Дұрыс тамақтану. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі

5-тарау: «Дені саудың – жаны сау»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Боранбаева А.К.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс тамақтану

Оқу мақсаттары

4.5 Денсаулық және қауіпсіздік

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

 Сабақ

 мақсаттары

Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра білу.Салауатты емдәмге қандай тағамдар жататынын түсіну.Салауатты емдәм сақтаудың себептерін түсіну.

 Бағалау критерийлері

  • Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы неде екеінің себебін түсіндіре алады.
  • Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра біледі.

 Тілдік

 мақсаттар

 

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дұрыс тамақтануды не құрайды?
  • Дұрыс тамақтану не үшін қажет? ?
  • Қалпында болу немесе қалпын сақтамау деген нені білдіреді?

Неліктен ... екендігін айта аласыздар ма?

  • …бізге не үшін керек?

[Жазбаша ескертулер:]

  • Сіздерге ұнайтын тағамның түсін, пішінін, дәмі мен исін сипаттайтын сөздер туралы ойлаңыздар.
  • Жолдан қауіпсіз өтіп бара жатқанда сенімді болған кездегі ойларыңыз бен сезімдеріңізді сипаттаңыздар.

Жолдан өткен кезде қауіпті сезінген сәттегі өзіңіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізді және келесіде қауіпсіз өту үшін не істеуіңіз керектігін сипаттаңыз.

 Құндылықтарды

 дарыту

Сыйластық, шығармашылық ,жауапкершілік құндылықтарын дарыту тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асады

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика, ғылымға кіріспе, АҚТ.

Алдыңғы меңгерілген білім

Спорттың адам денсаулығына пайдасын біледі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы өлең шумағын хормен оқыту.

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

Оқушыларды шеңбер бойына отырғызу. «Ия-жоқ» ойыны арқылы сабақты бастау.

Қызығушылықты ояту:

Қорап ішінде бір зат болады. Оқушылар сұрақтар қояды, мұғалім «ия-жоқ» жауаптарын айту арқылы ,қорап ішіндегі затты табады.Ол зат –гүл .

Ауру өсімдік Сау өсімдік

Топтарға сұрақтар беріледі.Оқушылар ақылдаса отырып, «5 саусақ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

-Гүлдің қандай пайдасы бар?

-Мына екі гүлдің қандай айырмашылығы бар?

-Жақсы өсу үшін гүлге не қажет?

-Гүлге не пайдалы?

-Гүлге не зиян?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

-Сонымен балалар сабақтың мазмұны не туралы болуы мүмкін?

Бүгінгі сабақ не жайында болмақшы?

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану

Мақсаты: Пайдалы және зиянды өнімдерді айыра білу.

-Балалар, қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?

/оқушылардың жауаптарын жазу/

Екі түрлі гүл

слайд

Сабақ ортасы

10-15 минут

15-18 минут

18-30 минут

30-33 минут

(Ұ,Қ) Оқушыларға біздің жануарлар мен өсімдіктерге ұқсайтындығымызды, біз немен тамақтанатынымыз, деніміз сау болуына не көмектесетіндігі туралы ой талқы ұйымдастырыңыз. «Дұрыс тамақтану», «Диета» сөздерінің мағынасын ашыңыздар.

-Балалар, біздің өсімдіктермен ұқсастығымыз бар ма?

-Қандай?

-Ал біздің деніміз сау болуы үшін қандай жағдайлар керек?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ж,Қ)Жұппен жұмыс.

Жұптағы оқушылардан таңғы аста жеген тағамдары туралы ой бөлісіп, талқылау жасауды өтіну.

(Т,Қ)Топтық жұмыс

1-топ:Пайдалы және зиянды өнімдердің тізімін жасау.

2-топ:Суреттерді екі топқа жіктеу: пайдалы және зиянды тағамдар.

Пайдалы өнімдер Зиянды өнімдер

3-топ:Пайдалы ас мәзірін жасау.

4-топ:Дұрыс тамақтанудың ережелерін құру.

4-топ:Кестені толтыру.

Денсаулықтың себептері

Дені сау еместіктің себептері

Топтарды бағалау критерилері:

  • Топпен бірлесе отыра орындай білу.
  • Уақытты қадағалай білу
  • Жұмысты қорғай білу.

Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. «Екі жұлдыз,бір тілек » әдісі бойынша өзара бағалау жасайды.

Тамақтану туралы бейнежазба көрсету: «Дұрыс тамақтану»

Үлгі сөздер

А3 қағаздары

Венн диаграммасы

Үлестірмелі парақтар

Қима суреттер

Кесте маркерлер

Желім

Критерийлер

Бейнежазба

Сабақтың соңы

35-40

Қорытынды.

Ас - адамның арқауы,Аспен күш артады.Тағам іш жағымды,Тазартар жаңынды.

Сұрақ-жауап бойынша сабақты қорытындылау.

  • Сабақта не маңызды болды?
  • Сабақта қандай қиындықтар кездесті?
  • Келесі сабақта не туралы білгілерің келеді?

Өз-өзін бағалау.

Стикерлерлерге өз аттарын жазып, оқушылар Венн диаграммада өз орнын анықтайды.

Стикерлер мен Венн диаграммасы

Дифференциация – деңгейлік тапсырмалар беру.

Бағалау.

Өзін-өзі «Венн диаграммасы» арқылы және оқушылардың сабақтағы тапсырмаларды, жұмыстарды орындау барысында бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Кері байланыс жүргізу.

Денсаулық сақтау технологиялары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу