Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары? Себеп пен салдары. Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, презентация.


Слайдтағы сүреттерге назар аударыңыздар Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?:

Презентациямен жұмыс жасау. Слайдта көрсетілген адамдарды сипаттаңыздар.

«Қара сейсенбі», «Ұлы дағдарысқа» ұласқан Нью – Йорк биржасының күйреуі

1929 жылы әлі де гүлденіп тұрған АҚШ экономикасы бұрын болып көрмеген дағдарыс алдында тұрды. 1929 жылы 24 қазанда таңертең американдық бизнестің өзегі Уолл – Стритте бұрын – соңды болмаған үрей басталды.

Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіру

Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары?

 

Қытай тілінде жазылған «дағдарыс» сөзі екі таңбадан тұрады: біреу «қауіп», екіншісі - «мүмкіндік».

 

Джон Фицджералд Кеннеди

Бір күннің ішінде акция бағаларының құлауының жалпы сомасы 10 млрд долларды құрады. Бес күннен кейін дағдарыс жалпымемлекеттік сипат алды.

Оқыту мақсаттары:

- тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдалану;

- фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау

Бағалау критерийлері:

Оқушы жаһандық экономикалық дағдарыстың себептерін анықтап, салдарын ерекшелендіреді;

АҚШ экономикасының өркендеу және күрт төмендеу кезеңдерінің ерекшеліктерін салыстырады;

мазмуны бойынша талдаудың негізінде қорытынды жасау.

https://www.youtube.com/watch?v=qwVL775kULk

6 минут көру

Сұраққа жауап беру:

1929 жылы дағдарысқа ауысу себебі неде?

Бірінші дүниежүзілік соғыс және жеңімпаз мемлекеттердің іс-әрекеттері (дәстүрлі экономикалық байланыстардың бұзылуы, әлемдік экономиканың американдық экономикасының тұрақтылығына тәуелділігі)

Артықшылдық өндірістік дағдарысы (американдық индустрияны жаппай өндіру технологиясына көшу, халықтың тұтынушылық төмен деңгейі )

1929 ж. қор нарығының дағдарысы (бағалы қағаздар бағаларының күрт төмендеуі)

Қаржылық дағдарыс (салықтық қысқартулар, бюджет тапшылығы).

Жаһандық экономикалық дағдарыс

Тапсырма. 1929-1932 жылдардағы дағдарыс көріністерінің қоғам өмірінің салаларына бөліп орналастырыңыз.

Банктердің күйреуі.

Халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жаппай жабылуы.

Үкімет беделінің төмендеуі және олардың жиі ауысуы.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бір бөлігін жою.

Инфляция.

Үкіметке қарсы көңіл-күйдің тарауы.

Жаңа ішкі саяси курстарды іздеу.

Жаппай жұмыссыздық.

Радикалды саяси партиялардың ықпалының өсуі.

30 –жылдардағы экономикалық дағдарыс АҚШ экономикасына қатты соққы болды. Сыртқы сауда көлемі үш есе төмендеді. Жалпыұлттық табыс 50 пайызға азайды. Экономиканың көптеген салаларындағы артыұ өндіру дағдарысы, тіпті ірі компаниялардың акцияларының күрт төмендеуіне алып келді. Мындаған банктер, өнеркісіптік және сауда компаниялары банкротқа ұшырады.

https://baribar.kz/student/26036/1929-1933-zhzh-duniezhuzilik-ekonomikalyq-daghdarystynh-erekshelikteri/ тапсырма орындау үшін ссылканы пайдаланыныз

1. Ақ қалпақ: дағдарысты сипаттайтын фактілерді анықтаңыз.

2. Қызыл қалпақ: қалыптасқан жағдайға қатысты өз эмоцияларыңызды білдіріңіз.

3. Қара қалпақ: мәтінде АҚШ-тағы дағдарыстың теріс көріністері мен салдарын табыңыз.

4. Сары қалпақ: проблеманың қандай жағымды тұстарын көруп, айтуға болады? Жауапты дәлелдеңіз.

5. Жасыл қалпақ: жағдайды өзгерту үшін қандай идеялар ұсынасыз?

6. Көк қалпақ: барлық мәселе бойынша қорытынды жасаңыз.

«Алты қалпақ» әдісін қолданып, жұппен тапсырманы орындаңдар:

https://7kun.kz/1929-1933-zhzh-d-niezh-zilik-ekonomikaly-da-darys-kursty-zh-mys/ тапсырма орындау үшін ссылканы пайдаланыныз

Дағдарыс жылдарындағы негізгі экономикалық көрсеткіштердің өзгеруі:

Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.

Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны  17 млн адамға жетгі. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды.

РЕФЛЕКСИЯ: Ұлы дағдарыстың белгілерін сипаттаңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу