Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 67 сабақ.
Сабақ жоспары № 67
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу | |||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; - баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады; - қозғалыс үйлесімділігін дамыту арқылы қимыл-қозғалысты сапалы орындай алады. | |||||
Бағалау критериі | - қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі қауіп қатерлердің алдын алады. - қозғалыс үйлесімділігін дамыту арқылы қимыл-қозғалысты сапалы орындай алады - баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Айып добын лақтыру аумағында тұрған ойыншы қандай рөл атқарады? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсету, ынтымақтастықта жұмыс жасау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA Допты алып жүру дриблинг жасау | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу Сабақтың мақсатын тақырыбын түсіндіру Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу. 2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру. 3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау. Күтілетін нәтижелер: - қауіпсіздік ережесін біледі. - оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады. - баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады. -ойын кезінде қауіп қатерлерді анықтайды. Қозғалыс әрекетін дамыту жаттығуларын топпен орындайды. «Ай мен күн ойыны». Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (С, Т, ҚБ) «Доп үшін күрес» Оқушылар екі командаға бөлінеді. Капитан таңдалады. Мұғалім алаң ортасында допты лақтырады, ал капитандар оны өз командаларына ұруға тырысады. Допты иеленген команда ойыншылары допты бір-біріне береді, ал қарама-қарсы команда ойыншылары оны ұстап алуға тырысады. 5 беріліс (пас) берген команда ұпай алады. Көп ұпай жинаған команда жеңеді. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -допты қарсыласына жеткізіп лақтырады. -ойында допты алып жүріп 5 беріліс (пас) жасайды. Оқушыларды екі жұлдыз бір тілек әдісі бойынша бағалайды. (Ж, ЖЖ, ҚБ) Оқушылар топта баскетбол ойыны кезіндегі стратегиялар мен тактикалық әрекеттер бойынша талқылайды. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -ойын тактикасын құра алады. -ойында стратегияны қолдана алады. -ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді. -баскетбол ойын балама түрін құрастыра алады. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Сұраңыз: Ойында жеңіске жету үшін қандай тактикалық әрекеттер көмектесті.? Ойындағы сіздің атқарған рольіңіз сізге үнады ма және қандай қиындық туындады? Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Баскетбол добы Үлкен бос кеңістік Баскетбол допты лақтыру https://www.youtube.com/watch?v=ou36BP4o-F8 Сілтеме баскетбол. Допты алып жүру https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру