Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№1тапсырма: І Карлдың қате жасаған іс-әрекеттерін анықта.

 Карл I - 1625 жылдың 27 наурызынан Англия, Шотландия және Ирландия королі. Стюарттар династиясынан шыққан. Оның абсолютизм саясаты және шіркеулік реформалары Шотландия мен Ирландияда Англияда революциялардың болуына әкелді. Азамат соғысы кезінде Карл I жеңіліске ұшырайды, парламент сотына беріліп 1649 жылдың 30 қаңтарында Лондонда өлім жазасына кесілді.

 Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды.

 Қысқа парламент. 1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды, яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі І Карлды парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды. Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%BB_I

Қосымша 2

№2тапсырма: Османды өлтіруге қандай жағдайлар ықпал еткенін анықта.

 II Осман 1604 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Ахметтің шаңырағында дүниеге келді. Көкесі I Мұстафа тақтан тайдырылғанда, 13 жастағы II Осман таққа отырды. Алған білімі сол уақытқа қарағанда үздік болатын. II Осман өте белсенді билеуші болды және шешімдердің барлығын өзі шешкен екен. II Осман өзін өте қатал билеуші ретінде де көрсетті: 1621 жылы мемлекеттік төңкеріске жол бермеу үшін өзінің інісі Мехмет шаһзаданы өлім жазасына кесті. II Осман еуропалық істерге араласа бастады. Оның себебі — Еуропада 1618-1648 жылдары болған Отызжылдық соғыс. Бұл соғыс Еуропаны екі топқа бөлді: габсбургтық және антигабсбургтық. Польша габсбургтердің жағында болды, және 1619 жылы Гуменн шайқасында Трансильвания әскерін жермен жексен етті. Нәтижесінде Трансильвания князі Габор Бетлен II Османнан көмек сұрап, османлылар бұл соғысқа араласа бастады.

 Осман ІІ-нің реформа енгізу туралы идеясы әр түрлі жағдайдан туындады. Біріншіден, Речь Посполитая мен болған Хотын соғысының нәтижесінде осман әскерінің элитасы саналатын янычар әскерлерінің соғыста енжарлық танытуы.Екіншіден, мемлекеттік қазынадан 50 әскерге 100 әскерді қамтамасыз ететін ақша бөлінетіндіктен Осман II әскерлерге бөлінетін қазына ақшасын қайта есептеу туралы шешім қабылдады. Оның реформаторлық идеяларының ішінде ең маңыздысы:

  • Янычарлар мен сипахилер корпусын жою.
  • Анатолия, Сирия және Египет түріктерінен тұратын жаңа армияны құру.
  • Мемлекеттік құрылымдардан швейцарларды тазарту. Олардың орнына басқа түркі халықтарын әкелу жоспарланған.
  • Елорданы Стамбулдан Бурсаға ауыстыру.
  • Мемлекеттің діннен бөлінуі.
  • Мехмет Махмұтпен және Сүлейманның ұлықтауымен енгізілген заңдарды қазіргі заманғы талаптарға сай келтіру үшін қайта қарау.
  • Ыңғайсыз сәнді киімнен бас тарту және ыңғайлы минимализмге көшу.
  • Мемлекеттік қызметкерлерге сұлтан тұтқынындағы қыздарға үйленуге тиым салу.

 Осман IІ ерте қайтыс болғандықтан және оны қолдайтын пікірлес адамдардың болмауынан өз идеяларын жүзеге асыра алмады.

  ІІ Осман реформалары бостандықты ұнататын  янычарларға ұнамады. Сол себепті 19 мамырда Қара Дәуіт паша бастаған жаңа янычарлар көтерілісі басталды. Соның нәтижесінде II Осман тұтқынға алынып, келесі күні өлтірілді. Мәйіті Сұлтанахмет мешітінің жаңындағы I Ахмет мазарында жерленді. Тақ Мұстафаға қайта оралды.https://realnoevremya.ru/articles/98684-osmanskiy-sultan-osman-ii-ubityy-yanycharami

Қосымша 3

3 тапсырма. Абсолютизмнің негізгі белгілері ағылшын императоры І Карл мен ІІ Османның басқару жүйесінде көрініс тапты ма? –деген сұраққа (v) белгісімен жауап бер.Жауап беру үшін абсолютизм белгілерінің көрінісін «иә», «жоқ» деген жауаптар арқылы кестеде белгіле.

Абсолюттiк монархияның негiзгi белгiлерi

Иә

Жоқ

Корольдiң сөзi бүкiл ел үшiн заң болды;

 

 

Король қазынаны өзi билеп төстедi;

 

 

Соттарды өзi тағайындап отырды;

 

 

Армияны өзi басқарды;

 

 

Салық мөлшерiн өзi белгiледi;

 

 

Салық жинаушыларды өзi тағайындап отырды;

 

 

Елдiң барлық халқы корольдiң боданы деп саналды.

 

 

Шiркеудi өздерiне бағындырып алды.

 

 

Қосымша 4

4 тапсырма.

І Карл мен ІІ Османның шексіз билеуші бола алмауының кем дегенде екі негізгі себебі мен салдарына дәлелдер келтіріп, қорытынды жаса.

Билеушілер

себебі

салдары

І Карл

ІІ Османның

Қорытынды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу