылып, онда бiлiм мекемелерi ретiнде патриархалды-отбасылық тәрбие берiлген, оқушылар қолөнер элементтерiне үйретiлген. Өйткенi, ежелгi Қосөзен мемлекеттерiнде бала тәрбиелеуге отбасы жауапты болған. “Хаммурапи Кодексi” бойынша әкесi баланы өмiрге дайындау ісімен айналысып, өз қолөнерiн үйреткен.

Грек мектептері 3 басқыштан тұрған.

Бірінші басқыш мектеп жасына дейінгі тәрбие (3 — 7 жасар). Бұл кезеңде балаларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеген.

Екінші басқыш 7 — 12 жасар балаларға жазу жазуды, оқуды, сызу сызуды, сурет салуды үйреткен.

Үшінші басқыш гимнасия деп аталған. Әр түрлі ғылым салалары бойынша білім алып, шешендік өнерге баулыған. Қыз балаларға арналған мектептер болмаған.

Грек ғалымдары табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, әдебиетпен, математикамен, философиямен, тіршіліктанумен, тарихпен танысып, медицина ғылымын зерттеумен айналысқан.

Грек мәдениеті бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына үлес қосқан. Грек мәдениеті өзінің ауқым шеңбері мен мазмұны жағынан әр алуан болған.

Ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель өз мектептерінің негізін қалады. Платон академияны, ал Аристотель лицейді негіздеді. Ежелгі грек мектептері үш сатыдан тұрды. Бірінші басқышта – мектеп жасына дейінгі 3-7 жасар балалар оқыған, екінші басқыш – 7-12 жасар балаларға арналған, үшінші басқыш – гимнасия деп аталған. Ауқатты үйде мұғалім-педагогтерді ұстаған. Мектептің екінші басқышында жазуды, оқуды, санауды және сурет салуды үйренді. Жазуды балауыз жағылған тақтайшаларға жазған. Әріптерді салуға ұшы үшкір темір бізді пайдаланған. Оны стиль депатады.

Гректермузыка өнерін де жоғары бағалады. Олар би билеп, әншырқауды, лира мен флейтадаойнағандымақтантұтты.

Он екіжасынанбастапұлбалаларқосымша палестра (пале – грекшекүрес) мектептерінеқатысқан. Ондагимнастикамен, жүгірумен, күреспен, секірумен, диск және найзалақтырумен шұғылданған. Гимнасияларда он сегіз жастанбастап оқыды. Жекеленгенғылымсалаларыбойыншабілімалған.Үздікбітіргендеріжақсышешен, дипломат, әділ сот болып, мемлекеттібасқаруісінеараласыпотырған. Қызбалаларды үйдеаналары тәрбиелеген.

 https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/15622/

2 Қосымша

Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.

Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.

Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды.

Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке;

Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.

Епископтің соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мепктептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде “жеті еркін өнер” деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияның алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды діниелері даярланды.

Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті “рыцарлық қасиеттерді” меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзалау, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білуміндетті болмады.

Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оны оларды діни рухта тәрбиеленді, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.

ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы және қаланың өсуі қалалық, негізінен светский мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодальдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.

Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер – гильдейлік мектептер ұйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға және жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі мектеп.

ХІҮ-ХҮІІ ғасыр тарихқа қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатынды. Бұл кезең феодальдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болумен мануфактура мен сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүниенің мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады.

Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. ХІҮ-ХҮІ ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus – адамды сүю деген мағынаны білдіреді).

Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді.

Гуманистердің жариялаған “адамға табынуы” адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар және жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.

Педагогтар гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, ол балалардың шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектескен болар еді, оларды терең біліммен қаруландырар еді.

Гуманистер айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты орынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға ретін сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және салалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер педагогтер-гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмнің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ғана ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.

Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы ашу Индияға теңіз —— ашу т.б. ұлы жаңалықтаремн ерекшеленеді.

3 Қосымша

Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.[1]

XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Қазақстандағы халық ағарту ісі екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. XIX ғ. өзінде Ш. Уәлиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстаздық еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды: «Таңқаларлық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде-бір нақты ой-пікірге құрылмаған оқу», – деп бағалады ол мұны. XX ғ. басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыс басталды. Оны ұйымдастырушылар жаддашылар болды. Олар оқытудың әріп құрастыру тәсілін дыбыстық тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметиканың, географияның, жаратылыстанудың, тарихтың және басқаларының оқытылуы керектігін дәлелдеді. Соған қарамастан оқытудың жаңа тәсіліне көшкен мектептер көбейе қоймады. Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі – үш жылдан төрт жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ісләм дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды. Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Б. Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты. Азаматтық сипаттағы жай оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғанынан кейін ашылды. Олар отарлық аппарат үшін шенеуніктер, тілмәштер, мүғалімдер, дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1786 ж. Омск қаласында Азиаттық мектеп, 1789 ж. Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындары балаларды, соның ішінде қазақ балаларын да тілмәштік, писарлық (кеңсе қатшысы) мамандыққа үйретті. Әскери мамандарды және әкімшілік шенеуніктерін 1825 ж. Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 ж. негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты. XIXғ. үшінші бөлігінде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ және орыс-жергілікті халық училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының ролін атқарды. Бөкей Ордасындаересектер мектептері құрыла бастады. Олар екі кластық курсты бітіріп, мұғалім болды. 1898 ж.-дан 1914 ж. дейін Қазақстандағы бастауьш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы шәкірттер саны 29,1 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Орта оқу орындарының реальдық училищелердің, ерлер мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 ж. олар 12 ғана болды. Бұларда 4 мың шәкірт білім алды. Мектеп ісін жолға қоюда қыз балаларға білім берудің дамуы прогрессивті құбылыс болды. Ы. Алтынсариннің күш салуымен 1887 ж. Ырғызда қыздар училищесі ашылды. 1890 – 18% жж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады. 1896 ж. қарай бұларда 211 қыз, соның ішінде 70 қазақ қызы оқыды. Қазақ қыздарының білім алуға кеңінен тартылмауына әйелдердің құқықсыз жағдайы жәңе ісләмнің кертартпалық дәстүрлері негізгі кедергі болды. Бастауыш және орта оқу орындары шәкірттерінің құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болған-ды. Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс және бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж. мәліметтері бойынша Сырдария облысында 56 орыс-жергілікті халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғындардың балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар санының 2 процентін ғана құрады. Царизм мектептік білім беруді аз ұлттарды орыстандырудың әсерлі құралдарының бірі деп қарады. «Біздің отанымызда тұратын барлық бұратана халықтарға білім берудің түпкі мақсаты, – деп жазды 1870 ж. Халық ағарту министрі Д.А. Толстой, – сөзсіз оларды орыстандыру, сөйтіп орыс халқымен қосылтып жіберу болуға тиіс. Барлық оқу орындарында дерлік оқыту орыс тілінде жүргізілді, түпкі халықтардың тарихы мен әдебиеті мүлде оқытылмады. Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ол Қостанай облысында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, атасы –Орынбор шекаралық комиссиясының әскери ағаманы Балқожа Жаңбыршин бидің қолында тәрбиеленді. Мектепті бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай осы атасының қол астында кеңсе қызметкері болып, онан соң Орынбор басқармасында тілмәш болып жұмыс істеді. 1860 ж. облыстық басқару Орынбор басқармасында (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және мұны соған орыс тілінің мүғалімі етіп тағайындады. Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің; мәнін түсіндірді. Қазақ жұртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үйін салуға кірісті. Ол салдыртқан жаңамектептің ашылу салтанаты 1864 ж. 8 қаңтарда өтті. Оның мектебінде оқуға 16 бала жазылды, мектеп жанынан сал балалар жатып оқитын интернат ашылды. 1869 ж. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызметінеорналасты. Онан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл ағамандарының сайлауларына қатысып жүрді. Сол сайлауларда дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868 ж. «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәлады. 1879 ж. Ы. Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастаушылығымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер тармақтары, атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Осы мақсатпен ол Торғай облысының қазақ ауылдарын аралады, халықтан қаржы жинады, ал сонан соң Ырғыз, Николаевск, Торғай және Илецк уездерінде екі кластық орыс-қырғыз училищелерін ашты: оларды мұғалімдермен және оқушылармен қамтамасыз етті. Алтынсарин училищелерді жабдықтауға, әрбір мектеп жанынан кітапханалар құруға ерекше көңіл бөлді. Жергілікті халық арасынан мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп, ол қолөнеркәсіптік және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады. Ы. Алтынсариннің өзі орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін екі оқу құралын: «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқауды» жазды. Орыс классиктерінен аудармаларында, қазақ тіліндегі өз шығармаларыңда ол демократиялық. ағартушылық идеяларын насихиттады, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін қазақ әдеби тілінің қалыптасуы саласында жемісті еңбек етті. Белгілі бір дәуірдің қайраткері бола отырып, Алтынсарин өзінің дүние танымында қандай да бір қарама-қайшылықтардан, шектелушіліктен арыла алмады. Барлық ағартушылар сияқты ол ағарту ісінің әлуметтік қайта құрушылық рөлін асыра бағалады. Білімді адам ретінде Алтынсарин этнографиямен әуестенді, қазақтардың ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жүйеге келтіріп отырды. Мектептік білім жүйесінің кеңейтілуі және қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық бейнесіндегі ілгерілеушілік маман кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Алғашқы кәсіптік оқу орындары 1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі (1883 ж.) болды. Қазақ мүғалімдер мектебі туралы Мемлекеттік кеңес 1880 ж.-дың өзінде бекіткен Ереже осы мектепті күтіп ұстауға жыл сайын 17580 сом қаржы босатып тұруды ескерді. Кейіндері мұғалімдер семинариялары Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары Қазан революциясына дейінгі барлық кезеңде 300 қазақ мұғалімін даярлады. XIXғ. ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептер ашылды, оларда орта білімді мамандар даярланып шығарылды. Тек Боровской орман техникумының бір өзі ғана 1889 ж.-дан 1917 ж. дейін 163 маман әзірледі. Әйтсе де революцияға дейінгі Қазақстанның кәсіптік оқу орындары уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. 1914-1915 жж. жылында жеті орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды.Бұл Ресей жоғары оқу орындары мен техникумдары студенттерінің жалпы санының 1 процентіне де жетпейтін еді. Бүкіл өлкеде бір де бір институт пен университет болмады. Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

4 Қосымша

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Қаржыландыру

Еуропа елдері оқытудың жаңа бағдарламаларын, сонымен қатар сыныптар мен аудиториялардың ішін заманауи құрылғылармен, жаңа технологиялармен жарақтандыруды қарқынды түрде қаржыландырып отырады. Бұл өз кезегінде оқушының мектепте өзін жайлы сезінуіне көмектеседі. Яғни білімнің де сапасы жоғарлайды. Мысалы, Финляндияда барлық оқу құралдары және кеңсе құрал-жабдықтары тегін беріледі. Біздің мектептерде бұндай көмек қарастырылмағандықтан, ата-ананың оқуға керекті құрал-жабдықтарын өзі сатып алуына немесе ақша жинап алғызуына тура келеді.

Ойнаймыз да оқимыз, оқимыз да ойнаймыз

Еуропалық метептердің бастауыш сыныптарында оқитын бүлдіршіндер ойын барысында бағдарлауды, дүкенде жасаған сауданың, одан қалған ақшаның есебін дұрыс жүргізуді, жұмысқа қабылданар кездегі әңгімелесуді сәтті өткізуді үйренеді. Бұл әдістер олардың ұжымға бейімделуіне, білімге деген қызығушылықтарын дамытуға көмектеседі. Бала сабақта міндетті түрде тақтаға шықпай, партада немесе еденде отырып-ақ жауап бере алады. Сонымен қатар тәртібі сәл қатал мектептер де кездеседі. Дегенмен онда да негізгі пәндер ойын түрінде өтеді. Ал оқу бағдарламаларында міндетті түрде қол өнер, музыка, сурет өнері, би үйірмесі сияқты түрлі бағыттар қамтылады.

Қазіргі отандық білім бағдарламалары мүлде басқа әдісті қолданады. Бірінші сыныпқа баратын оқушы алдын-ала кем дегенде бір әліпбиді жаттап, санауды білуі тиіс. Сөмкедегі оқулықтардың салмағы оқушының салмағымен пара-пар. Ал кейбір оқушыға қойылатын талаптар оқушының мектепке баруға зауқын кетіріп қана қоймай, тіпті оқуға деген ниетінен айнытары анық.

Кәсіптік бейімдеу

Көптеген еуропалық елдерде өскелең ұрпаққа кәсіптік білім беруге айтарлықтай көңіл бөлінеді. Мектеп бағдарламасында оқушылары түрлі мамандықтармен танысып, практикалық сабақтар өтізіледі. Осы арқылы баланың болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі.

Білім беру жүйесінде елеулі орынды жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептер алады. Әсіресе физика, математика және шет тілдерін тереңетіп оқыту кеңінен таралған. Мысалы, Германияда ұстаздар пратикалық сабақ барысында оқушының қабілетін ескере отырып, болашақта мамандықты таңдауына жәрдемдеседі.

Зерттеулерге сүйенсек, ең үздік деп Финляндияның білім беру жүйесі танылды. Оқуға деген сүйіспеншілігі үшін Фин мектептерінің түлектері бірінші орынды иеленеді, сонымен қатар математика мен жаратылыстану саласында көш бастап тұр



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу