Қазақстан – ғажапстан! Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Мектеп:

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан –ғажапстан!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.5.1 Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсіндіру (ескерткіш «Алтын адам», «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы т.б)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсінеді;
  • Қазақстанның бейресми таңбаларын сипаттайды.

Бағалау критерийлері

  • Қазақстанның бейресми таңбаларын атай алады;
  • Қазақстанның бейресми таңбаларын сипаттайды;
  • Өз өлкесінің бейресми таңбаларына мысалдар келтіреді;
  • Сыныптың бейресми таңбасын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қазақстанның ресми, бейресми таңбаларының маңызын түсіндіреді.

Терминология:

  • Ресми таңбалар;
  • Бейресми таңбалар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қазақстанның қандай бейресми таңбаларын білесіңдер?

Жазуға берілетін тапсырмалар:

Сыныптың бейресми таңбасын ұсынады

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстанның ресми, бейресми таңбаларының маңызын түсіну арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: ермексаздан өз сыныбының ерекшелігін анықтайтын таңба жасау.

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныптың «Уақыт» тарауынан мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан. Қазақстанның бейресми таңбаларының бірі «Бәйтерек» монументін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • «Ресми рәміздер» тапсырмасы (топта, ұжымда)

Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы бейнематериалды көрсете отырып, мұғалім сабақты сұрақ қоюдан бастайды:

-Видеодан нені көріп отырсыңдар?

- Неліктен оларды мемлекеттік рәміздер деп атайды?

- Осы рәміздердің мағынасы қандай?

-Өзге елдің мемлекеттік рәміздерін білесіңдер ме?

Оқушылар «мемлекеттік рәміздер» мағынасы туралы ортақ бір ойға келеді. Ресми рәміздерден басқа бейресми таңбалар болатыны жайлы білгендерін айтады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Қазақстанның бейресми таңбаларының маңызын түсінеді;
  • Қазақстанның бейресми таңбаларын сипаттайды.

ҚР мемлекеттік рәміздері

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=MsN13oimhdA

Дид. материалға қараңыз

Слайд №4

Сабақ ортасы

7-9

10-18

19-24

25-36

  • Кіріспе әңгіме

Мұғалім «бейресми таңбалардың» мағынасын оқушылардан сұрайды. Берген жауаптарды толықтырып нақты түсінік береді:

Біздің мемлекетіміздің ресми рәміздері — Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

Бейресми рәміздер –ел үшін маңызды тарихи мәдени ескерткіштер, кесенелер, күмбездер, көпірлер және т.б

  • «Монументтер тарихы» тапсырмасы (жұппен, топта, ұжымда)

Оқушыларға 3-4 топқа бөлінуді ұсыныңыз. Әр топта үш жұптан болады, яғни 6 оқушыдан.

Тапсырма: берілген бейресми таңбалар тарихымен танысып, әр жұп постер жасайды.

1-жұп: «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы;

2-жұп: «Алтын адам» монументі;

3-жұп: «Бәйтерек» монументі.

Қоңырау соғылғанда, сағат тілімен көршісімен орын ауыстырып, жаңа жұп таңбаларды сипаттап, постерді толықтырады. Соңында барлық 3 тақырып қамтылып, ұжымда қорытынды жасалады. Постерлерін тақтаға іледі.

Бағалау критерийлері:

-Қазақстанның бейресми таңбаларды атай алады;

- Қазақстанның бейресми таңбаларын сипаттайды.

  • «Серуен» ойыны (жұпта)

Оқушылар жұптасып, «серуенге» шығады. Сыныпты аралап, қабырғаларда ілініп тұрған өз өлкелеріндегі Қазақстанның бейресми таңбалары туралы әңгімелейді. Қоңырау соғылысымен жұптар алмасады.

Әңгімелесу сұрақтары:

  • Өз өлкеңнің қандай көрікті маңызды нысандары бар?
  • Ол нысандарға қандай мақсатпен барасыңдар?
  • Немен қызықтырады?
  • Нысандардың тарихын білесің бе?
  • Оларды өлкенің бейресми таңбасы деп атауға бола ма?

Ойынды сұрақтар арқылы қорытындылаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Өз өлкесінің бейресми таңбаларына мысалдар келтіреді.
  • «Менің сыныбымның таңбасы» тапсырмасы (топта, ұжымда)

Оқушыларға ермексаздан (немесе бояулар арқылы) өз сыныбының ерекшелігін анықтайтын таңба (символ) жасау ұсынылады. Әр топ өздері жасаған таңбаларын қорғайды. Тапсырманы өзара стикерлер арқылы бағалайды.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Сыныптың ерекшелігі ескерілген;
  • Таңба әдемі, ұқыпты жасалған.

Монументтер туралы таратпа парақтар

Постерлер, маркерлер

Қоңырау

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дид. материалға қараңыз

Қоңырау

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сюжетті суреттер

Ермексаз, түрлі-түсті бояу т.б. құралдар

Стикерлер

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады.«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны жазады.

Аты-жөні........

Сынып: .....

Плюс

Минус

Қызықты

Таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі. (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады).

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар топтық жұмыста шығармашылық танытады, күрделі сөйлемдерді колданады, өз пікірін білдіреді.

Ресурстар көмегімен, психологиялық тұрғыдан қабылдау әдістері қарастырылған (аудиал, визуал, кинестет)

Фотоға әуестігі бар оқушыларға өзінің туған өлкесінің бейресми таңбаларын фотога түсіріп, фотогаллерея жасауды ұсынуға болады.

«Менің сыныбымның таңбасы» тапсырмасында оқуда кедергісі бар оқушыларға сыныптың ерекшелігін көрсететін мысалдар беріп, қолдау көрсетуге болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Монументтер тарихы» тапсырмасында оқушылар жұптарымен алмасу барысында, өзге жұптың жұмысына кері байланыс беріп, бағалау жүргізіп отырады. Топтық жұмыста әрбір оқушының үлесін қадағалан жөн. «Менің сыныбымның таңбасы» тапсырмасы критерийлер бойынша бағаланады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу