Алпамыс бейнеленген тиын. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алпамыс бейнеленген тиын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.4 Дереккөздер негізінде болжам жасау;

2.1.2.1 Ақпараттың ішінен негізгіні ажырата білу

 Сабақ мақсаттары

Алпамыс бейнеленген тиынды тану, зерттеу.

 Жетістік критерийлері

Дереккөздер негізінде болжам жасап, өз тиынын жобалайды

 Тілдік мақсаттар

 

  • біздің заманымызға дейін;
  • батыр, Отан қорғаушы;
  • жаулап алу;
  • тарихи деректер;

атаулары мен сөз тіркестерін идеялары мен пікірлерін айтуда, ақпаратты табуда қолдану.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында батырларға деген құрмет сезімі қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

География, математика пәндерімен байланысады.

 АКТ

Алпамыс пен Аттила бейнеленген тиындарды тауып, ақпарат алады

Алдыңғы меңгерілген білім

Алпамыс туралы аңыз оқыды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Қазақстан мен оның тарихын оқытуда теңгелер мен банкноттардың маңызын талқылау.

https://www.youtube.com/watch?v=D-VOcOQL1P0

Сабақ ортасы

30 минут

 

(Ұ) Оқушылар шеңберге жиналып «Алпамыс батыр» мультфильмін тамашалайды.

Мультфильм желісі бойынша не көргендерін ортаға салып, пікірлеседі.

(Қ) Оқушылардың Еділ мен Алпамыс туралы білетіндіктеріне шолу жасау.

(Ұ) Оқушылардан олар Алпамыс пен Ғұн патшасы Аттила (Еділ) туралы ақпарат алу үшін қандай дереккөздерді пайдаланғандықтары туралы сұрау. Оларға теңгені көрсетіп, олар Алпамысты есте қалдыру үшін ол туралы аңызға және суретші салған оның портретін негізге ала отырып, өз бетінше теңгені жобалайтындықтарын айту.

(Ұ) Оқушылардан суреттерді жинап алып, оларды тақтаға ілу. Оқушылардың суреттерге қарап, әрқайсы туралы бір сөзден ойлап табуларын сұрау. Бүкіл сыныптан кезекпен сұрай отыра, атауларды тақтаға жазу.

(Ұ) Аттиланы (Еділ патша) қалай жобаланғандығын көрсету. Оқушылардың мыналар туралы ойлауын сұрау:

  • -Теңгеде қандай суреттер бар, яғни ол қандай ойды жеткізгісі келеді?
  • -Теңгеде жазылған ақпарат пен оның мақсаты туралы не айтасыз?
  • -Теңгенің жалпы дизайны, дәлірек айтқанда ол қалай көрінеді?
  • -Ол кім үшін жобаланған, яғни аудиториясы қандай?

(Ж) (Ө) (Т) Оқушыларды Алпамыстың портреті мен ол туралы аңызға сүйене отырып, теңгеде нені бейнелей алатындықтарын талқылау үшін жұптарға бөлу. Әрбір оқушы өз теңгесінің жуықтап алғандағы эскизін жасайды. Жұптасып немесе 4 адамнан тұратын топтарда басқа оқушылар не істегендіктері туралы ойлай және сұрай отырып, өз эскиздерін талқылайды. (Ө) Оқушылар оң, және келесі жағынан өздерінің жеке теңгесін жасайды.

  • Авторы (дизайнері) кім?
  • Нысаналы аудитория кім?
  • Дизайнер қандай ойды жеткізісі келді?
  • Ой-пайым қалай жеткізілген: теңгенің шартты белгілері қандай?

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Қима сөздер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Дереккөздер негізінде болжам жасауы, өз тиынын жобалап, қорғауы бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да мультфильм 5 минутқа жоспарланды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу