Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 12 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 12

Сабақ тақырыбы: Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары

Оқу мақсаты:

8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Оқушыларды сапқа тұрып алдымен сәлемдесіп содан соң оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды.

Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды

жалпы дамыту жаттығуларын орындатыңыз. (жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар)

«Дауыс арқылы біл» ойынын ойнатыңыз. Ойынның мазмұны төмендегідей.

Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады. Бір ойыншы шеңбердің ортасына тұрады және көзін жабады (көзді ормалмен не мойын орағышпен байлауға болады).

Бейнелеу Барлық ойнаушылар шеңбер бойымен жүреді, ортасында көзі жабылған ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.

Ойыншылар басқарушының артынан шеңбер бойымен жүреді, оның қозғалыстарын қайталап, содан кейін тоқтайды және былай деп айтады: «Біз аздап ойнадық, ал қазір біз шеңберге тұрдық, сен жұмбақты тап, кім сені шақырды, біл!» Басқарушы бір ойнаушыларды үнсіз көрсетеді, ол айқайлайды: «біл, мен кім!».

Ойынды бастап жүргізген ойыншы оны дауысы арқылы білуі қажет. Егер ол таңыса, таңылған ойыншы ойынды жүргізуші болады, егер қателесе, онда ойын қайта басынан басталады.

Ереже. 1. «Біл, мен кім!» деген сөзді тек басқарушы көрсеткен бір ойыншы ғана айтады.

2. Ойынды бастап жүргізген ойыншы айтып жатқан ойыншы айтып болғанша көзін ашуға құқығы жоқ.

Оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

оқушылардың белсенді қимылдау принциптерін таныстырып, жұптарыңызбен олардың қимылдарын бір жүйеге динамика мен кеңістікте көрсету үшін жинаңыздар. Олар бір-біріне қарап немесе айнаға қарап жаттығу жасау арқылы тәжирибе жасайды: (і) жылдамдық пен тез тоқтау сияқты соншалықты жылдам; (IЖ) түзу жолды пайдаланып тез жұмыс; қисықпен баяу жүгіріп, кедергімен тез жүгіру (кей жерлерде аялдамалар жасау; (IIЖ) басқа тәсілдерменс(мысалы, қалдырып секіру, дөңгелетеп, секіріп) немесе осыларды тез немесе жылдам орындау.

(ЖЖ,ТӘЖ, ҚБ) Кезкелген гимнастикалық жаттығу арқылы деңгейді (жоғары, төмен, орташа) зерттейді. Олар жылдамдықты тездетіп немесе баяулатып, қайта өзгертулер енгізіп зерттейді. Олар бір-бірімен орнаған қарым-қатынасты талқылайды

Дескриптор :

- топта белгілі әрекеттер жүйелілігін құрастырады.

- топтық жаттығулар әрекеттерінде белсенді қимылдау жаттығуларын көрсетеді.

- топта көшбасшылық қабілеттерді анықтайды.

- бір-бірімен орнаған қарым-қатынасты талқылайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Сұраңыз:

Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Біз өз бойымызда тапсырмалар мен мәселелерді шешуге қабілетті дамытуымыз керек? Өз топтарыңызда қандай қиындыққа тап болдыңыз? Гимнастикалық жүйелілікті қалай құрастырдыңыз ?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу