Төрелікті ұйымдастыру және жарыс өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Дене шынықтыру пәні

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Шаңғы / кросстық / коньки дайындығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Төрелікті ұйымдастыру және жарыс өткізу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.1.1. «Денсаулық» деген кең ауқымды ұғымға өз көзқарасын бағалау және тиісті таңдау жасау.

Сабақ мақсаттары

Білім алушылармен шаңғымен жаттығуларды орындай, «Денсаулық» деген ұғымды түсіну.

Бағалау критерийлері

  • әр - түрлі жаттығуларды ұйымдастыру арқылы «Денсаулық» деген ұғымды бағалау;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология

  • ширату, оңалту техникасы
  • сырғанақ адыммен көтерілу, биік бағанадағы таудан түсу;
  • «жарты соқа» жағдайынан айналу;
  • Доға бойынша сырғанау;
  • Жасанды және табиғи кедергілер:

Құндылықтарды дарыту

- жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті;

- өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі;

- сайыстық, жеке немесе байланыс болсын дене жаттығуларын

орындау кезінде әлеуметтік мінез-құлықты нығайту

арқылы / көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және / немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыстар

Қазақ – тілі, Анатомия, Биология.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-ны қолданудың басты мақсаты: дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы);

- фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

-АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Шаңғы бойынша ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8

https://www.youtube.com/watch?v=v_uA7e3Rbx0&nohtml5=False

Бастапқы білім

Бөлімде оқушылардың физикалық дамуы мен қимыл қозғалыстық дайындығы, денсаулық жағдайы ескеріле отырып, жалпы жұмысқа қабілеттілігі мен шыдамдылығы деңгейін арттыру, физикалық қасиеттерін дамыту бойынша білімі мен мүмкіндіктерін жаңартуды жалғастырады. Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы сабақтарында мұғалім тек қана материалды даярлап қана қоймайды, сонымен бірге оқушылардың бос уақытында шаңғы мен коньки тебу қабілеттерін жаттықтырады. Оқушыларға арнайы қозғалыс қабілеттерін дамыту ұсынылады, олар сонымен бірге өздерінің техникалық, тактикалық және коммуникативтік қабілеттерін жаңартады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Дайындық бөлімі: 10-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ жоспарын түсіндіру - Оқушылардың зейінін шоғырландыру, оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен ОМ анықтау. Оқушылардың зейінін сабақ соңында күтілетін нәтижелерге аудару.

Техника қауіпсіздік жайында айту.

Сабақтың ортасы

Шаңғы дайындығы. Қозғалыс техникасының элементтерін пайдаланып, жүрістерді байланыстырыңыз. Дене қасиетін дамыту мен қалпына келу жаттығуларын орындаңыз.

Оқушылар тапсырма берілген уақытты ескермей, тегіс жер бойынша 1000 м дейінгі қашықтықты жүріп өтеді: қашықтықты кесінділерге бөлу қажет. Қашықтықтың бірінші бөлігін бірдей қарқынмен жүгіру, екіншісін – орташа қарқынмен және мәреге жету – үдеумен болуы керек. Бірінші екінші, үшінші, келген оқушыларды ерекше атап, қалған оқушылардың келген реттілігін айту.

Эстафеталар.

Эстафеталарда төрт спортшыдан тұратын командалар жарысады (сирек — үштен). Төрт этаптан тұрады (сирек — үштен). Эстафеталар бір стильмен өтуі мүмкін (барлық қатысушылар классикалық немесе тек қана еркін стильмен жүгіреді) немесе екі стильмен де (1 мен 2 этапты классикалық, ал 3 мен 4 этапты — еркін стильмен) өтуі мүмкін . Эстафета масс-стартпен басталады, жақсы орындарда жеребе бойынша немесе алдыңғы баламалы жарыстарда жоғары орын алған командалар жайғасады. Эстафетаны беру стартта тұрған өз командасының қатысушысын алақанымен кез келген дене мүшесіне тигізуімен жүргізіледі, екі қатысушы да бұл кезде эстафета беру аймағында болулары тиіс. Команда уақыты деп «команда соңғы қатысушысының фиништік уақыты» минус «алғашқы қатысушының старттық уақыты» (әдетте ол нөлге тең).

Жеке спринт.

Жеке спринт жарысы жеке старт формантында өтетін іріктеуден (пролог) басталады. Одан кейін іріктелген спортшылар финалдық спринтта, әр форматтағы масс-старт жарысына түседі, масс-старт төрт (өзгеріп тұрады) адамнан тұрады. Финалдық жарыстарға іріктелетін спортшылар саны 30дан аспайды. Алдымен ширек финал, сосын жартылай финал, ақыры финал А өтеді. Қорытынды нәтижелер былай құралады: А финалы нәтижесі, жартылай финал қатысушылары, ширек финалшылар, ақыры іріктеуден өтпегендер.

Командалық спринт.

Командалық спринт екі адамнан тұратын командалық эстафета түрінде өтеді. Әр қатысушы трассада 3-6 айналым жасап бір бірімен алмасады. Қатысушы командалар көп болса екі жартылай финал ұйымдастырылады, олардан бірдей команда саны финалға шығады. Командалық спринт масс-старттан басталады. Қорытынды нәтиже эстафета ережесімен есептеледі.

Шаңғы бойынша ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8

https://www.youtube.com/watch?v=v_uA7e3Rbx0&nohtml5=False

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізледі:

Сұрақтар қою: Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы кезіндегі қандай қауіпсіздік техникасын білесіз?

Талқылау сұрақтар:

  • Белгілі бір әрекеттер үшін қандай ширату қимылдарын жасау керек?
  • Шыдамдылықты арттыруға қандай жаттығулар кешенін білесіз?
  • Шыдамдылықты арттыруға арналған жаттығуларды орындауда қандай қиындықтар болды және тапсырма орындауда оларды қалай жоюға болады?

Неге кейбір жаттығулар басқаларына қарағанда көбірек физикалық белсенділікті талап етеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднер дің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен тапсырмалардың мағынасын ашу.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Қозғалыс әрекеттерін белсендіру. Шаңғымен орындалатын тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттарын оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу