Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 68 сабақ.


Сабақ жоспары № 68

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

 Сабақ мақсаттары

- қимыл-қозғалысты сапалы орындай алады.

- баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады;

 Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- қимыл-қозғалысты сапалы орындау арқылы қозғалыс үйлесімділігін дамыта алады

- баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік, адал ойын
  • Ереже, жарыс, серіктестік
  • Рөлдер, көшбасшы, шабуылшы, қорғаушы
  • Қозғалыс дағдылары, физикалық қасиеттер
  • Серіктестік, проблемаларды шешу
  • Бақылау, бағалау, кері байланыс, талқылау
  • Тактика, техника, стратегия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтаы

Ойын кезінде қандай тактикалық әрекеттерді сәтті орындадыңыз?

Берліген рольді сәтті орындадым деп ойлайсыз ба?

Құндылықтарды дарыту

Топта жұпта ойын кезінде әділ ойын көрсету. Қарсыласына құрмет көрсету және ынтымақтастықта жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Допты алып жүру дриблинг жасау

https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

«БАҚЫЛАУ» ойыны

Барлық ойнаушылар шеңберге тұрады. Әрбір қатысушы бір-екі адамның ортасында тұрған кез келген адамды таңдайды, бұл туралы ешкімге айтпайды. Жүргізуші әрбір белгіленген адамға жақындап алдын ала ойлап тапқан фигураны, жұптасқан кез келген адамға 15 қадам (көп емес және кем емес) жасауы тиіс екендігін түсіндіреді. Жүргізуші дауыстап 15-ке дейін санайды, әр шотқа бір қадам жасалады. Ойын ұжымда бар эмоционалдық көшбасшыларды, топтарды бөліп, ұйымшылдықтың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ойынды өткізгеннен кейін бірден талқылау қажет.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(Т.ҚБ) Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Берілген тактикалық әрекетті орындаңыз. 1-ойыншы допты 3-ойыншы беріп, 2-ойыншы орнына қозғалады. 2 ойыншы 3 ойыншыдан доп алады және оны 1 ойыншының орнына апарады. Орталық ойыншы берілгеннен кейін 3 басқа ойыншылармен өзара әрекет ететін айып лақтыру аймағының басқа жағына жылжытылады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойында тактикалық әрекетті орындайды.

-ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді.

(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар үш командаға бөлінеді: олардың екеуі қорғауда, үшіншісі – алаңның ортасына шабуылда. Дабыл бойынша шабуылшылар бір қалқан шабуыл жасайды. Егер оларға допты себетке лақтырып тастаса, команда басқа қалқанға шабуыл жасауға құқылы. Егер допты қорғау ойыншылары ұстап қалса, үшінші команда қорғауға көшеді, ал допты иеленген команда қарсы қалқанға шабуыл жасайды.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-шабуыл әрекетін орындай алады.

-қорғаныс әрекетін орындай алады..

-ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді.

-ойын кезінде ережеге сай әрекет жасайды.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз:

Шабуыл кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Ойында жеңіске жету жолдарын атап айтыңыз?

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Үлкен бос кеңістік баскетбол добы, мұғалімге арналған ысқырық.

Баскетбол допты лақтыру https://www.youtube.com/watch?v=ou36BP4o-F8

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу