Қазіргі әлемдегі Қазақстан. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
"Дүниетану" пәні бойынша қысқамерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: «Ғарышқа саяхат» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтыңтақырыбы | Қазіргі әлемдегі Қазақстан | ||||
Осы сабақтақолжеткізілетіноқытумақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін анықтау; 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру | ||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - мемлекеттің беделі деген не екенін түсіндіреді; - мемлекеттің беделі мен оның даму стратегиясы арасындағы тәуелділікті түсінеді; - Қазақстанның әлемдегі беделін арттыруға үлес қосқан оқушылар туралы айтады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім, экономика саласындағы жетістіктерін түсіндіре алады; - Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін түсіндіре алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Қазақстанның мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері қандай? Жазуға арналған сұрақтар: - "Әлемдік кеңістіктегі Қазақстан" ой-толғау. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Патриоттық сезім Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін және демократиялық құқықтарды түсіну және мақмтан етуң рқылы дамиды. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту Саясат Экономика жайлы алғашқы түсініктер | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар Қазақстанның көрнекті тұлғаларымен таныс, шығармашылық және еңбек мамандықтарының көрнекті қайраткерлерінің қосқан үлесі туралы айта алады. Оқушылар ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерімен таныс. Еліміздің кейбір жетістіктерін атай алады. | ||||
Сабақтыңбарысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 6-8 | 1.Кіріспе тапсырма "Сөзді жина"(топпен) - Сөзді берілген әріптерден жинаңдар. - Қандай сөздер шықты? -Алынған сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар. Жауабы: ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН - Тақырып бойынша не айта аласыңдар? Оқушылар топтарда сөз жинайды, содан кейін сөз тіркесін құрастырады, осы тақырып бойынша не туралы айтуға болатынын талқылайды.
-мемлекеттің беделі жайлы білeді; - еліміздің беделін көтеруге үлес қосқан оқушылармен танысады; | Әріптер жинағы, желім, А3 парағы Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №2 Слайд Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №3 Слайд | |||
Сабақтың ортасы 9-15 16-25 26-30 31-37 | 3.Ойлан (фронтальды жұмыс) -Біздің елімізде халықаралық маңызы бар қандай оқиғалар болды? - Бұл оқиғалар біздің еліміздің дамуына қандай маңызы болды? - "Бедел"сөзі нені білдіреді? - Оқулықтағы мәтінді оқыңдар. - Қорытынды жасаңдар. Жауап: Бедел дегеніміз – абырой, көпшілік алдында жоғары бағаға ие болу. Оқушылар өз пікірлерін айтып, Қазақстандағы халықаралық маңызы бар оқиғаларды және олардың елдің дамуы үшін рөлін талқылайды,оқулықтағы мәтінді оқиды. Елдің беделі мен жүргізіліп жатқан іс-шаралар арасындағы тәуелділік туралы жалпы қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері: - оқушылар мемлекеттің беделінің не екенін біледі. 4.Болашақ бүгіннен басталады (топпен) - Қазақстан 2030 жылға қарай қалай өзгеруі мүмкін? -Еліміздің азаматтары қандай болады? - Өз идеяларыңды шығармашылық түрде елестетіңдер. -Оқулықтағы Н. Назарбаевтың сөздерін оқыңдар. -Өз идеяларың Елбасының ойымен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар. - Оқулықта "Даму стратегиясы"туралы ақпаратты оқыңдар. -Бұл құжат пен мемлекеттің беделі қалай байланысты? Оқушылар топта жұмыс істейді, шығармашылық жұмысты орындайды. Оқулықтың ақпаратын зерделейді, "Даму стратегиясы" терминін түсінуді қалыптастырады, елдің Даму стратегиясы мен оның әлемдегі беделіне тәуелділігі туралы қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері: - оқушылар мемлекеттің беделі мен оның даму стратегиясы арасындағы тәуелділікті түсінеді. 5.Зертте (фронталь жұмыс) - Соңғы бірнеше жылда біздің облыста қандай маңызды оқиғалар болды? -Олар халықтың өмірін жақсартуға қалай әсер етті? -Осы іс-шараларға қатыса алдың ба? Оқушылар өз идеяларын айтып, оларды тақтадағы кестеде бекітеді. Қабілеті төмен оқушыларға ақпараты бар тарату парақтарын ұсынуға болады. 4.Байқап көр (топпен) - Еліміздің оқушыларының жетістіктері туралы ақпаратты оқыңдар. - "Ел мақтан тұтады"тақырыбына постер жасаңдар. - Өз ақпараттарынды сыныпқа ұсыныңдар. - Басқа топтардың жұмысын бағалаңдар. Оқушылар топта жұмыс істейді, ұсынылған ақпаратты оқиды, оның негізінде постер жасайды. Ақпаратты сыныпқа таныстырады. Басқа топтардың жұмысын "Екі жұлдыз-бір тілек"әдісімен бағалайды. Бағалау критерийлері: -оқушылар Қазақстанның әлемдегі беделін арттыруға үлес қосқан оқушылар туралы айтып береді. | ҚР-дағы халықаралық оқиғалардың логотиптері (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4 https://www.youtube.com/watch?v=bEEml_Ef9uA - ЭКСПО https://expo2017astana.com/ - сайт https://www.youtube.com/watch?v=-H1ypSDXp7w - ҚР командасының Универсиадаға шығуы-2017 А3 парақтары, маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа Қараңыз №5 Слайд Таратпапарақтар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №6 Слайд Таратпа парақтар, желім, қайшылар, маркерлер, А1 парағы Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №7 Слайд | |||
Сабақтың соңы 38-40 | "Менің пікірім" (жеке) - "Стратегия" және "бедел"деген сөздерді қатыстырып 2 сөйлем жазыңдар. Оқушылар әр сөзге бір-бірден екі сөйлем жазады, сабақ қорытындысын шығарады. | Стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №8 Слайд | |||
Дифференциация-сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоясыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық сипаттағы тапсырма ұсына аласыз: "Әлемдік кеңістіктегі Қазақстан" ой-толғау жазу. Қабілеті төмен оқушыларға сабақ тапсырмаларын орындауда қолдау үшін ақпараты бар парақтарды ұсыну. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Менің пікірім" стратегиясы әр оқушының сабақ материалын меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ талдау, ақпаратпен жұмыс дағдыларын дамытады. Сабақ материалын меңгеруді сұрақтар арқылы тексеріңіз: -Мемлекеттің беделі неге байланысты? - Әлемдегі елдің беделін кім арттыра алады? -Сен мемлекеттің беделін арттыруға қандай үлес қосар едің? | Топтық жұмыста, қайшымен және желіммен жұмыс кезінде, оқушылардың қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?