Дұрыс тамақтану пирамидасы. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

8-тарау: Дені саудың – жаны сау Мерзімі: 4 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Cейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс тамақтану пирамидасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.4.1 Пайдалы және зиянды өнімдердің айырмашылығын түсіну

2.4.4.2 Салауатты емдәм сақтаудың пайдасын түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдалы екендігін біледі, салауатты тамақтана білу пирамидасымен танысады, дұрыс тамақтану туралы алған ақпараттарын дұрыс жеткізуді үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Дұрыс тамақтанудың маңыздылығын сезінеді және себебін түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пайдалы, зиянды, тағам мөлшері (рацион), тамақтану пирамидасы, жеміс – жидек , көкөніс түрлерінің атаулары.

 Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстану денсаулыққа пайдалы екенін түсіну, адам өмірінде дұрыс тамақтану маңызды екенін біледі.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар АКТ, математика, ғылымға кіріспе, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс орнайды.

 АКТ

Оқушылар дұрыс тамақтану туралы бейнебаян көреді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бізді қоршаған орта тақырыбы бойынша мәліметтер қарастырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Сыныпта жайлы ахуал орнатып, ертегі айтудан бастаған жөн.

«Ертеде Насрединге іші ауырған бір адам келеді. Насредин одан не жегенін сұрады. Ол түскі аста не ішіп жегенін айтады. Насредин оған көзге тамызатын тамшыны ішіңіз деп айтады. Ем іздеп келген адам «неліктен көзге тамызатын тамшыны ішемін, менің ішім ауырып келдім ғой? Деп сұрайды. Насрединнің жауабы осылай болған екен: келесі жолы не ішкеніңді көзіңмен көретін боласың» деген екен. Оқушылардан сабақтың тақырыбын өздеріне айтуды ұсыныңыз»

Сабақ ортасы

30 минут

 

(Ұ) Бұдан кейін оқулықтағы мәтінмен таныстыру.

) Топпен жұмыс. Сыныптағы оқушылар топпен жұмыс орындайды. Тамақтану пирамида бейнесінің қима түрі таратылады. Пирамида құрастырылғаннан кейін әр қимада қандай тағам түрлері болатындығын суретпен немесе жазумен жазу тапсырылады.

«Алты қалпақ» әдісімен жұмыс.

Ақ қалпақ – топтағы оқушылар мәтінді оқып, оның мазмұнын талдайды.

Қызыл қалпақ – барлық ақпаратты көңіл – күй өзгерісімен қабылдайды.

Сары қалпақ – тек жақсы жақтарын қарстырады.

Жасыл қалпақ – шығармашылық көзбен қарап, мәселені басқа қырынан қарастырады.

Көк қалпақ – іздену,қосымша ақпарат табу жағын қарастырады.

Азық-түлік пирамидасымен жұмыс істеу оқушылардың назарын дұрыс тамақтануға ықпал ететін факторларға аударады.

(Ұ,ОТ) Ескертпелері бар сегменттер:

  • төменгі қабат – көміртегілер (немесе нұсқа ретінде, нан, күріш, макарон, қызанақ);
  • екінші қабат, сол жақ сегмент – көкөністер;
  • екінші қабат, оң жақ сегмент – жемістер;
  • үшінші қабат, сол жақ сегмент – сүт;
  • үшінші қабат, оң жақ сегмент – ет және балық;
  • үстіңгі қабат (пирамиданың ұш арбасы) – жасанды май мен табиғи май.

Ж) Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптаса отырып, осы пирамидадағы қандай азықтар ұнайтындығын, қайсысы ұнамайтындығын, олардың қайсысын бірнеше күн бойы жегендерін, сондай-ақ олар тағамға пайдаланбайтын қандай да бір азық бар ма екендігін сұраңыз. Әрбір жұп олар нені анықтағандықтарын сыныпқа хабарлайды. Бұдан кейін оқулықты ашып, берілген суретке қарау тапсырылады.

«Сен білесің бе?» айдары бойынша тапсырма.

Бұл айдарда сүттің пайдасы туралы айтылады. Тақырыпты жан – жақты ашу үшін кластер құру тапсырылады.

Кластер – график түрінде барлық ақпараттардың жинақталып, негізгі маңызды сөзді ашуға бағытталған жиынтығы.

Қима сөздер, суреттер

http://3.bp.blogspot.com/_RgkheysTzdo/TLtykCJ1mNI/AAAAAAAAAFE/owJBMxhSipA/s1600/emaciated+foal.jpg

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Сабақ соңында ұялы телефонға досыңыздан хабарлама келгенін айтып, қалай жауап жазатынын тапсырыңыз.

Хабарлама: «Досым, денің сау болсын десең бір түрлі ған тамақ же. Егер нанды, тоқашты көп жесең тез толасың. Жеміс – жидектер жеу өте пайдалы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, тапсырма барысында шартты белгілер арқылы суық және жылы ауа райын дұрыс жаза білулері, дұрыс қорытынды жасай алулары бағалнады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды.

Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу