Төрелікті ұйымдастыру және жарыс өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.


5-бөлімі: Шаңғы / кросстық / коньки дайындығы.

Сабақ тақырыбы:

Төрелікті ұйымдастыру және жарыс өткізу.

Оқу мақсаты:

11.3.3.3. Жеке жаттығу бағдарламасын жобалап енгізу үшін энергетикалық жүйелерді және жаттығудың қарқындылығын қарастыру.

Бағалау критерийі:

- Жеке жаттығу және энергетикалық жүйелеріне арналған жаттығулардан мысалдар келтіреді.

Шаңғы жарысы — белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бер спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты.

Тау шаңғы спорты

Фристайл

Биатлон

Шаңғы спортының түрлері

Сноубординг

Шаңғы жарысы

Трамплиннен секіру

Шаңғымен трамплиннен секірушаңғымен тұғырдан секір.

(ағылшын ski jumping) - арнайы жабдықталған трамплиннен (тұғыр) шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Өз алдына жеке дара спорт түрі ретінде саналады, сонымен қатар шаңғы қоссайысы бағдарламасына кіреді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (ағылшын FIS) қарамағында. International Ski Federationфр. Fédération Internationale de Ski

Олимпиада ойындарының құрамында 1924 жылдан бері ұйымдастырылса, алғашқы әлем чемпионаты 1937 жылы өткен.

Ережелері: Секіруге арналған 20 және 50 метрлік кіші, орташа 70-90 метрлік үлкен трамплиндер бар. Тұғырдан секіруге 5 төреші қазылық жасайды. Олар секірушілердің нәтижелерін 20 баллмен есептелінетін секірудің әдісіне, арнайы кестемен балл берілетін секірудің қашықтығына қарай есептейді. Жарыс үстінде әр спортшы үш реттен секіріп, оның екеуінің нәтижесі есепке кіреді.

Тау Шаңғы Спорты – шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.

Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықта. 500 – 700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слалом шылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м, ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.

Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 – 1000 м, ұзындығы 2000 – 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 – 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А. Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жарыс өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді.

Биатлон (лат. би... және грек. Thlon — сайысу) — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді (1998). Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды.

Фристайл, соңғы жылдары көптеген елдерде кең тараған қысқы Олимпиядалық ойындарының бірі, Азия ойындарының бағдарламасына енген қысқы спорт түрлерінің бірі. Қарлы беткейінен құлдилап түсу кезінде әртүрлі бағдарламаларды орындайтын Фристайл:

1) балет,

2) акробатикалық секірістер,

3) могул болып үшке бөлінеді.

Балет: түрлі айналыстар мен секірістерден, жүру, акробатикалық, хореографиялық бөліктерден құралатын, спортшының өзі қалап алған музыканың сүйемелдеуімен орындалатын бұл эстетикалық мәні зор көріністердің бірі. Балет орындалатын беткей қарлы, кедір-бұдырсыз, тегіс болуға тиісті. Музыка сөредегі төреші рұқсат бергеннен кейін басталады. Есептелген балдық 50%-ы композиция мен мәнер үшін есептеледі. Балет жаттығулары орындалатын аумақтың ені құлдилау беткейінің енінен аз болады.

Талқылау сұрақтары:

Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы кезіндегі қандай қауіпсіздік техникасын білесіз?

Нәтижеге жету үшін қандай қабілеттер керек? Шаңғы дайындығына ойында қалай негіздеуге болады?

Осы жаттығу барысында қандай физикалық қабілеттер дамиды? Бағдарламалық материалды меңгерту мақсатында қандай жаңа тактика мен стратегия қолданасыз?

Сіздің қозғалыс қабілетіңізді жақсартуға не көмектеседі?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу