Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре, сөрелік екпін. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жеңіл атлетика

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре, сөрелік екпін.

Оқу мақсаттары

7.1.5.1.Жарақат алу себептері және олардың болдырмау әдістерін түсіну.

7.1.1.1. Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Белгілі мақсатты атлетикалық жаттығуды орындауда бірлескен жұмыс жүргізулері керек.

 Жетістік критерийлері

Түрлі жаттығу қарқыны, оның әсері және энергия жүйесімен байланысы хабардарлығын дамыту және тәжірибелеу

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары жайлы өз білімдерін салыстыра және көрсете алады

Кілт сөздер мен тіркестер.

қауіпсіздік, тәуекел

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып.

Оң нәтижеге қол жеткізу үшін жүгірістеріңді бәсеңдете немесе жылдамдата аласыңдар ма?

 Құндылықтарды дарыту

  • Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.
  • Орындалған істестік тапсырма НЗМ құныдылқтарын қолдайды.

 Пәнаралық байланыстар

Математикамен байланыс: бағыт, кеңістік, уақыт, баға.

 АКТ қолдану дағдылары

Фото және видео пайдалану

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау кезінде жеке қозғалыс техникаларын жақсартумен жұмыс істейді. Секіру, лақтыру техникаларын жақсартады, әсіресе жүгіру техникасын мұқият зерттейді. Оқушылар шағын топтарда бірлесе жұмыс істеп, дайындық жаттығуларын ойлап шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Б) Жеңіл атлетика бөлімі бойынша төменгі сөреден тұру техникасын үйрету.

(К, ЖЖ) Оқушылар жұптарда мұғалім ұсынған төменгі сөрені жетілдіру үшін пысықтау жаттығуларын орындайды:

1. 6-8 рет алғашқы екпінді жүгірісті қайталайды;

2. жартылай отырып немесе екі қолын алға созып отырып, кейіннен доптың артынан сөрелік үдеумен бірге толтырылған допты лақтыру – 15-20 м 4-6 рет;

3. сөреден жүгіру, серіктесі бетпе-бет тұрып, басқа ойыншының иығына қолымен біреледі. Кедергімен жүгіру 6-8 рет 10 м;

4. Кейіннен сөреден жүгірумен бірге 5, 10, 15 сек. бойы «Назар аудар!» қалыбын ұстап тұру.

(Б, Ж, К, Ф) «Сөреге!», «Назар аудар!», «Жүгір!» сөресінен оқушылардың шығу аралығын өзгертіп, төменгі сөреден жүгіру. Оқушылар 4 адамнан кезекпен жүгіреді.

(Т, Э, Ф) «Күн мен түн» ойыны.

Оқушылар Күн және Түн болып екі командаға бөлінеді. Ара қаштығы 4 метр болатындай қашықтықта бір-біріне қарсы төменгі стартта отырады.

Мұғалім кенеттен: «Күн» немемсе «Түн» дейді. Аталған команда қаша жөнеледі, қарсыластары оларды қуады. Қашқан команда алдын ала белгіленген мәреден өтулері керек. Ойыншылар ойын басталатын жерге жиналады, көмекшілер ұсталған ойыншыларды санайды да, ойын алма-кезек жалғаса береді. Қарсыласын көп ұстаған команда жеңімпаз атанады.

(Б, ф) Оқушылар отырындар. Бұл жүрек соғысы жиілігімізді баяулатып, ойымыз бен денемізді тыныштандыруға мүмкіндік береді. Әдемі отырған кезінде оқушыларды иығынан түртіп, оларға ақырын аяқтарының ұшымен есік жанына барып тізіліп, шығып, сыныпқа қайтуға дайындаңыз.

Үлкен бос таза кеңістік. Мұғалімге секундомер . мен ысқырғыш, түрлі түсті белгілер мен конуста

Бос кең кеңістік. Әр оқушыға және мұғалімге секіргіш

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Шараны ашу және жабуда дифферинцация.
  • Қабілеттілігі жоғарырақ оқушылардан топта қиын болған жұмысты сұраңыз
  • бақылау, тыңдау, сқрақтар.
  • оқушылар әрекет барысында қажетті қауіпсіздік үшін ойынды тоқтатты ма?
  • Оқушылар ыгнталандыру деген не және оны барлық топта қолдану туралы білді ме?

Ғылыммен байланысы – жене мен денсаулық, жаттығу белсенділігі, жүрек/демалу жиілігі, дене қызуы, терлеу, қорғаныс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу