Әр заман батырлары: Еділ және Алпамыс. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әр заман батырлары: Еділ және Алпамыс

Оқу

мақсаттары

2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларда батыр,эпостық жыр, аңыз, мифтер туралы түсінік қалыптасады. Ұлттық дәстүрге,халық ауыз әдебиетіне деген құрмет сезімдері қалыптасады.

 Бағалау критерийлері

Дереккөздер арқылы батырдың келбеті, мінез – құлқы, ерліктері туралы сипаттап жазады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар әңгімелеу барысында аңыз, батыр, миф, эпостық жыр, Алпамыс батыр, жыр сөздік қорларын молайтады.

 Құндылықтарды дарыту

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

- құрмет;

- ынтымақтастық;

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану , тарих

 АКТ

Оқушылар Алпамыс батыр және басқа да батырлар туралы суреттер мен видеолар іздестіреді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Әр заман баырлары тақырыбы бойынша материалдар қарастырылған

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушыларға сыныпта жайлы ахуал орнатып, төмендегі сұрақтар қойылады.

Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сабақтың тақырыбын ашу.

-Балалар, қандай үлкен бөлімді өтіп жатырмыз?

- Жыр дегеніміз не?

-Қандай жырларды білесіңдер?

- Батырлар жыры туралы естігендерің бар ма?

-Қандай батырларды білесіңдер?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Бүгінгі сабақта не үйреніп, не білеміз деп ойлайсыңдар?

http://www.imektep.kz/batirlar-zhiry

Батырлар жыры

Сабақ ортасы

33 минут

 

(МК,Ұ) Оқушылар белсенді тақтадан берілген сілтеме бойынша «Алпамыс батыр» мультфильмін көреді.

Мақсаты:Алпамыс батыр жайлы түсінік қалыптастыру.

(Т,Қ) Топпен жұмыс.

Мақсаты:Алпамыс батыр жайлы түсініктерін анықтау.

Оқушыларға топта мультфильмнің мазмұнын талқылап, ішінен Алпамыс туралы батырды суреттейтін бірнеше тірек сөздер жазып алу тапсырылады.

Бұдан кейін суретпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар Алпамыстың суретіне қарап, оның сырт тұлғасын сипаттайды.

Алпамыс батыр өзіне – өзі сенімді, шешім қабылдай алатын ер мінезді батыр. Оның көзқарасы батылдық пен қайсарлықты көрсетіп тұрғандай. Үстінде жауынгердің киімі, бір қолында қылыш, екінші қолында өзінің атын құшақтап тұр.

) Сен білесің бе?

Мақсаты:Оушылардың жылқы малы туралы түсініктерін арттыру.

Оқушылардан берілген айдарды оқып шығу тапсырылады. Оқушыларға «Келесіге бер» ойынын ойнау ұсынылады. Ол үшін алдын – ала ойыншық ат дайындалып қойылады. Барлық оқушылар шеңбер бойымен тұруларын сұрау. Қолында ойыншығы бар қатысушы жылқы туралы бір сөйлем айтып, келесі ойыншыға береді. Сөйлем айта алмаған оқушы ойыннан шығып отырады. Ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.

(Т) Мақалдың мәнін түсіну.

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттері мен патриоттық сезімдерін дамыту.

Әр топ бір мақалды оып, топтарға мағынасын түсіндіреді. Қалғандары толықтырады.

Ердің атын еңбек шығарады.

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

Батыр елі үшін туады,

Елі үшін өледі.

Жұмыс дәптерінде «Менің батырым» тапсырмасын орындау тапсырылады. Өзі таңдап алған батыр туралы қысқаша әңгіме жазады.

(Т,Қ)Сәйкестендір»

Мақсаты:Батырдың қару-жарақтарын жырата білу қабілеттерін дамыту.

Оқушыларға батырдың құрал - саймандары туралы суреттер мен қима сөздер беріледі. Суретке сәйкес сөздерді тауып, сәйкестендіріп айтады және қояды.

(Ө,Қ)Карточкамен ұмыс

Мақсаты:Оқушылардың алғн білімдерін бағалау

Тапсырма. Берілген мультфильмді көре отырып, жұптаса батырға сипаттама беріңіз.

Алпамыс батыр.

https://www.youtube.com/watch?v=D-VOcOQL1P0

Сұрақтар

Жықы ойыншығы немесе суреті

Мақалдар азлғн А 4 парақтары

суретті сызба

ҚБ картокалар

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

-Не білдік?

-Не үйрендік?

-Не ызықты болды?

Өзін өзі бағалау

Критерийлер бойынша бағалайды.Өз орнын баспалдақта табады.

Жетістік баспалдағы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, батырдың қаруларын білу және сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды.

Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу