Халық мұрасы – асыл қазына. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Мерзімі: 3-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Халық мұрасы –асыл қазына

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.2 Тарихи ескерткіштер мен салт –дәстүрді сақтаудың

маңызы мен мағынасын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

- Қазақстанның жеті кереметін біледі;

- ескерткіштер мен мәдени мұраларды сақтаудың

маңызы дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Әлемнің жеті кереметін сипаттайды;

- Қазақстанның жеті кереметі тізімін жасайды және өз таңдауын негіздейді;

- Тарихи ескерткіштерді сақтау қажеттілігіне 3 дәлел келтіреді;

- Әлемнің мәдени ескерткіштерін атайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Терминология:

  • Мәдени мұра
  • Әлемнің жеті кереметі

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Неліктен ескерткіштерді сақтау маңызды?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Қазақстанның жеті кереметінің» тізімін жасау.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа үйлесімділік – адам мен табиғат арасындағы өзара байланысты түсіну.

Патриотизмді дамыту еліміздің мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: әлемнің және Қазақстанның жеті кереметін сипаттау және постер жасау.

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныптың «Уақыт» тарауынан мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан. Қазақстанның бейресми рәміздерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-6

7

  • Бейнематериал (ұжымда)

Мәдени мұраларды сақтау туралы видео көрсетіледі: «Көне қалалар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімін толықтырды»

Ұзақтығы: 2 мин 25 сек

  • «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы (топта)

«Не?» «Кім?» «Қашан?» «Қай жерде?» деген 2 «жіңішке» сұрақ

және

«Қалай?» «Неліктен?» «Қандай мақсатпен?» деген 2 «жуан» сұрақ қою арқылы бейнефильмнен көргендері талқыланады.

Топтар бір-біріне қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- Қазақстанның жеті кереметін біледі;

- ескерткіштер мен мәдени мұраларды сақтаудың маңызын дәлелдейді;

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=mcvV6WV8XlQ

(дид. материалға қараңыз)

Слайд №3

Сабақ ортасы

8-15

16-18

19-25

26-30

31-35

  • «Миға шабуыл» стратегиясы

Мұғалім оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» слайды немесе бейнероликті көрсетіп, сол жайында ақпарат береді.

Төмендегі сұрақтар бойынша пікір-талас ұйымдастырады:

-Бұл суреттердің қайсысы сендерге таныс?

-Бұлар қандай елде орналасқан?

-Неге оларды «Әлемнің жеті кереметі»

деп атайды?

Ұжымдық талдаудан кейін алдын – ала дайындалған оқушылар «Әлемнің жеті кереметі» туралы хабарламалар жасайды. Басқа оқушылардың толықтыруларына болады.

Бағалау критерийлері:

- Әлемнің жеті кереметін сипаттайды;

  • «Мұғалімнің сыйлығы» стратегиясы (ұжымда)

Оқушыларға Юнесконың тізіміне енген тарихи – мәдени ескерткіштер туралы ақпарат беріледі

Әлемдік мұра - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәденитарихи  немесе  экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар. 2018 жылғы жағдайына сәйкес әлемнің 167 мемлекеті бойынша Әлемдік мұра тізімінде — 1092 нысан. Соның ішінде 845 мәдени, 209  — табиғи және 38 — аралас нысан бар.

Бүгінгі таңда еліміздің 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Олар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысындағы «Тамғалы тас» шатқалы, Жібек жолының ескерткіштері: «Тянь-Шань дәлізі», Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстанның өзен-көлдері. Бұл тізім жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.

  • «Тізім жаса» тапсырмасы (жеке, жұппен, топта)

Оқушыларға «Қазақстанның жеті кереметінің» тізімін жасау ұсынылады. Әр топ ақылдасып, өздері білетін «Қазақстанның жеті кереметі» туралы таныстырылым жасайды және қорғайды. Қолдау ретінде тақырып бойынша слайд немесе видео көрсетіңіз.

Бағалау критерийлері:

- Қазақстанның жеті кереметі тізімін жасайды және өз таңдауын негіздейді.

  • «Домино» ойыны (топта)

«Әлемнің мәдени ескерткіштері» туралы жазылған домино ойыны ұсынылады. Ол үшін алдын-ала домино жинағы дайындалып, әр топқа таратылады. Доминоны суреті мен атауына сай дұрыс жинаулары керек.

Фишканы бәрінен көп жинаған және тарихи, мәдени ескерткіштерді дұрыс атаған топ жеңіске жетеді.

Бағалау критерийлері:

- әлемнің мәдени ескерткіштерін атайды.

  • «Менің пікірім» тапсырмасы (жеке)

Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Берілген сұрақ бойынша пікірлер жазу ұсынылады:

«Тарихи ескерткіштерді сақтаудың қандай маңызы бар?» Өз сөздеріне 3 дәлел келтірулері тиіс.

Бағалау критерийлері:

- Тарихи ескерткіштерді сақтау қажеттілігіне 3 дәлел келтіреді.

Бейнеролик:

Әлемнің жеті кереметі

https://www.youtube.com/watch?v=P8MZLcckqMA

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

А3 парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, фломастерлер, т.б.

Презентация «Қазақстанның 7 кереметі» https://infourok.ru/prezentaciya_azastanny_7_keremet-193318.htm

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Ойын фишкалары «Домино» ойынына арналған фишкалар.

(дид. материалға қараңыз)

(дид. материалға қараңыз)

Таратпа парақ

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар парақтан баспалдақтың тиісті тұсын белгілейді (толтырып болған соң талқылауға болады).

Таратпа парақ

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» тапсырмасына алдын-ала таныстырылым жасап келуді өтініңіз.

Сондай-ақ үйге шығармашылық тапсырма беруге болады: Түркістан қаласы бойынша мәдени ескерткіштер туралы ақпараттар жинап келіп, сыныпқа жарнама көрсету.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Домино» тапсырмасында өзара бағалау әдісін қолданыңыз.

«Тізім жаса» тапсырмасындағы оқушылардың тізімі ресми тізімнен өзгеше болуы мүмкін. Бұл тапсырмада нақты тізіммен салыстырып бағалаудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда үрдіс маңызды.

«Менің пікірім» тапсырмасының нәтижесі бойынша сабақтың барлық мақсаттарына жету деңгейін бағалауға болады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу