Дұрыс тамақтану. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-тарау: «Дені саудың – жаны сау»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 19.01

Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс тамақтану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

 Сабақ мақсаттары

Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра білу.Салауатты емдәмге қандай тағамдар жататынын түсіну. Салауатты емдәм сақтаудың себептерін түсіну.

 Бағалау критерийлері

Дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіре алады.

Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Дұрыс тамақтану, жаттығулар жасау, дені сау, сымбатты, күшті болу, диета, ауру, көміртектер, жемістер мен көкөністер, сүт өнімдері: сүт, ірімшік, май, йогурт, айран.

 Құндылықтарды дарыту

 

Сыйластық, шығармашылық, жауапкершілік құндылықтарын дарыту тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асады

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

 /интернационализм

Білімдерін өмірде пайдалану

 Пәнаралық байланыстар

Математика, ғылымға кіріспе, АҚТ.

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпқа берілген тапсырма негізінде

Алдыңғы меңгерілген білім

Спорттың адам денсаулығына пайдасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы өлең шумағын хормен оқыту.

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

Сабақтың ортасы

35 минут

Дұрыс тамақтану

(Ұ)(Ж) Сынып оқушыларын шеңбер бойымен отырғызу. Оқушылардан үйінде қандай көкөністер, жеміс –жидектер өсетінін сұрау. Неліктен бұл өсімдіктер сау болуы және жайқалып тұруы керек екендігін сұрау. Олардың өсуіне және сау болуына не көмектесетіндігін анықтау.

(Ж) Шеңбердің екі жағынан немесе бөлменің әр тарапынан екі балаға екі түрлі көкөніс немесе жеміс-жидектің суретін таратып беру. Оқушылар өсімдік суреттерін жұпта қарап, талқылап шығады. Олар қандай айырмашылықты көріп тұр? Өсімдіктердің бірінің сау, ал екіншісінің ауру болуының қандай себептер болуы мүмкін?

Әр жұп сұрақтарға жауап береді. Тақтадағы кестеге неліктен бір өсімдік сау, ал екіншісі ауру екендігі туралы оқушылар келтірген себептерді жазу.

(Ө) Оқушылар тақтадағы кестеден ең сенімді себептерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Ұ)Дұрыс тамақтану тақырыбындағы бейнефильм көрсету.

Ақпарат

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.2.     Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.3.     Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.4.     Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.5.     Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

(Т) Кестемен жұмыс (көкөніс, жеміс)

Өсімдіктің сау болу себептері

Өсімдіктің ауру болу себептері

Оқушылар топта кестені толтырып, ой бөліседі.

(Ұ)(Ж) Оқушыларға біздің жануарлар мен өсімдіктерге ұқсайтындығымызды, біз немен тамақтанатынымыз, деніміз сау болуына не көмектесетіндігі туралы ой талқы ұйымдастыру.

-Балалар, біздің өсімдіктермен ұқсастығымыз бар ма?

-Қандай?

-Ал біздің деніміз сау болуы үшін қандай жағдайлар керек?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

«Дұрыс тамақтану», «Диета» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

(Ж,Қ)Жұппен жұмыс.

Жұптағы оқушылардан таңғы аста жеген тағамдары туралы ой бөлісіп, талқылау жасауды өтіну.

(Ж)(Т)(ҚБ) Оқушылардан алдымен жұптармен, одан кейін топ ішінде бізге салауатты диета қалай әсер ететіндігін талқылауды сұрау. Әрбір топ үш азық-түлік түрінен тұратын тізім құрастырады. Төрт адамнан тұратын әрбір топ осы үш фактордың қайсысы аса маңызды болып табылатындығын және олардың маңыздылық деңгейін анықтайды. Топ тізімін жасап, сынып алдында таныстырады.

(Т,Қ)Топтық жұмыс

1-топ: Пайдалы және зиянды өнімдердің тізімін жасау.

2-топ:Суреттерді екі топқа жіктеу: пайдалы және зиянды тағамдар.

Пайдалы өнімдер Зиянды өнімдер

3-топ:Пайдалы ас мәзірін жасау.

4-топ:Дұрыс тамақтанудың ережелерін құру.

4-топ:Кестені толтыру.

Денсаулықтың дұрыс болу себептері

Денсаулығы дұрыс болмаудың себептері

Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша өзара бағалау жасайды.

Венн диаграммасы,

үлестірмелі парақтар, қима суреттер

бейнефильм

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі арқылы

Қызыл түс-нашар жұмыс істедім.

Сары түс –орташа жұмыс істедім.

Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім.

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кері байланыс жүргізу.

Бағалау.

Өзін-өзі «Венн диаграммасы» арқылы және оқушылардың сабақтағы тапсырмаларды, жұмыстарды орындау барысында бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу