Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Мерзімі: 3-тоқсан

Сынып: 3

Мектеп:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.2 Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың мағынасын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлерін біледі;

- тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- ескерткіштердің түрлерін анықтайды;

- тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығына 3 дәлел келтіреді;

- Қазақстанның тарихи ескерткіштерін атайды;

- тарихи және мәдени ескерткіштерді аралау үшін туристке арналған бағдар жасайды (2-ден кем емес);

- ескерткіштерді қорғау туралы жаднама құрайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сапарсерік (гид) рөлінде өз қала/ауылыңның ескерткіштері жайында әңгімелейді.

Терминология:

  • Ескерткіш
  • Өткенге құрмет

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неліктен мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтау маңызды?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Менің сүйікті ескерткішім» тақырыбына эссе жазу.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарын сақтаудың маңызын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: туристің жол бағытын дайындау.

Қазақ тілі: ертегі құрастыру, эссе жазу.

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныптың «Уақыт» тарауынан мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан. Қазақстанның бейресми рәміздерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-7

8

  • Бейнематериал (ұжымда)

Ескерткіштерді сақтау туралы видео көрсетіледі: «Көне қалалар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімін толықтырды»

Ұзақтығы: 2 мин 25 сек

  • «Мәселе сұрақ» стратегиясы (топта)

Оқушылардан көрсетілген видео бойынша талқылау жүргізіп, сабақтың негізгі сұрағына жауап берулері сұралады:

Неліктен мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтау маңызды?

Ол үшін оқушылар алдымен әрбір оқушының идеяларын жазып, кейін оларды талдап, негізгілерін таңдап алады. Жауаптарды кілттік сөз және сөз тіркесі түрінде ұсынулары керек.

Мысалы: «өткенді еске алу», «уақыт байланысы», «ата-бабларға құрмет» және т.б.

Оқушыларды берген жауаптары тақтаға ілінеді.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлерін біледі;

- тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын дәлелдейді.

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=mcvV6WV8XlQ

(дид. материалға қараңыз)

Әр топқа: парақ, бір түсті маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

9-13

14-18

19-21

22-28

29-35

  • «Ескерткіштердің түрлері» тапсырмасы (ұжымда)

Мұғалім түрлі нысандардың суреттерін көрсетіп, ескерткіштердің түрлерін анықтауды сұрайды. Барлық оқушылардың болжамдарын тақыланады.

(археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері)

Бағалау критерийлері:

- ескерткіштердің түрлерін анықтайды;

  • «Атаулар» тапсырмасы (жұппен)

Әр жұпқа Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 5 ескерткіштің фотосуреті ұсынылады.

Ғаламторды пайдалана отырып ескерткіштерді атап, біреуіне қысқаша ақпарат берулері керек. Ақпаратты (ескерткіштің атауы, қысқаша мәлімет) суреттің артқы бетіне жазып, бағалау үшін басқа жұпқа береді. Дұрыс жауаптар слайдтан көрсетіледі. Оқушылар салыстырып, бір-бірін бағалайды (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай, ескерткіш туралы қысқаша мәліметке 3ұпай беріледі).

Бағалау критерийлері:

- Қазақстанның тарихи ескерткіштерін атайды (3-тен кем емес);

  • «Мұғалімнің сыйлығы» стратегиясы (ұжымда)

Оқушыларға ЮНЕСКОның тізіміне енген тарихи – мәдени ескерткіштер туралы ақпарат беріледі.

Әлемдік мұра - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәденитарихи  немесе  экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар. 2018 жылғы жағдайына сәйкес әлемнің 167 мемлекеті бойынша Әлемдік мұра тізімінде — 1092 нысан бар. Соның ішінде 845 мәдени, 209  — табиғи және 38 — аралас нысандар.

  Бүгінгі таңда еліміздің 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Олар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысындағы «Тамғалы тас» шатқалы, Жібек жолының ескерткіштері: «Тянь-Шань дәлізі», Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстанның өзен-көлдері. Бұл тізім жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.

  • «Экскурсия жетекшісі» тапсырмасы (топта)

-Оқушылар өздерін экскурсия жетекшісі рөлінде ұсына отырып, өз туған қаласы/ауылы бойынша туристерге арналған бағдар (маршрут) дайындайды. Тарихи және мәдени ескерткіштеріне қамту міндетті. Егер оқушыларда қиындық туындаса қажетті қосымша ақпарат беріңіз;

- Сондай-ақ «Жер бетінде ескерткіштерді сақтау үшін не істеу керек?» тақырыбында туристке арналған жаднама құруды ұсыныңыз;

- Тапсырма соңында әр топ өз бағдарларымен туристке арналған жаднамаларын қорғайды.

Бағалау критерийлері:

- тарихи және мәдени ескерткіштерін аралау үшін туристке арналған бағдар жасайды (2-ден кем емес);

- ескерткіштерді қорғау туралы жаднама құрайды.

  • Таңдау тапсырмасы (жеке)

Мұғалім оқушыларға 2 тапсырманың біреуін таңдауды ұсынады:

№1 тапсырма: Ескерткіштерін қорғай алмаған ел туралы ертегі жазу.

Бағалау критерийлері:

-ертегі 7-ден артық сөйлемнен тұрады;

-ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы ой қорыту бар.

№2 тапсырма: «Менің сүйікті ескерткішім» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау критерийлері:

- ертегі 7-ден артық сөйлемнен тұрады;

-аймақтың бір ескерткіші туралы сенімді ақпарат жазылған.

Ескерткіштердің суреттері

(дид. материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Ғаламторға қосылу

Ескерткіштердің фотосуреттері

(дид. материалға қараңыз)

Ақпарат (фотосурет, мәтінді материал)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Тапсырмасы жазылған карточкалар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Менің пікірім» (жеке)

Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Берілген сұрақ бойынша пікір жазу және 3 дәлел келтіру ұсынылады:

«Тарихи ескерткіштерді сақтаудың қандай маңызы бар?»

Бағалау критерийлері:

- тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығына 3 дәлел келтіреді;

Таратпа парақ

ид. материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға «Ескерткіш салатын адам, болашақты ойлайды» деген бір данышпан адам айтқан сөздерді түсіндіруді тапсырыңыз. Сондай-ақ таңдау бойынша үйге шығармашылық тапсырма беруге болады: өз аймағы бойынша мәдени ескерткіштер туралы ақпараттар жинап келіп, сыныпқа көрсетілім жасау.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Атаулар» тапсырмасында өзара бағалау әдісін қолданыңыз. «Менің пікірім» тапсырмасының нәтижесі бойынша сабақтың барлық мақсаттарына жету деңгейін бағалауға болады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу