Қазақ жерінің даңқты хандары. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

  • «Кластер құр» тапсырмасы

Сабақты Қазақ хандығының пайда болуы туралы өткен сабақ материалдарын қайталаудан бастаңыз. Оқушылардан алдымен "Қазақ хандығы"тақырыбына жеке кластер жасауды сұраңыз. Ол үшін кластер үлгілерін таратыңыз. Оқушылардың өткен сабақта алған барлық білімдерін қолданғандары маңызды.

Кластер бойынша ақпарат:

«КЛАСТЕР» бұл материалды түсініктің мағынасын кеңейте, көрсете отырып графикалық ұйымдастыру. Кластер материалды жақсырақ түсініп қабылдауға, жеңіл қайталауға, қорытындылауға, сұрақтарға жауап беруге, негізгі ойды табуға көмектеседі.

Кластер құру бойынша бірнеше ұсыныстар бар. Оны құру кезінде ақылойға келгеннің бәрін баяндаудан және жазудан қорқуға болмайды, тіпті егер бұл қауымдастық немесе жорамалдар болса да. Жұмыс барысында дұрыс емес немесе анық емес сөздер түзетілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Оқушылар барлық идеялар таусылғанға дейін жұмысын жалғастыра отырып, қиял мен түйсікке батыл еркіндік бере алады. Мағналық бірліктердің айтарлықтай көп санынан қорқуға болмайды, олардың арасында барынша көп байланыстар жасауға тырысу керек. Талдау барысында барлығы жүйеленеді және өз орындарына келеді.

http://pedsovet.su/metodika/priemy/5673_metod_klaster_na_uroke

https://nao.kz/files/blogs/1512363301309.pdf

  • «Жорамалда» тапсырмасы

Фильмді көргеннен кейін оқушылардан өз жорамалдарын алған ақпаратпен салыстыруды сұраңыз. Сабақтың теориялық материалына негіздей отырып, хандардың рөлі мен функцияларын оқушыларға түсіндіріңіз (төменге қараңыз). Қойылған сұрақтарға нақтырақ жауап берген жұптарды көтермелеңіз.

  • «Тарихи мұражай» тапсырмасы

Алдын ала сыныптың 3 бұрышына мұражайдың "бөлімдерін" дайындап қойыңыз. Қасым хан, Тәуке хан және Жәңгір хан бөлімдері. Ол жерге барлық қажетті ресурстарды орналастырыңыз: хандардың портреттері және олар туралы ақпараттар, Қазақ хандығының картасы, Орбұлақ шайқасының сызбасы, "Жеті жарғы" заңдар жинағы туралы материалдар. Сондай-ақ оқушыларға интернетке кіруге мүмкіндік жасап, әрбір топты ноутбуктармен жабдықтауға болады.

  • «Сенің таңдауың» тапсырмасы

Тапсырманың мәні - оқушылардың еркін таңдау жасай алу мүмкіндігінің барында. Оқушыларға синквейннің үлгісін немесе Қазақ хандығының рәміздері үлгілерін ұсынып, қолдау көрсетуге болады.

Синквейн үлгісі:

infourok.ru

Рәміз үлгісі:

  • Теориялық материал:

Хан деген кім? Олар не істеген?

ХАН — лауазым. Түркі-моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік иесі. Зерттеушілер Хан сөзі семантикалық-тілдік реңкі өзгерген көне түркілердің “қаған” терминінен қалыптасқан деп есептейді. Жазба дерек көздері Орталық Азия  халықтары  Хан терминін Түркі қағандығы  ыдырағаннан кейінгі кезеңнен қолдана бастағандығын растайды.

 Қазақ жерінде Қарахан мемлекетінің билеушілері  Хан атанды. Кейін қыпшақнайманкерей, тағы басқалар ұлыстық мемлекеттерді Хандар басқарды. Кез келген адам  Хан сайлана алмайтын.

Кезінде Шыңғыс хан (11891206 жылдар сайланған) ел тізгінін ұстау үшін әкесі Есукей баһадұр моңғолдардың соңғы қағандарының бірі Хутул (Құтұл) қағанның туысы деген аңыз тараттырды. Нәтижесінде көпшіліктің қолдауымен Хан сайланды. Көрші елдерге жойқын шабуылдар жасап, әлемдік империя құрды да, Хандық билікті өз ұрпақтарына ғана мұра етіп қалдырды. 13 — 14 ғасырлардағы ұлыстарды, Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ыдыраған моңғол империясының орнына келген көптеген мемлекеттерді оның ұрпақтары басқарып, Хан болды. Жаңадан сайланған Хан ең алдымен өзін билік басына көтерген ақсүйектердің мүддесін көздеуі тиіс болды. Оның мемлекеттік ин-ттарды нығайтып, жеке-дара үстемдік құруына жергілікті ақсүйектер қай кезде де мүдделі болған емес. Соған қарамастан көптеген Хандар үнемі өз үстемдігін нығайтуға тырысып отырды. Тарихи жазба дерек көздері жаңадан сайланатын Ханға ақсүйектер өз талаптарын қоя білгендігін айғақтайды.

Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметі

Белгілі шығыстанушы Т.Сұлтанов өз еңбектерінде Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін былайша көрсетеді:

  • Билік етіп отырған әулет басшысы және мемлекеттегі жоғарғы сюзерен ретінде елдегі барлық аумаққа, ұлысқа тиесілі жерге иелік етті, қарулы жасақпен оны сыртқы жаулардан қорғады.
  • Соғыс жариялау мен бітімге келуге құқылы болды, себебі ол әскер басшысы еді.
  • Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттіңсыртқы саясатын айқындап отырды.
  • Өзіне бағынышты адамды өлтіруге немесе тірі қалдыруға құқылы болды, яғни ол мемлекетіндегі Жоғарғы Сот қызметін де атқарды.
  • Заң шығару құқы болды және қол астындағылардың барлығына міндетті бұйрықтар шығарды. Сөйтіп, қоғамдық құрылым мен тәртіпті сақтады.

Дәстүрлі көшпелі түркі-моңғол қоғамында Хан болып Шыңғыс хан ұрпақтары ғана сайланды. Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін Хан деп атай алмай, көбіне әмір (Ақсақ Темір), би, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығы Шыңғыс хан әулетінен тағайындалды. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Мемлекетті басқаруда Хан шексіз билікке ұмтылғанымен, ру-тайпа билеушілерімен санасуға мәжбүр болды. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына сүйенген жергілікті билік иелері — билер мен батырлар Хан билігін белгілі бір дәрежеде шектеп, өздерінің әлеуметтік-саяси мәртебесін нығайтуға тырысты. Ханға тура сөйлеп, кемшіліктерін бетке айтқан ақын-жырауларды, билерді халық әрдайым дәріптеген (Би, Жырау). Ақыл-парасатымен танылған Хандарды данагөйлер оның ізбасарларына үлгі тұтты. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды. Ол ең алдымен билер ин-тына арқа сүйеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елдік тұтастық осы билік жүйелерінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Қазақ жерін Ресей империясы отарлағаннан кейін, құқықтық-әкімш. реформалар жүргізіп, саяси құрылымды өзгертті. 1822 — 1824 жылғы реформадан соң Ханның билік жүйесі күйреді. Дегенмен, хандық қазақ халқының негізгі билік жүйесі болғандықтан патшалық үкіметтің отаршылдық саясатына, кеңестік озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер туындағанда, көтерілісшілердің ең алдымен Хан сайлап, сардарбек тағайындап отыруы 20 ғасырдың 1930-жылдарына дейін сақталды.

https://kz.wikipedia

http://www.tarih-begalinka.kz/

  • Қосымша сілтемелер:

Тақырыбы

Сілтемелер

Ұзақтығы

1

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (XV-XVI ғғ. басы)

https://www.youtube.com/watch?v=Ekc5H6T-TEc

5.56

2

Ұлы Қазақ хандары: Керей мен Жәнібек хандар "Қазақ Елі"

https://www.youtube.com/watch?v=DKVVt6cmjNs

2.15

4

Қазақ билері

https://www.youtube.com/watch?v=QUc6jl_Um1o

6.27

5

«Алып тұлғалар» Жеті жарғы

https://www.youtube.com/watch?v=CbiofO1Ki-A

14:42



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу