Қазақ жері – еңбек пен шығармашылық бесігі. Дүниетану, 4 сынып, дидактикалық материал.


Сабаққа арналған дидактикалық материал

  • Синквейн.

Синквейн құрылымы

1 жол-бір сөз, тақырып-зат есім.

2 жол-екі сын есім.

3 жол – үш етістік.

4 жол-4 сөзден тұратын сөйлем.

5 жол-бір сөз, қорытынды-зат немесе зат есім.

  • Түсіндір
  • Кел танысайық

http://www.tarih-begalinka.kz/ru/history/war/figures/bercy_shyganak/

Шығанақ Берсиев (1881-1944 жж) - Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы «Құрман» колхозының звено жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Ол әуелі «Құрман» колхозында мұрап, 1938 жылдан звено жетекшісі болып істеді. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жыл бойы Берсиев тарыдан мол өнім алды. Оның звеносы әр гектардан: 1939 ж. 25,5; 1940 ж. 155,8; 1941 ж. 165; 1942 ж. 175; 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Берсиев тарыға арам шөптен таза, құнарлы жер таңдап алып, оған қой қиын төкті. Сеялкамен әр гектары 20 кг-нан тоғыспалы әдіспен 5–6 см тереңдікке тұқым сеуіп, топырақты ауыр ағаш катокпен тегістеді. Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде егістікті 4 рет суарып, 2 рет үстеп қоректендірді. Берсиев жаз бойы егістіктің 3 рет арам шөбін отап, кейде оған күл мен құс саңғырығын шашты. Ол тарыны пісуіне қарай таңдап оратын. Жыл сайын ойыл ақ тарысының сабағы майысып тұрған күлтелерін таңдап, оның ірі дәнін ғана тұқымға іріктеп алды. Сөйтіп, тарының жақсартылған жаңа сортын өсірді. Жазушы Мұстафиннің «Шығанақ» романы Берсиев өмірінен жазылған. Осы еңбегін бағалап, Кеңес үкіметі Берсиевті Ленин орденімен (1940) марапаттады. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу мен оған ұласқан аштық, одан кейінгі отыз жетінің сойқаны ел-жұртты есеңгіретіп тастағаны былай тұрсын, тұтас елдің жер бетінен жоғалу қаупі туғанда кез Ойылдағы Шығанақтың белсеніп еңбек еткен кезеңіне түспа-түс келеді. Ол аштықтан қырыла бастаған ел- жүртын аман сақтап қалудың бірден-бір жолы — тары өсіріп, жұрттың өзегін жалғау деп ұғынды. Өз үйінің көмбесінен алған ақ тары тұқымы Ойылға ауған жұрттың жаппай қырылып қалуына жол бермеді. Сол уақыт өткеннен кейін Қызыл Армияның мұқтаждығына жұмсалды.

http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/independent/figures/donenbaeva/

ДөненбаеваКәмшатБайғазықызы

(1943-2017 жж) – Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы (1943-2017 жж) – ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткер, тың игеруші, танымал механизатор, Социолог Еңбек Ері (1975). Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы «Каменск-Уральский» кеңшарында механизаторлар даярлайтын курсты (1968), Қостанай ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1977). 1961 жылдан «Харьковский» кеңшарында тракторшы болып еңбек еткен. 1972 жылы әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста 1-орынға, республикалық жарыста 3-орынға, 1973 жылы Зерноградта (Ростов облысы) бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болды. 1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жұмсақ жер жыртып, жылдық міндеттемесін асыра орындады. Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі-өнеге болды. 1990 — 93 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады. 1980 — 85 жылдары КСРО Жоғары Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). 2 рет Ленин орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

  • Бақытты билет

Бақытты билеттің/афишаның мазмұны

1) іс-шараның, концерттің,қойылымның атауы

2) өткізуорны

3) өткізукүні мен уақыты

4) қатысушылар, олардыңеңбектері, жетістіктері

5) қатысушылардыңфотосуреттерінемесетақырыпбойыншасуреттер

Афиша үлгілері

https://www.google.com/search?q=%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%86%D0%B5%D1%80%D1%82+%D2%9B%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC+%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%88%D0%B0&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiyl6uW0rvhAhVLlosKHWuPBO0Q_AUIDigB&biw=640&bih=593&dpr=1.5#imgrc=rLwpzbrOaMlWdM:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу