Ежелгі ата – бабаларымыз. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Дүниетану

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

3A бөлім: Саяхат

Тақырып:

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:3 Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі ата – бабаларымыз

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары

 Сабақ мақсаттары

1.3.2.1 Көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау.

 Тілдік мақсат

 

Томирис, сақтар, ғұндар, патша.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Өз еліне, жеріне, Отанына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Берілген тақырып бойынша өз ойларын айтады, бір- біріне сұрақ қояды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Шаттық шеңбері.

) Оқушыларды шеңберге жинап сыныпта көтеріңкі көңіл-күй ахуалын орнату мақсатында «Көзіңмен амандас» ойынын жүргізу. Шеңбер бойымен орналасқан оқушылар әуен қосылған кезде бір-бірімен көзбен ымдасып, сөйлеседі. Ыммен, көзінің қозғалысымен бір-бірінің қал-жағдайын сұрау керек. Екінші оқушы оған көзінің қозғалысымен жауап береді.

Өткен сабақтың материалын қайталау мақсатында оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын ұсыну. Жұмысты жұпта өткізу.

  • Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?
  • Ер адамдар не істеді?
  • Әйел адамдар немен шұғылданды?
  • Қандай еңбек құралдарын пайдаланды?

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: көрнекі материалдарға сүйене отырып, сақтардың өмір салтын сипаттау.

.

Сабақ ортасы

25-30 минут

, МК, Т) Оқулықтағы 1-суретті қарап шығуға тапсырма беру. Оқушылар суретте кім бейнеленген, олардың қай уақытта өмір сүргені туралы болжамдар жасайды. Сыртқы келбеттерін суреттейді. Киімдері және заттары бойынша олардың немен айналысқанын болжайды. Бұдан әрі оқулықтағы мәтінді оқып, өз болжамдарымен салыстырады. Содан соң оқушыларға сақтар туралы мәлімет беріледі.

(Ұ) Қазақтардың арғы ата-бабаларының ішінде сақтар деп аталған күшті де қайратты атты әскерлер тайпасы болған.

Сақтар – біздің танымал арғы бабаларымыз.

«Сақтар тайпалары» бейне жазбаны көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=e8pskSiTx2M

Сақтар туралы археологиялық зерттеулерден көптеген ақпараттар алынды. Сақтар туралы аңыз әңгімелер де бар.

- Алтын адамды білесіңдер ме?

- Алтын адамның тарихы туралы не білесіңдер?

(Ұ)

- Отбасыларыңда Томирис есімді қыз бар ма?

- Томирис есімді неше қызды танисың?

- Аттарын неліктен Томирис қойды деп ойлайсың?

Ежелде ұлы даламыздың Сақ тайпаларында Томирис есімді патшайым болған. Ол халық арасында Тұмар ханшайым атымен де белгілі. Өзінің ер мінезділігімен, ақылды, парасаттылығымен ерекшеленген. Ол Азияда билік құрған Кир патшасына төтеп берген. Содан бастап аты аңызға айналған.

(Ж/Ө) Сақтар туралы аңызды оқу.

Тарихи аңыз негізінде оқушылардан тақырыптық сурет салуды сұрау.

(Т) Топта Томирис туралы аңыз-әңгімелердегі деректерді талдайды.

Ғұндар – біздің танымал арғы бабаларымыз. Ғұндар Еуропаның, Азияның, Қазақстанды қоса алғандағы орасан зор аумағын жылдам жаулап алды, сол жерде олардың көпшілігі тұрақтап қалды.

«Ғұндардың қоныс аударуы» тапсырмасын орындау.

Дәптердегі жұмысты орындату.

«Бұрын болған, қазір бар және келешекте болады» тапсырмасын ұсыну.

(Қ) Оқушылардың мәтіннен қажетті ақпаратты таба білуі, Томирис бейнесін сипаттап айта білуі, мінездеме бере білуі бағаланады.

Қорытынды.

Үйге: «Ұлы дала дұбыры» сақ тайпалары- деректі фильмді көруді ұсыну.

https://www.youtube.com/watch?v=b2LPHZukJUA

Томирис, Алтын адам, сақ әскері суреттері

«Сақтар тайпалары» бейне жазба

https://www.youtube.com/watch?v=e8pskSiTx2M

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

(Ж)Жұпта талқылап, сұрақтарға жауап беруді ұсыну:

  • Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеді?
  • Олардың тіршілігі қандай болды?
  • Олар немен айналысқан?
  • Ертеде халық не үшін қоныс аударған?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттауда қиналатын оқушыларға көмек көрсету.

Оқушылардың көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттай білуі бағаланады.

Ссергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
Пікір жазу