Қазақ жерінің даңқты хандары. Дүниетану, 3 сынып, презентация.


Қазақ жерінің даңқты хандары

24 сабақ

6-бөлім

«Көрнекті тұлғалар»

«Кластер құр» тапсырмасы

«Қазақ хандығы» тақырыбына кластер құрыңдар.

Қазақ хандығының құрылуының негізгі себептерін атаңдар.

“Хан" сөзіне тоқталып, осы ұғымға анықтама беріңдер

"Хан" және "президент“ ұғымдарын салыстырыңдар.

Сабақтың мақсаттары

Сен:

Ұлы хандармен танысасың: Қасым хан, Тәуке хан және Жәңгір хан;

Хандардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіндіресің.

«Жорамалда» тапсырмасы

«Картамен жұмыс» тапсырмасы

Керей мен Жәнібек хандар және Қасым хан билеген заманындағы қазақ елінің аумағын көрсетіп,

қорытынды жасаңдар.

«Тарихи мұражай» тапсырмасы

3 топқа бөлініңдер:

№1 топ

Қасым хан туралы ақпаратты оқып-зерттеп, оның билеген заманында хандық аумағы қалай өзгергендігін картада көрсетеді.

Ресурстар: Қасым хан туралы ақпарат, Қазақ хандығының картасы.

 №2 топ

Жәңгір хан туралы ақпаратты зерделейді және карта бойынша Орбұлақ шайқасы туралы әңгімелейді.

Ресурстар: Жәңгір хан туралы ақпарат, Орбұлақ шайқасының картасы, осы шайқас туралы ақпарат.

№3 топ

Тәуке хан туралы ақпаратты зерделейді және «Жеті жарғы» заңдары туралы әңгімелейді.

Ресурстар: Тәуке хан туралы ақпарат, «Жеті жарғы» заңдарының жинағы.

«Сенің таңдауың» тапсырмасы

Мені таңда:

№1 тапсырма

Қасым, Жәңгір және Тәуке хандарының билік жүргізу кезеңдеріне лайықты сурет не таңба түріндегі рәмізді ойлап табу керек.

Бағалау критерийлері:

-ойлап тапқан рәміздер аталған хандардың билік ету кезеңдерін көрсетеді.

Мені таңда:

№2 тапсырма

«Қасым»/ «Жәңгір»/ «Тәуке» хан тақырыбына синквейн құрау керек.

Бағалау критерийлері:

-синквейннің мазмұны хан билігінің ерекшелігін көрсетеді.

РЕФЛЕКСИЯ

«Жалғастыр» стратегиясы

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы кезекпен ханның бас киімін (мұрақты) бір-біріне бере отырып, сөйлемді жалғастырып аяқтайды:

«Мен өз ата-бабамды мақтан тұтамын, себебі ....»

Сонымен:

Сен:

Ұлы хандармен таныстың: Қасым хан, Тәуке хан және Жәңгір хан;

Хандардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіндірдің.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу