Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 16 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №16
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты :
8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;
8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу
Бағалау критерилері :
-Қозғалмалы ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыра алады;
-Қозғалмалы ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Жаттығулар алдында қауіпсіздік ережесін еске салыңыз.
ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)
«Бағдаршам» ойыны
Жасыл, сары, қызыл түсті қағаздар пайдалынылады. Балалар пойыз сияқты бірінің соңынан бірі тұрып жүреді. Оқушылар зейін аударулары керек, мұғалім қай қағазды көрсетеді сол кезде тапсырманы орындау керек. Жасыл түсті көтергенде – қорсылдау керек, бірақ жүру жалғаса береді. Сары түсте – тоқтайды, сол орнында қатып қалады. Қызыл түсті көргенде – орындарындажерді тебіну керек.
Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Әдістемелік нұсқаулар:Ойын қызықты өту үшін мұғалім алдын ала дайындық жүргізеді.Балалар дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар қимыл – қозғалыс әрекеттерімен бірге ақыл – ойларын жетілдіруге жақсы мүмкіндік алады. Олардың тіл байлығы артып, қоршаған дүние туралы түсініктері жетіле түседі. Күш – қайраты дамып, қимылы сапаланып, жақсарады.
Оқушыларды топқа бөліп «Ақ сандық, көк сандық» ойынын ұйымдастырыңыз.
Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету.
Ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады. Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды: «Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді.
Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады. Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді.
Ойынның ережесі:
1.Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады.
2.Араға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс.
3.Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек.
4.Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады.
Ойыннан соң сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
Қосымша төмендегі ойындар ұсынсаңыз болады.
«Біреуі артық» ойыны
Оқушылар бір бірінің артына тұрып шеңбер жасап тұрады. Екі оқушы бір бірін қуып жүріп екі оқушының артына тұрады, алдында тұрған оқушы қашады, осылай кезектесіп алмасып тұрады.
«Допты тез бер» ойыны
Оқушылар шеңбермен тұрып музыкамен бір біріне допты береді, мұғалім музыканы тоқтатқан кезде доп қай ойыншыда болады сол ойыннан шығады.
Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
Сабақ соңында оқушылардан жетістік сатысы карточкасын толтыруды ұсыныңыз.
Жетістік сатысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру