Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация.
Төменгі сөре.
«Сөреге!» – деген бұйрық берілгеннен кейін,жүгіруші еңкейіп алақанды жерге тірейді,алдыңғы табанын алға қояды.Жү-релеп отырып,екінші аяғының табанын артқа қояды да,артқа қойылған аяғының тізесін жерге тірейді.Қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды,саусақтарын иықтың кеңдігіндей етіп жерге тірейді,дене бос ұсталуы керек.
Дайындал!
«Дайындал!» – бұйрығы бойынша артқы тізені жерден көтеріп,денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңгіреп,жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі.
Дененің ауырлық күші алдыңғы аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі.
Жүгір!
«Жүгір!» – бұйрығы берілгеннен кейін,тірегіштен қатты серпенмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуы-на,оған қарама-қарсы қолдың алға шыгуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп,артқа беріледі.
Төменгі сөренің негізгі нұсқаулары
1. Сөрелік аяқ тірегіштерді өз беттерінше орналастыру. 2. “Сөреге” деген бұйрықты орындау. 3. “Сөреге” “Дайындал” бұйрықтарын орындау. 4. Бұйрықтарды өз бетімен орындаулар. 5. “Сөреге”, “Дайындал” және сөреден жүгіріп шығулар. 6. Белгі бойынша жүгіруді бастау әртүрлі уақыт арасында жүретін “Дайындал” бұйрығынан кейін орындалатын жағдай. 7. Белгі бойынша төменгі сөреден жүгіру. 8. Сөреден дұрыс жүгіріп шығуын қадағалау. 9. Фальстарттарды жібермеу. 10. 30 метр қашықтыққа уақыт есептеп жүгірту.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру