Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 66 сабақ.
Сабақ жоспары № 66
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | -қауіпсіздік ережесін біледі; - баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді; -баскетбол ойыны кезіндегі рольдерді салыстыра алады; | |||||
Бағалау критериі | - баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді алады. - ойын кезінде рольдерді салыстыра алады; - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсетеді біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Айып добын лақтыру аумағында тұрған ойыншы қандай рөл атқарады? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы үздіксіз білім алу Ынтымақтастық Академиялық шындық | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды. Күтілетін нәтижелер: - қауіпсіздік ережесін біледі. -оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады. - баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады. -командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Миға шабуыл» стратегиясы. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Ж, ЖЖ, ҚБ) "Допты ұстап үлгерейік". Ойыншылар бір-біріне баскетбол добын ұстап, төрт-бес қадам қашықтықта тұр. Дабыл бойынша екі допты келісілген биіктікке жоғары лақтырады және әріптестің құлайтын добын ұстап үлгеру үшін орындармен тез өзгереді. (Ж, ЖЖ, ҚБ) Оқушылар топта баскетбол ойыны кезіндегі тактикалық әрекеттер бойынша талқылайды. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -допты қағып алады. -ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді. -ойын кезінде жылдам қимыл жасайды. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Сұраңыз: Допты бір қолмен ұстау қиын болды ма? Өз күшіңізді басқалардың күшімен салыстырып көріңіз. Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Үлкен бос кеңістік https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw
Допты алып жүру https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. «Табыс сатысы» Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру