Ғарышкерлер және ғарышқа саяхат. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Ғарышқа саяхат | Мектеп: ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С. | ||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ғарышкерлер және ғарышқа саяхат | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Дереккөздерді зерттеу негізінде ғарышкерлер туралы мағлұматтарын, кәсіби мерекенің шығу тарихын анықтау | ||||||||||||||||||
Бағалау критерилері | Дереккөздерді зерттеу негізінде ғарышкерлер туралы мағлұматтарын, кәсіби мерекенің шығу тарихын әңгімелейді | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады Пәнге тән лексика мен терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен екенін айта аласың ба?
Жазу үшін мысалдар:
| ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Қазақстандық патриотизм және жауапкершілік мәтінмен және т.б. ақпарат көздерімен жұмыс жасау барысында жүзеге асады | ||||||||||||||||||
Көпмәденитеттілік | Әр түрлі мәденитеін құрметтеу және өз ұлтының ерекшелігі мен құндылықтарын сақтап, дамыту | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих пәнімен байланыс | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар тарихи тұлғалар мен олардың еңбектерімен таныс. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | 1.Бейнежазбаны көру: -Алғашқы ғарышқа кім ұшкан? -Оның толық есімін кім айтады? (КСРО елдеріндегі посткеңестік ғарышкерлердің барлығы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқанын түсіндіру. Қазақстан мен Байқоңырдың атқаратын рөліне сілтеме жасай отырып, оқушылардан қазіргі уақыттағы ғарышқа саяхат және зерттеулер туралы не білетінін сұрау.) Сабықтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстыру |
| |||||||||||||||||
Сабақ ортасы 5 мин 8 мин 5 мин 4 мин 8 мин | 2. Ақпарат көздерімен жұмыс:дидактикалық материал (буклет), оқулықтағы ақапарат-116-117бет. /Оқушылар ақпаратпен танысады/ 3. Кестемен жұмыс: Сұрақтарды қою үйрету. Сыни тұрғыдан дамуына арналған тапсырма. Оқушыларды 2 топқа бөліп, «Күрделі және жеңіл сұрақтарды» дайындайды. Кезектесіп бір-біріне сұрақтарды қояды. «Жеңіл сұрақтар» - бұл мәтін бойынша берілген нақты жауапты немесе «иә»/«жоқ» деген жауапты талап етеді, «күрделі сұрақтар» - оқушыларды ойлауға, саралауға, салыстыруға, бағалауға жетелейді. Әр топқа көмекші ретінде кесте беріледі:
Мысалы:
4. «Қазақстанның ғарышкерлері» атты бейнересурсты зерттеу. 5. Білімдерін тексеру. Тест тапсырмаларын орындау. 6. «Синквейн» ойыны. Сыни тұрғыдан дамуына арналған тапсырма.(Резерв)
| Тірек-сөздер: астронавт; атмосфера; капсула; орбита; парашют; қайта оралу, ғарыш кемесі, ғарыш орталығы, ғарышқа саяхат, отандық ғарышкерлер, Халықаралық ғарыш күні.
http://bilimland.kz/kk/content/structure/2020-zher_zhane_harysh#lesson=14778
| |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Қорытынды: “Сөз шебері” ойыны. (оқушы «ыстық орындыққа» отырып, оқушыларға өз ойымен бөліседі) Тапсырма: 1мин ішінде сыныпқа сабақтың тақырыбын білуін маңызды екенін дәлелдеңіз. Үй тапсырмасы: Көрнекі қайраткерлердің өмірбаяның немесе Қазақстанның әлемдік сахнада рөлі туралы баяндаманы таныстыру үшін PowerPoint арқылы таныстырылым жасаңыз. | ||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Дифференциация ресурстар көмегімен жүргізіледі, психологиялық тұрғыдан ақпаратты қабылдау әдістері қарастырылған (аудиал, кинестет, визуал) Қабілетті оқушылар жетекші рольдер және проблемаларды шешу бойынша іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмалар алады. | Оқушылардың зерттеулерін , олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен жұптық жұмыстар барысында бақылау және әрекеттестік арқылы жүзеге асады. | Белсенді іс-әрекет түрлері.
| |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?