Ежелгі ата-бабаларымыз. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстанның тарихи тамырлары | Мектеп: Павлодар қаласы,№40ЖОББМ | ||||||
Күні:16.01.17. | Мұғалімнің аты-жөні:Елтін А.Ә. | ||||||
Сынып: 1 «Ә» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ежелгі ата-бабаларымыз. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.2.1 көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау 1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: көрнекі материалдар негізінде сақсақтардың өмір салтын сипаттайды; Томирис туралы әңгіәңгімелейді Көптеген оқушылар:Сұрақтар қоя алады.
Кейбір оқушылар: Томирис патшайым туралы оның атынан әңгіәңгімелей алады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Сақтардың өмір салтын сипаттау; Томирис туралы әңгімелеу. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Өз пікірін айту; басқа адамның атынан әңгіме айту; толық жауап беру, мысал келтіру, қайталап айту. Пәнге тән лексика мен терминология: Сақтар қандай халық болған?Сақ ханшайымы кім болған? Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Көшпенді халық, бостандық.Томирис. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тарихымызды білу, қастерлеу, Әйелге деген құрмет, ержүрек,қайсарлыққа тәрбиелеу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | слайд | ||||||
Бастапқы білім | Ежелгі адамдар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал. Сабақтың ұранынан бастайық. Біз қандаймыз,қандаймыз. Шұғылалы таңдаймыз. Сабаққа біз дайынбыз. Әрқашанда әзірміз. Өткенді пысықтау.
Кубизм әдісі бойынша қайталау. Не білеміз?Алғашқы адамдар қайда пайда болды? Сипатта: Алғашқы адамдар қандай болды? Салыстыр. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды? Жаңалық.Отты қалай алды? Тұрмысы: Олар қайда тұрды? Азығы. Қандай азықпен тамақтанды? Қалыптастырушы бағалау:Дұрыс жауап бергендер жолдорба алады. Уақытты алға жылжытып, біздің ежелгі ата- бабаларымыз туралы білетін боласыңдар. Олар кімдер болған? Ребус шешу. Садақ ,айбалта,қылыш. Алдынғы әріптерден шыққан сөз. Сақ. Бүгін сабақта сақтар туралы айтатын боламыз. Слайд.Слайд бойынша Біздің ежелгі ата-бабаларымыз-Сақтар деп аталды.Олар көшпенді халық болған.Олар өмір шін қолайлы әрі мал үшін шөбі мол жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде тіпті әйелдері тайпасын қорғай білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылды болған. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда өз елін қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Елін жаудан қорғап қалады, сол заманда да әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақтар төртке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. | Текше Сұрақтар тақтаға ілінген. Ребус Садақ , айбалта,қылыш. | |||||
Сабақтың ортасы Сергіту сәті.
| Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс:1-Топ. Суретке қараңдар. Сурет бойынша Сақтар туралы әңгіме құраңдар. Тірек сөздер. Сақтар, ата-бабалар, көшпенді халық, киіз үй, түйе, қой, жылқы, баққан. 2-топ . 51-бет. «Автор орындығы» ойыны. Томирис патшайымның бейнесіндегі оқушы бас киімді киіп, патшайым туралы айтып береді. Томирис кім? Томирис туралы әңгімелеңдер. Томирис,патшасы,батыл, қайсар,әдемі,қорғады 3-топ. 51-бет Қатынас көліктері туралы әңгімеле,Қазіргі кездегі , бұрынғы кездегі көліктерді топтастыр. Сергіту сәті: шеңберге тұрғызып, «Көш қозғалды»-шеңбер ішінде қозғалады. «Көш тоқтады» - шашырайды. Дербес жұмыс.Әңгіме бойынша түсінгендеріңді суретке салыңдар.Дәптермен жұмыс.33-бет. | Оқулық,тірек сөздер Орындық, Томирис бас киімі Көлік түрлері,постер Жұмыс дәптері. қарындаштар | |||||
Сабақтың соңы | Оқушыларға шеңбер бойынша тақтадағы рефлексиялық экраннан бір сөйлем айтуды ұсынады: Бүгін мен ... білдім. Томирис ... болды. Сақтар ...,малшылар, ... болды. «Білім –инемен құдық қазғандай. «Ендеше, бүгінгі сабақты қалай түсіндік, соны осы дорбаны бояғаннан көрейік. Егер,түсіндім дегендер- жасыл түспен, түсінбедім дегендер-қызыл түспен боясын. | Жасыл, қызыл қарындаштар. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Томирис патшайым туралы оның атынан әңгімелей алады. | Өзіндік бағалау.Дорбаны бояйды. Қалыптастырушы бағалау:Дұрыс жауап бергендер жолдорба алады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?