Мәдени мұра – халық игілігі. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Мерзімі: 4-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мәдени мұра – халық игілігі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.1.2 Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңызын түсіндіру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - Наурыз мерекесі шығыс халықтарының мәдени мұрасы екеніне 3мысал келтіреді; - тарихи және мәдени ескерткіштерді сипаттайды; - ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген еліміздің мәдени мұраларын атайды; - «археологиялық мұраға» не жататынын айта алады; -ежелгі және заманауи мәдени ескерткіштерді ажыратады. - мұраларды сақтаудың қажеттілігін дәлелдейді (3-тен кем емес); | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңызын түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Тарихи ескерткіштерді не үшін сақтау керек? Жазуға берілетін тапсырма: - «Қазақстанның ежелгі және заманауи мәдени ескерткіштері» кестесін толтырады. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарын сақтаудың маңызын түсіну арқылы жүзеге асады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек: Қазақстанда табылған археологиялық мұралар туралы бейнефильм көрсетіледі. Қазақ тілі: сөйлеу дағдылары пікір талас тапсырмаларында дамиды. | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3 сыныптағы «Уақыт» тарауынан тарихи ескерткіштер мен мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңызы туралы түсініктері қалыптасқан. 5 бөлімінен тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлерін біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
0-6 7-8 |
Тақтаға бірнеше сөйлемдер ілінеді. Оқушылар олардың мағынасын ашуға тырысады. Мәдени мұра туралы пікірлерін айтады. Сұрақтар туындаған жағдайда жауап беріледі. Талқылауға арналған сұрақтар:
Талқылаудан сабақ мақсатын анықтауға жетелеңіз.
Мәдени мұраларды сақтау халық игілігі үшін маңызды екенін дәлелдейді |
Тақтаға ілінетін сөйлемдер (дид. материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | |||||||||
Сабақ ортасы 9-13 14-20 21-26 27-30 31-35 |
Мұғалім «Наурыз» мерекесі жайлы бейнеролик көрсетеді. Наурыз мерекесі шығыс халықтарының мәдени мұрасы екендігіне әңгіме өткізеді. Пікірталас: -Наурыз мерекесі қай мезгілде болады? -Наурыз мерекесін кімдер тойлайды? - Наурыз мерекесінің ерекшелігі неде? - Оны неге мәдени мұра дейміз? Ерекше пікірлер тақтаға жазылады. Бағалау критерийлері: - Наурыз мерекесі шығыс халықтарының мәдени мұрасы екеніне 3мысал келтіреді;
Оқушылар жұптарымен сынып бөлмесінде серуен жасайды. Олар қабырғаларда ілініп тұрған тарихи және мәдени ескерткіштердің (Қазақстандық, әлемдік) суреттерге жақындап әңгіме жүргізеді. Оқушылар сипаттай отырып, төмендегідей сұрақтарға жауап береді: -Неліктен ескерткіштерді сақтау керек? -ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі туралы не білесіңдер? -Қазақстанның қандай ескерткіштері бұл тізімге енген? Суреттің жанындағы бос параққа өз пікірлерін жазып қалдырады. Бағалау критерийлері: - тарихи және мәдени ескерткіштерді сипаттайды; - ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген еліміздің мәдени мұраларын атайды;
Бейнеролик: «Археологиялық мұражайдағы бірегей экспонаттар». Қазақстанда табылған археологиялық мұралар туралы бейнефильм көрсетіледі. Көрсетілім бойынша талқылау жүргізіледі: -Археология дегеніміз не? -Археолог дегеніміз кім? -Қазақстаннан қандай археологиялық мұралар табылған? - Қазақстанның аймағынан табылған қандай археологиялық қазбаларды білесіңдер? -Археологиялық қазбалардың қандай маңызы бар? Оқушылар ойларын тақтаға жазады. Барлық жазуды бірлесіп талқылап, ортақ пікірге келеді. Бағалау критерийлері: - «археологиялық мұраға» не жататынын айта алады;
«Қазақстанның ежелгі және заманауи мәдени ескерткіштері» кестесін толтырады. Мысалы:
және т.б. Бағалау критерийлері: -ежелгі және заманауи мәдени ескерткіштерді ажыратады.
Оқушылар постер-кластер сабақ барысында өткен барлық материалдары пайданала отырып жасайды. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау халық игілігі үшін өте маңызды екендігіне дәлелдер келтіреді. Әр топтан 3-тен кем емес дәлелдер тақтаға жазылады. Бағалау критерийлері: - мұраларды сақтаудың қажеттілігін дәлелдейді (3-тен кем емес); | Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Vif_om0rkUk ұзақтығы: 1:56 (дид. материалға қараңыз) Бор,тақта Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Ескерткіштердің фотосуреттері Пікірлер жазатын парақтар Қарындаштар (дид. материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=K8f4kabPyoU ұзақтығы 1:37 (дид. материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Кесте (дид. материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Тапсырмасы бар карточкалар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия (жеке): «Мен тақырыпты ӨТЕ ЖАҚСЫ / ЖАҚСЫ / ЖАМАН түсіндім» Оқушылар сәйкес фигураны бояп, жауабының себебін жазады. |
Таратпа парақ (дид. материалға қараңыз) | |||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға еліміздегі археологиялық мұралардың тізімін жасап келуге тапсыруға болады. Сондай-ақ қабілеті жоғары оқушыларға үйге шығармашылық тапсырма беруге болады: өз аймағы бойынша мәдени мұралар туралы ақпараттар жинап келіп, сыныпқа презентация көрсету. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Пікірлер тақтасы», «Серуен» тапсырмаларында өзара бағалау әдісін қолданыңыз. «Қазақстанның ежелгі және заманауи мәдени ескерткіштері» кестесі, «Тақтадағы жазулар» оқушылардың білімін бағалауға мүмкіндік береді. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?