Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 6.20.1

 

 VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс

 Сабақ тақырыбы: Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз монарх бола алмады?

 Оқу мақсаттары:

 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру

 Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық.

 

 Сабақ компонентінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақты ұйымдастыру кезіңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарлату мақсатында «Мен туралы бес факт» атты ойын өткізіңіз. Бұл ойынға жүргізуші қажет. Ол алдын-ала өзі туралы бес фактіні ойластырады (мысалы, «Мен білемін...», «Мен болдым...», «Менмен болды...», «Мен ұнатамын ...»). Осы фактілердің төртеуі ақиқат болу керек, ал бесінші - жалған. Әрине, қызықты фактілерді табуға тырысу қажет. Жүргізуші сыныпқа өзі туралы айтады, және барлығы фактілердің қайсысы жалған екенін түсінулері керек. Дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады және ойын солай жалғасады.

 Сабақтың басталуындағы осындай жаттығулар балаларға бір-біріне сенім артуға, басқа адамның көңіл-күйін сезінуге көмектеседі. Тапсырма оұушылардың зейінін шоғырландырады және сыныпта жағымды микроклимат құруға пайдасын тигізеді.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында Англия мен Осман империясының аумақтарын бейнелейтін екі картаны ұсыныңыз. Оқушылардан қандай мемлекеттер бейнелгенің және жаңа дәуірдегі осы елдердегі жағдай туралы не білетіндерің сұраңыз.

 Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін, сабақ барысында оқушылар абсолютті монархтардың өз билігін нығайта алмағанын және өздерінің бағыныштылары атынан өлім жазасына ұшыраған мысалдарды зертейтіндері туралы хабарлаңыз. Сонымен бірге, екі аймақтың - Шығыс және Батыс - монархтарының мысалдары қарастырылатын болады.

 Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарымен, тарихи концептімен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып алады.

 

 3. Мәтіндермен жұмыс. Оқушыларды ағылшын королі І Карл Стюарт пен Осман империясының сұлтаны II Османнің - екі монархтың өмірі мен іс-әрекеттерін сипаттайтын ақпараттық мәтіндермен қамтамасыз етіңіз. Төмендегі сұрақтарды пайдаланып, Венн диаграммасын толтыруды ұсыныңыз:

 - Мемелекетті басқарған жылдары

 - Билік ету кезеңі (ұзақтығы)

 - Мемлекеттік мәселелерді шешу барысында үкіметтің қандай органына сүйенді?

 - Монархтың сыртқы саясаты сәтті болды ма?

 - Монархтардың әрқайсысының кез-келген үш реформасын сипаттаңыз.

 - Монархқа қарсы халықтық көтерілісі болды ба?

 - Осы монархтардың билігі кезінде қарапайым халық қалай өмір сүрді?

 - Бұл монархтардың өмірі қалай аяқталды?

 - Бұл монархтардың билігінің негізгі нәтижесі қандай?

 (оқушылар диаграмма шеңберлерінің қиылысу секторындағы ұқсас белгілерді жазады, ал ерекшеліктерді - жеке шеңберлерге жазады).

 Қорытынды жасаңыз: Осы екі еуропалық монархтың билігінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай?

Тапсырма дескрипторлары:

 -Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық ұқсастықтарын анықтайды;

 -Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық айырмашылық сипаттарын анықтайды;

 -Оқушылар осы екі монархтың саясатында ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды.

 

 Венн диаграммасын толтырылуының үлгісі:

 

Король I Карл

Ұқсастықтары

Сұлтан II Осман

1625 - 1649 жж.

1618– 1622 жж.

24 жыл

Король Карл I Стюарт 20 жыл көбірек билік құрды

4 жыл

Министрлер

Олардың жанында адал шенеуніктері болған

Сұлтанның кеңесшілері - визирлер

Ирландия мен Шотландияға жорықтар жасады

Көп сыртқы соғыстар жүргізілмеді

1620 жылы Польшаға қарсы жасалған жорық сәтсіздікке ұшырады

Реформалары:

  • 1. Епископтарды жоғары лауазымды мемлекеттік лауазымдарға тағайындау дворяндардың наразылығын тудырды
  • 2) Католиктік рәсімдерді қалпына келтіру мақсатында шіркеу реформасын жүргізді.

Монархтың жеке дара билігін сақтап қалу және оны қамтамасыз ету

Реформалары:

  • 1) Янычар әскерін реформалауды, Анатолия тұрғындарының арасынан жаңа армия құруды жоспарлады

5) Константинопольден (Стамбулдан) астананы Бурса қаласына ауыстырғысы келді

Шаруалар көтерілістері болған емес

Қарапайым халық өте ауыр күйде өмір сүрді

Ол 1649 жылғы 30 қаңтарында парламенттің сотының қаулысы бойынша өлім жазасына ұшырады

1622 жылы 20 мамырда янычарлар қолынан қаза тапты

Корольдің парламентке қарсы саясаты азаматтық соғыс пен елде буржуазиялық революцияны тудырды. Нәтижесінде кнституциялық монархия құрылды.

Монархтың абсолютті билігін нығайта алмады, сол себепті мәжбүрленіп өлтірілді.

Әскерді реформалау мен басқару жүйесінің реформалауды қажеттігін түсінді. Бірақ оның реформалары мерзімінен бұрын болды, әлеуметтік қолдау таппады.

 

 4. Топтық жұмыс. Оқушыларға абсолютизм белгілерінің тізімін таратыңыз: Абсолютизм белгілері:1. Король барлық провинцияларды, қалаларды толық өзі бақылады.2. Заң шығарудағы монархтың шексіз билігі.3. Кең көлеміндегі бюрократиялық аппарат.4. Корольдің тұрақты армия мен полицияға сүйенуі.5. Шіркеудің мемлекетке толық тәуелділігі.

 Сыныпты 5 топқа бөліңіз. Әр топ абсолютизм белгілерінің бірімен жұмыс істейтін болады. Тапсырма: I Карл және ІІ Осман туралы мәтіндерді пайдаланып, берілген абсолютизмнің белгісі бойынша көбірек деректерді анықтау.

 Тапсырма дескрипторлары:

  - Оқушы абсолютизмнің 1-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 2-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 3-ші белгісіне қатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 4-ші белгісіне ұатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды;

 - Оқушы абсолютизмнің 5-ші белгісіне ұатысты дәлелдерді дұрыс анықтайды.

  •   Рефлексияны ұйымдастыру үшін «Соңғы сөз менен» атты әдістемесін қолданыңыз. Оқушылардан монархтардың біріне тән мінез құлқы қасиеттерді таңдауды сұраңыз: I Карлға қатысты немесе II Османға қатысты. Содан кейін абсолюттік монарх болуға кедергі келтірген қасиеттерің анықтауды сұраңыз. Оқушыларды тарихи оқиғаларда объективті (адамға тәуелді емес жағдайлар мен оқиғалар) ғана емес, сонымен қатар субъективті факторлар да, мысалы, билеушінің мінезінің жағымсыз қасиеттері үлкен рөл атқарады деген қорытындыға жеткізу.

 6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуға кеңес беріңіз, мысалы:

 - Соколов Андрей «I Карл Стюарт».

 - Кэролайн Финкель «Осман империясының тарихы. Османның көзқарасы».

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 Барлық оқушыларға арналған тапсырма:

 Екі монархтың іс-әрекеттерінің ұқсастығымен айырмашылықтарын анықтаңыз: король I Карл мен II Осман сұтанның.

 

I Карл

Сұрақтар

II Осман

Монархтың

мінез құлқы

Сыртқы және ішкі саясатының жақтастары

Сыртқы және ішкі саясатының қарсыластары

Сендердің ойыңызша, екі монархтың қайсысының билігі айтарлықтай абсолютті болды? (кем дегенде 2 дәлел келтіріңдер)

1.

2.

1.

2.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу