Ғарышкерлер күні. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


"Дүниетану" пәнібойыншақысқамерзімдіжоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 бөлім: «Ғарышқа саяхат»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатсыпағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Ғарышкерлер күні

Осы сабақтақолжеткізілетіноқытумақсаты (оқубағдарламасынасілтеме)

4.1.6.1зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру

Сабақтыңмақсаты

Оқушылар

- ғарышты игеру тарихымен танысады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- ғарышкерлердің бірінің өмірбаянының мысалында ғарышты игеру тарихының бір кезеңі туралы айтады;

- ғарышты игеру тарихымен байланысты оқиғалардың тізбегін құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- ғарышты игеру тарихы туралы айта алады;

- Ғарыш күні және оның мәні туралы айта алады.

Терминология:

* ғарыш саяхатшысы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неше жастан бастап ғарышқа ұшуға болады деп ойлайсың?

Жазуға арналған сұрақтар:

- Ғарышкерлердің есімдері неге тарихта қалды?

Құндылықтарды дарыту

Әлемге әйгілі тұлғалардан үлгі алу және құрмет тұту

Жаһан азаматы екенін сезіну

Өзара көмек және сыйластық

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша монологтык тілді дамыту

Жаратылыстану: «Ғарыш» тақырыбы

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар кәсіби мерекелермен, Қазақстанның көрнекті тұлғаларымен таныс. Оқушылар өздерінің өмірбаяндық мәліметтерін негізге ала отырып, шығармашылық және еңбек мамандықтарының көрнекті қайраткерлерінің үлесі туралы баяндай алады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-7

  • "Ассоциация" ойыны (жеке)

-"Ғарыш кеңістігі" сөз тіркесіне ассоциацияны өз беттеріңше жазыңдар.

- Жалпы ассоциация жасаңдар.

Оқушылар өз бетінше сөзге ассоциация жазады, кейін бірлесе отырып тақтаға бір жалпылама ассоциация құрайды. Қорытынды шығарады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- ғарышты игеру тарихымен танысу.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақтың ортасы

8-12

13-17

18-27

28-32

33-38

3.Ойлан(топпен)

- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

-Сұрақ-жауап:

1) Ғарышкерлер күні қашан тойланады? Неліктен?

2) Ғарышты игеру не үшін қажет?

Оқушылар топтарда жұмыс істейді, оқулықтың ақпаратын қолдана отырып, сұрақтарға жауап дайындайды. Қажет болған жағдайда қосымша көздерді пайдалана алады.

  • Байқапкөр (жұппен)

- Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • Ғарышкерлер күрделі дайындықтан өтеді, себебі ...
  • Орбиталық станса - бұл ..
  • Зымыранның ішінде бәрі ұшып жүреді, себебі ...
  • Бір-бірлеріңді тексеріңдер.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді, сөйлемдерді жазады. Содан кейін бір-бірінің жұмысын "Ақиқат Жалған" әдісі арқылы тексереді.

  • Кел танысайық(топпен)

- Фотосуреттерді пайдаланып топтарыңды табыңдар.

- Осы адам туралы ақпаратты дайындаңдар.

-Ғарышкер қандай жаста ғарышқа ұшты?

-Басқа топтарға айтыңдар.

- Топтарға олардың жауаптары бойынша сұрақтар қойыңдар.

Оқушылар топтарда жұмыс істейді, ғарышкерлер туралы ақпаратты оқиды, қысқаша әңгіме дайындайды. "Әткеншек" тәсілін қолдана отырып, өз әңгімесін сыныпқа таныстырады. Барлық топтар бір-біріне сұрақ "жіңішке және жуан сұрақ" әдісін пайдалана отырып қоя алады.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар ғарышкердің өмірбаянының мысалында ғарышты игеру тарихының бір кезеңі туралы айтып бере алды.

  • Сен білесіңбе? (фронтальды жұмыс)

- Айдар ақпаратын оқыңдар.

- "Ғарыш саяхатшысы"анықтамасын жазыңдар.

- Кім ғарыш саяхатшысы бола алады?

-Бұл адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?

-Егер саған сондай мүмкіндік болса, қайда ұшар едің?

- Деннис Титоға ұшу қандай әсер қалдырды?

Оқушылар өзбетінше мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Анықтама тұжырымын талқылайды, кейін дәптерге жазады.

  • Сен-режиссерсің (жеке)
  • Егер саған «Ғарышты игеру тарихы» жайлы фильм түсіру қажет болса, қандай оқиғаларды қамтыр едің?
  • Уақыт сызығына оқиғалар тізбегін толтырып, фильм сценарийін жаса.

Оқушылар жеке жұмыс істейді, уақыт таспасын толтырады, қажет болған жағдайда өз фрагменттерін қосады.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар ғарышты игеру тарихымен байланысты оқиғалар тізбегін құрастыра алды.

Таратпа парақтар

https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №5

Таратпа парақтар

Ғарышкерлер суреттері

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №6

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №7

А3 парақтары, маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №8

Сабақтың соңы

39-40

Рефлексия «Болжа»

- Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:

  • Адам ғарышты не үшін игереді?
  • Ғарышкерлер күні туралы не білесің?
  • Адам жер шарының кез келген нүктесінен ғарышқа ұша ала ма?
  • Адам ғарышқа ұшатын жер қалай аталады?

Таратпа парақтары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №9

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға озық сипаттағы тапсырманы ұсына аласыз: 3-5 Әлемдік ғарышкерлердің бірі туралы таныстырылым жасау.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Болжа" тапсырмасы келесі сабақпен байланыс ретінде қолданылады және

тақырып бойынша білімді анықтауға бағытталған.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу