Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 11 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 11

Сабақ тақырыбы: Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары

Оқу мақсаттары :

8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды.

Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды

«Тиым салынған қозғалыс» стратегиясын өткізіңіз.

Ойын мазмұны:

Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады.

Бейнелеу Оқытушы ойнаушылармен бірге шеңберге тұрады және оларға барлық қозғалысты орындауды ұсынады, бірақ олар алдын ала анықталған «тиым салынған» қозғалысты орындамауы қажет. Кім жаңылады және «тиым салынған» қозғалысты орындайды, ол айып пұл ұпай алады.

Содан соң ойын қайта жүре береді.

Ойын аяқталысымен қателік істемегендер мен ең ықыласты емес қатысушылар белгіленеді.

Ереже: 1. Ойнаушылар «тиым салынған» қозғалыстан басқасының барлығын орындауы міндетті.

2. Айып пұл ұпай алғандар ойынды жалғастырады.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Бірінші тапсырма бойынша жаттығулар орындау.

Оқушыларды төрттік топтарда музыка сүйемелдеуімен белгілі әрекеттер жүйелігін құрастырыңыздар. Онда белсенді қимылдау, ұшу, тепе-теңдікті сақтау және айналу элементтері болып, еденде де жабдықта да орындалуына болады. Жүйеліліктің басы мен аяғы болуы тиіс. Сонымен қатар кеңістік, динамика, қарым-қатынас өзгерісі болуы тиіс.

Екінші тапсырма бойынша жаттығулар орындау.

Бір топ екінші топты бақылап, сыңдарлы нұсқаулар айтады. Топтар өз қабілеттері мен дағдыларын дамыта отырып, қайтадан жұмыс істейді: өткір, нақты дене қалыбы (әсіресе аунау мен ұшуда), бақылау астындағы әрекеттер (дене кернеуі), фокус, энергя және уақыт.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Сұрақ қойыңыз:

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Сұраңыз: композицияларды дамытуда кездескен қиындықтар қандай?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу