Топты талдау жасау мен қатысу және құру процесі. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал. 11 сабақ.


 Дидактикалық материал 11

 

 Гимнастикалық бөрене – тепе-теңдік қалпын сақтайтын жаттығуларды орындауға арналған спорттық гимнастикасының негізгі құралдарының бірі.

 Оқушыларды бір қатарға тұрғызып гимнастикалық бөренедегі жаттығуларды көрсету. Бөренеге секіріп міну. Қалаған жерден қолдың немесе басқа да дене көмегімен орындау керек. Бөрене үстіндегі қозғалыс. Жүру, аяқ ұшында жүру, аяқты сермеп немесе көтеріп адымдау, жартылай отырып және бос аяқты жоғары көтеру және қайта адымдау және бос аяқты алдыға немесе артқа көтеру.

 Бөрене үстінде тең салмақты сақтау. Аяқ ұшында тұру, бір аяқ ұшында тұрып, екіншісін алдыға созу тағыда аяқ артқан қапталға созылады.

 Бөрене үстінде бұрылу. Аяқ ұшында тұрып, жартылай отырып немесе отырып және басқа жағдайларды орындауға болады. Аяқ ұшында бұрылған балтыр және жамбас бұлшық еттері жинақталады. Аяқ түзу және қарынды тарту керек.

 Бөренеден секіріп түсу. Отырып, еңкейіп, тізеге тіреліп орындауға болады.

 

 

 

 

 Қоссырықта орындалатын жаттығулар техникасы.

 Гимнастикалық қоссырық - асылып тұрып, тіреліп ұстап ерлер және әйелдер гимнастикасында жаттығулар жасауға арналған негізгі жабдық.

 Ұлдарға арналған жаттығулар: сырықта таянып тұрып алға және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп - жазу, аяқты алға сермеп көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты ашып отыру, қолдың қарымен таяну, алға аунап, аяқты ашып отыру; аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте секіріп түсу.

 

 

 Қыздарға арналған жаттығулар. Әр-түрлі биіктіктегі қоссырықта асылып тұрып, бір аяқты сілтеп барып қылтаны сырықта асылу. Осыдан кейін екінші аяқты сермеу арқылы екпіндей көтеріліп, сырықтың үстіне екі қолды тірей ұстап тұра қалу. Сырықта асылған аяқты шығарып, екінші аяқтың жанына әкелу. Аяқты сермей сырықтан қарғып түсу. Қауіпсіздікті сақтау үшін және көмек беру мақсатында жанында тұрған оқушы жаттығушының білегінен, қолтығынаң немесе екінші қолымен бүгілген аяғынан ұстап жәрдем береді.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу