«Денсаулық күні» іс-шараларын өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.


«Денсаулық күні» іс- шараларын өткізу

Оқу мақсаттары - «Денсаулық» деген кең ауқымды ұғымға өз көзқарасын бағалау және тиісті таңдау жасау

Сабақ мақсаттары - Денсаулық деген кең ауқымды ұғымға өз көзқарастарын білдіріп, адамның дене типтерімен танысады.

Денсаулық күніне орай іс-шара өткізуге ереже құруды үйренеді.

Бағалау критерийлері - Денсаулықтарын нығайту үшін адам дене типтеріне қарай отырып, дене жаттығуларын тізбегін құрады, салауатты өмір салтының дағдыларын жетілдіреді.

Денсаулық күніне орай іс-шараның ережесін құруды көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту - Оқушылардың дене дайындығын нығайту; спортқа қызығушылықтарын арттыру; достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Мақал-мәтелді жалғастыр!

Шынықсаң .......... ..............

мақал-мәтелді жалғастыр!

Адамның басты байлығы .............

Дана көптен шығады,

Дəрі .......... шығады.

Бірінші байлық - ........... .

Ауырып ем іздегенге,

Ауырмайтын ... .... .

Дерт көп, ......... біреу.

Арақ ішіп, темекі шеккен,

......... түбіне жетеді

Берілген тапсырма бойынша дұрыс жауап!

Эктоморф - Ectomorph

Арықтау келген дене бітім. Аяқ қодары ұзын, ұзын және тартылған бұлшықеттер, теріасты май қабатының мөлшері өте аз. Осы адамдарда дене салмағының дефициті пайда болады. Салмақ жинау бұл адамдарға қарағанда қиындау түседі. Ағзада зат алмасу өте жоғары, соның әсерінен калориялар еш физикалық жүктемесіз ақ шығындалады. Сондықтан жақсы тамақтану бұл адамдар үшін аса маңызды. Тәжірибелі жаттықтырушылар бұндай эктоморф адамдарға алдымен жоспарлаған салмағының 20% жинауды, кейіннен аптасына 3-4 рет белссенді жаттығуға көшуді кеңес етеді.

Эндоморф – Endomorph

«Жалпақ сүйек», денесі дөңгелек, бөксесі жақсы дамыған, семіруге жақын, денедегі майдың пайыздық көрсеткіші жоғары. Бұл дене типі бар адамға салмақ жинау жайлы ойланудың қажеті жоқ. Бұл адамдарға керісінше дене салмағының арттырмаудың жолын іздеп, соған қарсы шаралар қолдануы қажет. Жаттығу кезінде кардио жаттығулар көп берілуі керек.

Мезоморф – Mesomorph

Айқын және көрінерлік бұлшықетті тип. Сымбатты, массивті бұлшықеттер, иығы жамбасынан кең. Бұл адамдар дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданса дене салмағын жеңіл жинайды.

Спорттық іс-шара ережесі қалай құрылады?

Ереже дегеніміз не ?

Спорттық іс-шара ереже не үшін қажет?

Спорттық іс-шара ережесі қалай құрылады?

Ереже дегеніміз не ?

Спорттық іс-шараларға ереже не үшін қажет?қушыларға сұрақ? )

Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі

Жарыс ережелерінде мынадай бөлімдер болады:

жалпы ережелер;

спорттық жарыстың сыныптамасы;

қатысушылардың жас тобы;

қатысушылардың спорттық киіміне қойылатын талаптар;

спорт ғимараты мен жабдықтарына қойылатын талаптар;

қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

төрешілер алқасының құрамы;

жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібі;

жарыстан шеттету, наразылық, шағымдар;

қатысуға өтінімнің нысаны;

медициналық қамтамасыз ету;

спорт түрінің ерекшелігін ескеретін өзге де шарттар.

Жарыс ережелері зорлық пен қатыгездікті насихаттауға жол бермейтін спортшылардың мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.

Жарыс ережелерін әзірлеу үшін спорт ұйымдары уәкілетті органның сарапшыларын, оқу орындарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми орталықтардың, спорттық жұмыста тәжірибесі бар спорт мекемелерінің өкілдері мен мамандарын қатыстырады.

Спорт түрлерінен федерациялар өздері әзірлеген және бекіткен жарыс ережелерін бекіту үшін электронды тасымалдағышта және қағаз түріндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган жарыс ережелерін келіп түскен күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді.

Жарыстар уәкілетті орган таныған және Тізілімге енгізілген спорт түрлерінен өткізіледі.

Спорттық іс-шараның ережесі

Іс – шараның қай спорт түрінен өтілетін белгілеу

Қай жас ерекшеліктері немесе сынып аралығында өткізілетіндігін белгілеу

Іс-шараға қатыса алатын ортаны көрсету (мектеп ішілік, бірнеше мектептер арасы, қалалық)

Өтілетін уақыты

Өткізілетін орны

Іс-шараға қойылатын талаптар

Жауапты жаттықтыру және басшылығының



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу