Еліміздің ресми емес рәміздері. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: «Өнер»
| Мектеп: | |||||||||||
Мерзімі: 3-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | |||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Еліміздің ресми емес рәміздері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.5.1 Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсіндіру (ескерткіш «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б) | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - ресми емес таңбаларының мағынасын түсіндіреді («Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б) Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақстанның қандай бейресми таңбаларын білесің? Жазуға берілетін тапсырмалар:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту Қазақстанның ресми, бейресми таңбаларының маңызын түсіну арқылы жүзеге асады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек: ермексаздан символ жасау, қағаздардан оригами жасау және т.б. Әдебиеттік оқу: сөздер байланысын дамыту | |||||||||||
Предварительные знания | Қазақстанның бейресми таңбаларының бірі «Бәйтерек» монументтін сипаттай алады. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы
0-5 6-7 8 |
- Оқушыларға Қазақстанның бейресми және ресми рәміздері (елтаңба, ту, гимн, «Алтын адам», «Бәйтерек» ескерткіштері, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы) суреттері ұсынылады. - Оқушылардан олардың атауларын сұраңыз. Суреттерді екіге бөліп, топтамаларға ат беруді сұраңыз. Жауап: Елтаңба, ту, гимн – Қазақстанның ресми рәміздері; «Алтын адам», «Бәйтерек» ескерткіштері, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, домбыра, - Қазақстанның бейресми таңбалары.
Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, жұмыстың нәтижесін қорытындылайды. Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақстанның рәміздері деген не? - Неліктен олар елге қажет? - Оларды қандай екі топқа бөлуге болады? - Қазақстан Республикасының ресми рәміздері қандай? - Ресми емес таңбалары қандай? -Айырмашылығы неде?
| Қазақстанның бейресми және ресми рәміздерінің суреттері, олардың атаулары жеке парақта (дидактикалық материалға қараңыз ) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4 | ||||||||||
Сабақ ортасы 9-12 15-21 22-25 26-35 |
Оқушыларға ресми рәміздер туралы бейнематериалдар ұсынылады. Оны көрсетпес бұрын оқушыларға стикерге қажетті ақпаратты жазуларын сұраңыз:
- Оқушылардың жазбалары талқыланады. Қазақстанның бейресми рәміздері туралы ақпаратпен толықтырыңыз (әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз).
1 топ: Тапсырма: Мәтінді оқыңдар. Салтанат қақпасының жан-жағындағы, жоғары жағындағы белгілер нені білдіреді? Бағалау критерийлері:
2 топ: Тапсырма: Аңыздың басын оқы. Самұрық пен айдаҺар нені білдіреді? Аңыз қалай аяқталады? Бағалау критерийлері:
3 топ: Тапсырма: Есік қорғанында табылған сақтар көсемі туралы не есіңде бар? «Алтын адам» нені білдіреді? Бағалау критерийлері:
- Топтағы оқушылар тапсырманы орындап, постер қорғайды. Бір топ қорғағаннан кейін, қалған екі топ олардан нақты 3 сұраққа жауап беруді сұрайды. Бағалау критерийлер бойынша жүргізіледі.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші бастайды: «Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар және жауаптарыңды негіздейсіңдер: Қазақстанның бейресми рәмізі - жануар ....., өйткені ...; өсімдік - ...., өйткені .....; музыкалық аспап- себебі ... және т.б.
Оқушылар жұпта өз шағын Отанының (өз өлкесінің) ресми емес рәмізін ойлап тауып, таныстырады. Бағалау критерийлері: - Өз шағын Отанының рәмізін жасайды; | Сілтеме: ҚР мемлекеттік рәміздері Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=MsN13oimhdA Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Тапсырма жазылған карточкалар Топтарға арналған материалдар: суреттер, аңыздар, ертегілер, энциклопедия және т.б. Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Постер, маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Ермексаз, бояулар және т.б. Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | ||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 |
«Саяхаттың керемет әсерлері» Оқушылар кестені толтырып, топта талқылайды. Толтырылған таратпа парақтар мұғалімге өткізіледі.
| Таратпа материал (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға Венн диаграммасын қолдана отырып, Қазақстанның ресми және бейресми таңбаларын салыстыру ұсынылады. Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға ата-аналар арасында «Өз өлкемнің ең үздік рәмізі» үшін ашық дауыс беруді, барлық жұмыстарды мектеп сайтына немесе әлеуметтік желілерге салу арқылы ұйымдастыруды (практикалық тапсырманы қараңыз) ұсынуға болады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Спикер рөліндегі жауаптан қашқан немесе нақты емес жауап берген оқушыларға нақтылайтын сұрақтар қойыңыз. «Көреміз.Ойлаймыз.Анықтаймыз» тапсырмасы бойынша нақты сұрақтарға берілген жауаптарды зерделей отырып, оқушылар бағалауды өздері жүргізеді.
| Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?